№4 тақырып: Ауылшаруашылық малдарының Ауески ауруы.
Пән:
Эпизоотология
№4
тақырып:
Ауылшаруашылық
малдарының Ауески ауруы.
Мақсаты:
Диагностикалық әдістерін және симптомдарын,эпизоотологиясын,этилогиясын
оқу.
Жоспар:
1. Ауески
ауруы.анықтамасы..Ауру
кезіндегі індеттік ерекшіліктері.
2.Клиникалық белгілері,патологоанатомиялық өзгерістері,
Иммунитет.
3.Алдын ала сақтау шаралары және күресу
шаралары.Емі.
1.Ауески
ауруы.(Моrbus Aujeszky)-жіті
өтетін,өкпе қабынған,орталық жүйке жүйесі зақымданған ,шошқа,күзен және
бұлғыннан басқа жануарларда денесі қышынған белгілермен ерекшеленетін жұқпалы
ауру.
Этиология.Қоздырушысы-
ДНҚ бар герпес вирустар тұқымдастығына жататын ,торшаның ядросында көбейетін
вирус.Жетілген вириондары 180-190нм,липопротеидті қабығы бар.Қолдан жұқтыруға үй
қояны өте сезімтал.
Төзімділігі.Оншама
ерекшелігі байқалмайды,50-60С кезінде 30-45 минутта,тура түскен күн сәулесінен
12-48 сағатта,ультракүлгін сәуледен 1 минутта зарарсызданады.Жемшөп пен
көнде,топырақта және басқа заттарда қысқа 21-60 күн,көктемде 35күн,жазда 20күнге
дейін сақталады.Шіріген өлекседе 10-28 күн, ал кемірушілердің кепкен өлексесінде
8 ден 175 күнге дейін сақталады.Көнді биотермиялық зарарсыздандырғанда 8-15 күн
ішінде күшін жояды.Күйдіргіш натрийдің 3% ыстық ертіндісі,1%
формальдегид,жаңадан сөндірілген 20% әк вирусты 5-20 мин ішінде өлтіреді, ал
креолин мен карбон қышқылының әсері төмен.
Індеттік
ерекшеліктері.Табиғи
жағдайда ауруға ең жиі шалдығатындар:шошқа, ит, мысық және синантропты
кемірушілер.Сирек ауыратын жануарлар ірі қара мен терісі бағалы аңдар. Жұмыр
тұяқтылар мен приматтар төзімді келеді де, табиғи жағдайда сирек ауырады.Кей
жағдайда адам да ауырады. Барлық жануарлардың жас төлдерінің әсіресе торайлардың
ересектерімен салыстырғанда ауруға бейімділігі өте жоғары.
Ауру
қоздырушысының бастауы-ауырған жануарлар.Олар вирусты тұмсығымен, көзінен,
қынаптан аққан сорамен, несеппен және сүтпен бірге бөліп шығарады.Бұл ауру
сиыр,қой,ешкі,ит, мысықта өте ауыр өтеді де, әдетте ауырған жануар
өледі.Сондықтан да олардың арасында вирус алып жүру орын алмайды да,індеттің
қаулауы одан ары өрбімей тез өліп қалады.Шошқа мен синантропты кемірушілер жеңіл
ауырады. Жазылып кеткеннен соң ұзақ уақыт бойы шошқа 2-3 жылға дейін,
кемірушілер бірнеше ай бойы вирус алып жүреді.Сондықтан олардың инфекция
қоздырушысының бастауы ретінде ауру таратудағы маңызы зор.
Дерттенуі.Вирустың
денеге ену жолына,жануарлардың түр және жас ерекшеліктеріне қарай дерттің дамуы
әртүрлі өтеді.
Ауыз бен тыныс жолдарының кілегейлі
қабықтары арқылы енгенде вирус инфекция қақпасында шошқаның денесінде тез, ал
басқа жануарларда баяу көбейеді. Аз уақыттан кейін ол жүйкемен сөл жолдары
арқылы миға жетеді де,вирустың көбеюі ми мен оның қабықтарының жіті қабынуына
әкеп соғады. Бұндай жағдай жануарларда әсіресе ет қоректілерде сонымен қатар
торайларда энцефаломиелиттің клиникалық белгілері білінеді.Тері арқылы енген
вирус кірген жерінде тез көбейіп,гемагендік және лимфогендік жолмен денеге
тарағанымен миды онша зақымдай қоймайды.
2.
Клиникалық белгілері. Инкубациялық
кезең негізінен 1-8 күн,кейде 3аптаға дейін созылады. Оның ұзақтығы жануардың
түріне, жасына және табиғи төзімділігіне және вирустың уыттылығы мен енген
жеріне байланысты.Ауру жіті өтеді.
Шошқада аурудың клиникалық белгілері ең
алдымен жасына байланысты.Ересек шошқада негізінен зілсіз өтеді,1-3 күн бойы
аздап ыстығы көтеріледі, жабырқау тартып, тәбеті бұзылады,кейде құсады.
Жануардың көпшілігі елеусіз түрде ауырады. Кей жағдайда ересек шошқалардың ауруы
күшті болуы да мүмкін.Онда аталған белгілерімен қоса мұрнынан сора ағып,
жөтел,ентіге дем алу,теңселіп жүру, сілекей ағу,аяғы,жұтқыншағы мен көмейі
салдану байқалады. Жануар есеңгіреген күйінде өліп кетеді.Бордақыдағы үлкейген
торайларда, егер тұмаудың вирусы, салмонеллалар мен пастераллалар
қабаттасса,өкпесі қабыну жиі байқалады. Мегежіндердің сүті қайтып,жаппай іш
тастайды, не өлі туады. Ауру еметін және енесінен бөлінген торайларда өте зілді
өтеді.
Ауруды өлі тиген, эпилепсиялық, дел-сал
және аралас түрлерге бөледі. Жаңа туған торайларда 10 күнге дейін ауру
менингоэнцефалиттің белгілерімен өтеді. Ауырған торайдың жылжуға,емуге және дыбыс беруге шамасы
келмейді.Қалшылдап,сілекейі ағып, жұтқыншағы сіреседі. Бір күннің ішінде өліп
қалады.
10 күннен 4 айға дейінгі торайларда
аурудың өлі тиген және менингоэнцефалит түрлері аралас өтеді. Бас кезінде
дененің ыстығы 41С және одан да жоғары көтеріледі,жабырқау тартып, әлсіреп
құсады, шөлдейді.Кейінірек орталық жүйке жүйесінің зақымданған белгілері
байқалып, не қозу(эпилепсия), не тежеу(дел-сау) процестері басым
болады.
Патологоанатомиялық
өзгерістер.Шошқа,күзен
және бұлғыннан басқа өлген жануарлардың денесінде үйкелген жерлерінің жүні
түсіп,терісі бүлінген,тері сатындағы шел
жалқақтанып,қанталаған. Жоғарғы тыныс жолдарының кілегейлі қабықтары домбыққан, толық
қанды. Ет қоректілердің қарны көп
жағдайда желінбейтін заттармен аралас қоректік заттарға толы болады. Қарын мен
ішектің кілегейлі қабығы гиперемиялы қанталаған.Үлпіршек ағзаларда қан
іркіліп,эпикардтың асты жолақтанып қанталаған,қуық несепке толып,кілегейлі
қабығы қанталаған. Ми қабығының қан тамырлары білеуленіп,ми мен оның қабығы
домбыққан.
Шошқада,негізінен, өліеттеніп
ойылған тонзилит және өкпенің домбығуы, қатарлы бронхопневмония ошақтары
кездеседі. Әртүрлі үлпіршек ағзаларда, лимфалық ұлпаларда, оның ішінде жұтқыншақ
сөл түйінінде жекелеген немесе көптеген бозғылт-сары ұсақ өліеттенген ошақтар
кездеседі.
Екі айға дейіегі торайларда әдетте ми
мен жұлын қабынып,ми домбығады, ал оның бүйіріндегі қарыншаларында едәуір сұйық
зат жиналады.
Балау.Алдын
ала диагнозды індеттанулық және клиникалық белгілері, патанатомиялық тексерудің
нәтижесі арқылы қояды.
Иммунитет.Ауырып
жазылған жануарда бірнеше жылға жететін күшті иммунитет қалыптасады.Аурудан
жазылған шошқаның қан сарысуында вирусты бейтараптаушы антиденелердің титрі
1:32-1:256 шамасында болады.Енесін еміпжүрген торайларда уыздан ауысқан
коластральді иммунитет болады. Бірақ оның күші мен ұзақтығы шамалы ғана.
3.
Алдын алу және күресу шаралары. Аурудың
алдын алу шаралары мал фермаларында және оның маңайында індеттің синантроптық
және антропургиялық жасырын табиғи ошағы пайда болатындай кең территорияда
жүргізіледі. Сондықтан ауруды дауалаудың
маңызды алғы шарты үй және жабайы жануарларды тегіс қамтитын жаппай
жоспарлы түрде індеттанулық бақылау жүргізу. Әсіресе мұндай шаралардың
кемірушілерді қамти отырып, шошқа шаруашылықтарының территориясында іске
асырылуының маңызы зор.Ондай шаруашылықтарда шошқаны вирус алып жүрушілікке
биосынама және серологиялық реакциялар тексереді.Сау шаруашылықтағы жануарлардың
қанында ауруға тән антиденелер болмайды.
Ауру
шыққан жағдайда шаруашылыққа (фермаға)карантин қояды.Шошқаларды әкеліп, әкетуге орын ауыстыруға тиым
салып,ұрықтандыруды,салмағын өлшеуді,танба салуды,бір орталықтан жем беруді
тоқтадады.Ағымдағы дезинфекция,дератизация және басқа да індетті тоқтатуға
бағытталған шаралар жүргізіледі.Барлық жануарларды қара шығып,ішінара ыстығын
өлшейді. Ауырған және күдікті жануарларды бөліп алып иммуноглобуллинмен, антибиотиктермен,
симптоматикалық дәрі- лермен емдейді.Клиникалық сау жануарларды егіп,сонымен
қатар сыртқы ортаны зарасыздандыру шараларын жүргізеді.Ауру жануарларды
оқшаулаған қора-жайды күн сайын, ал жануарлар тұрған жерді апта сайын
дезинфекциялайды.Көң мен төсенішті биотермиялық жолмен зарасыздандырады,-ал
садыраны хлорлы әкпен (12 кг/м3) дезинфекциялайды.Лажсыздан сойылған шошқаның
терісін алмайды,оны үйітеді,немесе қайнаған ыстық сумен шылайды.Өлекселерді
өртейді немесе утильге жібереді.
Ауру
басылған соң,ауырып жазылған малды түгел әкеткеннен кейін,барлық сауықтыру
шаралары орындалған соң карантинді
бір ай (аң шаруашылықтарында 15күн) өткен соң алады.Карантин алынғаннан соң бір
жыл бойы шектеу сақталып,барлық жануарлар егіледі.Жас төлге вакцинация,ересек
шошқаға ревакцинация жасалып, кемірушілер түгел құртылады.
Емі.Өзіне
тән емдік дәрмек ретінде Ауески ауруына қарсы гипериммунді сарысу мен иммунді
глобулин қолданылады.Емдеу уақтылы, жануар ауыра ьастсғанда жүргізілсе ғана
нәтижелі болады. Қосалқы микробтарды тежеу үшін антибиотиктер мен сульфаниламид
және симптоматикалық ем үшін витаминдер қолданылады.
Бақылау
сұрақтары:
- Ауески
ауруына сипаттама беріңіз?
- Ауески
ауруына қоздырғышын атаңыз?
- Ауески
ауруына негізгі
клиникалық белгілерін атаңыз?
- Ауру
қандай жолдар механизмі арқылы жұғады?
- Ауру
қандай формада өтеді?
- Ауески
ауруына қандай
аурулардан ажырату қажет?
- Ауески
ауруына патогенезі
қандай?
Кестемен
жұмыс:
Ауески
ауруының
клиникалық белгілерін әр түрлі жануарларда өтуін сипаттаңыз? |
Ауески
ауруын қандай
аурулардан ажырату қажет? |
Ауру
қандай формада өтеді, жұғу жолдары қандай? |
Ірі
қарада- |
|
|
Қой
мен ешкі- |
|
|
Шошқада- |
|
|
Терісі
құнды аңдарда- |
|
|