№6.Ветеринариялық-санитариялық шаралар жүйесінде дезинфекцияның маңызы.

            Пәні:Зоогигиена

Тақырыбы:Ветеринариялық-санитариялық шаралар жүйесінде дезинфекцияның маңызы. Дезинфекцияның әдістері. Дезинфекциялық заттар

Жоспар

1.      Дезинфекция туралы түсінік.

2.      Дезинфекцияның әдістері.

3.      Дезинфекциялық заттар

Дезинфекция деп сыртқы ортадағы жұкпалы аурулардың қоздырушылары - зардапты микробтарды жою шараларын айтады. Бұл зардапты микробтарға бактериялар, вирустар, саңырауқұлақтар, микоплазмалар және риккетсиялар жатады.

slayd4.jpg

Дезинфекция француздың des - жоямын, латынның infectio - жұқтыру деген сөзінен тұрады, оның баламасы зарарсыздандыру яғни, жұқпайтын ету. Дезинфекцияның нэтижесінде сыртқы ортадағы заттар зарарсызданып, ондағы зардапты микробтар өлтіріліп, ауру жұқпайтын болады. Зарарсыздандырудан басқа "залалсыздандыру" деген ұғым бар. Микроб өліп, дезинфекцияланған зат зарарсызданғанымен, онда микробтың уы, басқа да зиянды қалдықтар сақталуы мүмкін. Сондықтан да зарарсыздандыру әлі басқа да толық залалсыздандыру емес. Сонымен қатар зарарсыздандыру мен стрилдеудің де айрмасы бар. Зарарсыздандыру, яғни дезинфекциялау, зардапты микробтарды жою болса, стрилдеу зардапты микробтармен қатар барлық микроб атаулыны жою. Ескеретін жай, зардапты жэне зардапты емес микробтардың арасында 100 айқын шекара жоқ жэне күнделікті өмірде зарарсыздандырудың нәтижесін зардапсыз микробтардың жойылғандығы арқылы анықтауға тура келеді.

slayd5.jpg

Ал енді қазіргі заманғы ірі өндірістік кешендерде дезинфекцияны аса көп мөлшерде шоғырланған зардапсыз, не болмаса шартты түрде ғана зардапты микробтарға қарсы жүргізеді. Дезинфекция нысандары.

Дезинфекция нысандарына яғни зарарсыздандырылатын заттарға жататындар:

- мал қоралары: сиыр, қой, ешкі, жылқы, құс, қоян қоралары, терісі бағалы аңдардың лапастары (шед), инкубаторлар, ара ұялары, мал төлдейтін қоралар, бұзау профилакториялары, төл қоралар, оқшауханалар, карантин жайлары;

 - ветеринариялық нысандар: емханалар, ауру малдарға арналған стационарлар;

- мал қораларының ішкі жабдықтары: мал тұрағы (стойло), астау мен науа, мал байлайтын жабдықтар;

- малды күту жабдықтары: қамыт-сайман, ер-тұрман, ноқта-жүген, тарақшетка;

 - арнаулы жұмыс кимдері: етік, алжапқыш; - су жэне су көздері, малдың жемі;

- эр түрлі жайлар мен бөлме ішіндегі ауа;

- мал серуендейтін аула, топырақ;

 - сүрлем шұңқырлары мен мұнаралары, жем қоймалары;

- көлік жабдықтары жэне ыдыстар;

- көң, садыра, канализация ағындысы, сарқын су;

- мал өлекселері, шу, қасапхана тастандылары;

- мал мен құстан алынған шикізаттар: тері, жүн, түбіт, қауырсын, мамық, қыл, сүйек;

 - инкубациялық жұмыртқа;

- малдың сүті, желіні, сыртқы жыныс мүшелері.

slayd6.jpg

Дезинфекцияның түрлері. Індетке қарсы маңызына сай дезинфекция екі түрге бөлінеді: сақтық жэне лажсыз. Сақтық дезинфекциясы жұқпалы ауру болмаса да одан сақтану мақсатымен жүргізіледі. Лажсыз дезинфекция жүқпалы ауру шыққан сэтте оны тоқтату мақсатында іске асырылады. Сацтъщ, профилактикалық (дауалыц), дезинфекция жүқпалы аурулардан таза шаруашылықтарда эр түрлі жағдайларда жүргізіледі. Соның бірі іске қосу дезинфекциясы. Ол жаңадан салынған мал қораларын тапсырған кезде пайдалануға бермес бүрын мал жіберер алдында жүргізіледі. Барлық мал өсіретін шаруашылықтарда сақтық дезинфекциясы мал шаруашылығының технологиялық ерекшеліктері мен індеттік жағдайға байланысты жылдың белгілі бір маусымында жүргізіледі. Сондықтан мүндай сактық дезинфекциясын маусымдық деп атайды. Маусымдық дезинфекция жұкпалы аурулардан таза аймақтарда жылына бір рет малды алыс отардағы жайылымда баққанда мал қораларына күзде малды қыстауға әкелерде жүргізіледі. Егер малды жыл бойы қорада ұстап жақын жайылымда жайса, онда қораны көктемде малды жайылымға шығарған кезде дезинфекциялайды. Аурудан сау шаруашылық, сау емес аймақта орналасса, онда сақтық дезинфекциясы жьілына екі рет: көктемде жэне күзде жасалады. Сақтық дезинфекцияның үшінші түрі - технологиялыц дезинфекция. Ол технологиялық циклдар аралығындағы үзіліс мезгілде жасалады. Мысалы, сиыр төлдетілетін қораны бүзаулаған сиырды экетіп, оның орнына бүзаулайтын сиырды экелердегі екі аралықта дезинфекциялайды. Бұзау профилакторийінде мүндай шара 10 күнге жеткен бүзауды алып, оның орнына жаңа туған бұзауды экелерде жүргізіледі. Мал бордақылайтын комплекстерде эрбір секцияңы бордақылау циклі аяқталып, бордақыланатын малдың жаңа тобын әкелерде зарарсыздандырады.

 Сақтық дезинфекциясын жасау үшін 20% жаңадан сөндірілген әк, 2% - ды белсенді хлоры бар хлорлы эк, 2% күйдіргіш натрий, 1% формальдегид қолданылады. Бүл ерітінділер еденінде асфальт немесе басқа қатты төсеніщтер бар кешендерді сумен жуып тазалағанда 1 м2 аудаяға 0,5л, ал жер еденді фермаларда механикалық тазалаудан кейін 1 литрден жүмсалады. Лажсыз дезинфекция жүқпалы ауру біліңген сэттен бастап ол толық жойылғанға дейін жүргізіледі де, тежеу дезинфекциясы жэне қорытынды дезинфекция деп екі түрге бөлінеді. Тежеу дезинфекциясы ретті түрде аурудың ең біріңші байқалуынан бастап жүргізіледі. Егер кезекті екі тежеу дезинфекциясының арасындағы уақыт ұзақ болып, бұл мезгілде жаңадан мал ауырса, онда ауырған малды бөліп экеткен соң жэне эрбір балаулық зерттеуден кейін тежеу дезинфекциясын жүргізеді. Өте жүғымтал аурулар кезінде (аусыл) тежеу дезинфекциясын күн сайын таңертеңгі тазалық жүргізген кезде жасайды. Жүқпалы аурулардың негізгі басым көпшілігінде апта немесе он күн сайын қораны зарарсыздандырады. Созылмалы аурулар (бруцеллез, туберкулез) кезінде тежеу дезинфекциясының аралығы бір айдан аспауы керек. Қорытынды дезинфекция кез келген жұқпалы ауруды жою шарасының ең соңғы сатысы. Оны карантин немесе шектеуді аларда жүргізеді. Бұл - індет ошағында ауру қоздырушы микробты жоюдың міндетті шарты болып саналады. Ол үшін мал қорасын, оның аймағындағы територияны, малды күтуге арналған жабдықтарды, малшылардың арнаулы жүмыс кимдерін, көң, көлік, т.б. түгелдей зарарсыздандыру керек. Қорытынды дезинфекция кезінде қораға санитариялық жөндеу жүргізіп, тозығы жеткен бөліктерін жаңартады, қабырғаларын сылап, ағартады. Еденнің тақтайын алып дезинфекциялық ерітіндіге батырады, күн көзінде кептіріп, үстіріктейді, шіріп бүлінгенін отқа жағады. Тақтайдың астындағы топырақтың көң жэне садырамен ластанған қабатын алып, таза жаңа топырақ төгіп тастайды. Содан кейін ғана еденнің тақтайын төсейді. Жер еденді де топырағың ауыстырып жаңартады. 102 Лажсыз дезинфекция үшін эрбір жұқпалы ауру кезінде сол ауру қоздырушысының ерекшеліктері мен оның химиялық заттарға төзімділігіне сай тиісті дезинфектанттар қолданылады. Дезинфекцияның әдістері. Дезинфекцияны химиялық, физикалық жэне биологиялық тэсілдермен іске асырады. Физикалық дезинфекция заттарды физикалық әдістер арқылы зардапсыздандыруға негізделген. Оған механикалық тазалау, сәуле қуаты, кептіру, қыздыру, жоғары жиіліктегі ток, ультрадыбыс жатады. Механикалық тазалау дезинфекцияның кез келген түрінің міндетті құрама бөлігі болады. Зарарсыздандырылатын объектіні шаң мен түрлі қоқыстан тазартқанның өзінде зардапты микробтардың негізгі бөлігінен босануға болады. Тазарған затқа дезинфекциялаушы фактордың тікелей жанасуына мүмкіндік туады. Әр түрлі қоқыс, әсіресе, малдың қиы дезинфектанттың эсерін бейтараптап, күшін элсіретеді. Зарарсыздандырылатын объектіні қоқыстан, жемшөптің қалдығынан, төсеніш жэне көңнен тазалау үшін механикалық құралдар (күрек, сыпыртқы), вентилияция мен желдету жэне сумен шаю қолданылады. Ең дұрыс  санитариялық тазалау - механикалық тазалаудан кейін қысыммен аққан жылы сумен (35-40°С) шаю. Егер ондай суға 1-2% күйдіргіш натрий, демп ұнтағын немесе кальциленген сода қосса нэтижесі еселеп артады. Мүқият жуып-шайып тазалаған соң дезинфектант та аз жұмсалынады, эсері де күшті болады. Қорамен басқа жайды желдетіп, вентилияциялау ауаны механикалық тазалау эдістері болып табылады. Ал суды механикалық жолмен тазалау үшін суды сүзіп, түндырады. Бүндай әрекеттер судың микробтық көрсеткіштерін едэуір жақсартады. Зарарсыздандырудың механикалық тэсілдеріне сонымен бірге ағарту, сырлау, үстіріктеу, жуу, т.б. жатады. Фермада мал қоралары мен басқа да объектілерде тэртіп пен тазалықты сақтау, қоқыстануға жол бермей, ретті түрде санитариялық тазалық күнін өткізіп түру, малдың үстін уақтылы тазалау, жайылым алқаптарының қоқыстануына жол бермеу, жалпы өндіріс мәдениетін қамтамасыз ету - жүқпалы аурудың алдын алудың басты алғы шарты. Сәуле қуаты. Сэуле қуатының табиғи көзі ретінде - күн, ал жасанды көзі ретінде сынап- кварц шамдарының маңызы зор. Микробтарды жою үшін жарықтың ең қысқа толқынды ультракүлгін бөлігінің әсері күшті. Тура түскен күн жарығы аз да болса шашыранды күн жарығы микробтарға, жойқын әсер етеді. Жарықтың күшіне әсіресе микробтардың вегетативтік түрі сезімтал келеді. Споралық түрдегі микробтар да жарықтың әсерінен өледі, біақ, ол үшін үзақ уақыт қажет. Мысалы топалаңның қоздырушысының спорасы күн көзінен 60 күн өткенде барып жойылады. Біздің республиканың жағдайында егер көң мен қоқыстан тазалап, жазғы күні есік-терезесін ашып тастаса, мал қоралары іс жүзінде қандай да микробтан болмасын толық зарарсызданады деуге болады. Бөлме-жайларды зарарсыздандыру үшін әлбетте толқын үзындығы 254- 257 нм ультракүлгін сәуле шығаратын бактериоцидті лампалар: БУВ-15, БУВ30, БУВ-30 П; сэуле шығарғыштар: Н-6У, Н-60 қолданылады. Ультрак\глгш 103 сәуле ауаны зарарсыздандыру үшін өте қолайлы. Алайда бұл сэулелер сұйық ортаға өте алмайды. Сұйық заттарды, мысалы, сүтті өте жұқа қабатта ағызып, сэулелендіру арқылы зарарсыздандыруға болады. Кептіру миқроорганизмдердің тіршілігіне қолайсыз жағдай туғызады. Сусыз ортада микробтардьщ өсіп-өнуі күрт тоқтайды, өйткені олардың 'барлық зат алмасу құбылыстары ылғалдығы жеткілікті ортада ғана қалыпты жағдайда өтеді. Құрғақ жерде микробтардың вегетативтік түрлері өліп қалады немесе уыттылығын жояды. Кептіру арқылы тері, жүн, :батпақтанған мал серуеңдететін алаң, жайылым алқаптары, т.б. зарарсыздаңдырылады. Шөп пен құнарлы жем тек дұрыс кептірілгенде ғана бүлінбей, дұрыс сақталады. Қыздыру немесе жоғары температураның эсері арқылы зарарсыздандыру үшін қайнату, ыстық бу, қүрғақ ыстық ауа, отпен күйдіру пайдаланылады 70 °С кезінде ақзат (белок) үйып, микроб тіршілігін жояды. Құрғақ ыстық ауа үзақ уақыттан (бірнеше сағат) кейін ғана әсер егеді, сондықтан кейбір заттарды күйдірігі жібереді. Әйтсе де бүл әдіспен кептіру шкафтарында мақта матасымен тігілген халат, киіз, лабораториялық ыдыстарды, саймандарды зарарсыздандырады. Киім мен халатты, таңатын материалдарды үтіктеу де осындай нәтиже береді. Gy қайнағанда бактериялардың вегетативтік түрлері 15-30 мин., ал споралық түрлері 45-120 мин. өледі. Бұл эдіс қолайлылығыныңіарқасында қүралсаймандарды, арнаулы киімдерді, ыдыстарды зарарсыздандыру үшін кеңінен қолданылады. Суда қайнату үшін стерилизаторлар, кастрюлдер, қазандар пайдаланылады. Өңделетін заттарды суға толық батырып, қайнай бастаған мезгілден уақыт есебін жүргізеді. Судың буы дезинфекциялау үшін қолданылатын негізгі эрі сенімді эдістің бірі. Оның қүрғақ ауадаң гөрі бактериоциттік эсері өте жоғары. Әсіресе қысымы жоғарылаған кезде су буының микробқа қарсы эсері күрт артады. Автоклавта 1,2-2 атм. қысымда температура 115-120°С-қа жетіп, бактерияларды, вирустарды, саңырауқұлақтарды толық жоюды қамтамасыз етеді. Автоклавтан басқа жемшөп цехының бу бергішін, эр түрлі бу камераларын (Крупин камерасы, жылжымалы бу дезинфещия камерасы) пайдалануға болады. Отты зарарсыздандыру әдісі ретінде инфекция жұққан қоқысты, төсенішті, көңді, жемшөп қалдықтарын, өлексені, т.б. өртеуге қолданады. Оттың жалынымен топырақты, қүрал саймандарды, металл ъідыстарды, жануарлардың металл торларын зарарсыздандырады. Бүл үшін дэнекерлеу шамы (паяльная лампа) пайдаланылады. Ол ұзындығы 70 см жететін температурасы 400-600°С жалын береді. Гамма-сэулелері арқылы жүн, тері-терсекті, т.б. зарарсыздандырады. Азық-түлік заттарын гамма-сәулесімен өңдеуге болмайды. Бүл мақсатқа электрондық сэулелер пайдаланылады. Олар радиация тудырмайды және тереңгі қабаттарға жеңіл өтеді. Ультрадыбыс микроорганизмдерді механикалық жолмен бөлшектейді. Онымен кейбір ерекше жағдайларда бактерияларды антигендік құрамын сақ104 тай отырып ыдырату үшін әр түрлі препараттар даярлауға болады. Ультрадыбыс тек қана сұйық ортада әсер етеді. Биологиялъщ дезинфекция микроорганизмдердің тіршілік әрекетін пайдалануга негізделген. Бұл эдіс экологиялық зиянсыздығы жэне экономикалық жағынан шығыңсыздығы арқасында өте тиімді болып табылады. Биологиялық жолмен зарарсыздандыруға көңді жэне өлексені биотермиялық өңдеуден өткізу жатады. Бұл эдістер жоғарыда қарастырылып кетті. Бұдан басқа биологиялық дезинфекцияға топырақты табиғи биологиялық эдіспен зарарсыздандыру жатады. Ерте уақыттан бері топырақта ондаған жылдар бойы сақталатын топалаң қоздырушысының спорасын жою эдістері қарастырылып келеді. Осыған байланысты кейбір өсімдіктер өскен алқапта аталған микробтың спорасы жойылып кететіні анықталды. Зерттей келгенде бұршақ тектес өсімдіктердің (мысалы, жоңышқа), тамырларының төңірегіндегі (рйзосферасындағы) микробтардың В. anthracis үшін антогонист екені белгілі болды. Бұл антогонист микробтардың бөліп шығарған заттары топалаңның қоздырушысына жойқын әсер етеді. Соңғы уақытта зерттеушілер (Н.М. Колышев) топырақтағы туберкулез микобактерияларын осындай биологиялык жолмен зарарсыздандыру әдістерін қарастыруда. Шаруашылықтарды туберкулезден сауықтырған соң, ферма мен оның маңайындағы территорияны зарарсыздандыру өте бір маңызды мәселе болып табылады. Мұндай жерде сиыр жоңышқа мен сұлыны араластырып егіп тастаса, осы өсімдіктердің ризосфералық микрофлорасының тіршілік әрекетінің нэтижесінде топырақ туберкулез микобактерияларынан толық зарарсыздандырылады. Химиялық дезинфекция - сыртқы ортаны зарарсыздандырудың ең негізгі әдісі болып табылады. Бұл эдіс әр түрлі химиялық дезинфекциялаушы препараттарды, яғни дезинфектанттарды, пайдалануга негізделген. Дезинфектанттардың саны бүгінгі күнде өте көп, уақыт өткен сайын олар жаңа препараттармен толықтырылып отырады. Дезинфектанттарды пайдалану тәсілдері де, ол үшін қолданылатын эртүрлі техникалық жабдықтар да үнемі жетілдіріліп келеді. Сондықтанда осы заманғы дезинфекция туралы ғылым негізінен химиялық эдістермен зарарсыздандыруды зерттеуте арналған.

 

                                                                                       Тест  

1.Індетке қарсы шаралар нешеге бөлінеді оларды атап беріңіз.

А) Сактық жəне лажыз.

В) Биологиялық, химиялық, физикалық.

Г) Жалпы жəне Арнайы.

Д) Барлық жауап дұрыс.

 

2.Дезинфекция туралы түсінік.

А)сыртқы ортадағы жұқпалы аурулардың қоздырушылары - зардапты микробтарды жою шараларын айтады.

В)Аса жұқпалы ауруларға қойылатын шектеу шараларының жиынтығы.

Г)нақтылы бір жұқпалы ауруға қарсы бағытталады да, оған сол ауруды балау жəне жануарларды иммундеу жатады.

Д) Барлық жауап дұрыс.

 

3.Дезинфекция əдістерің атаңыз?

А)Биологиялық - микроорганизмдердің тіршілік əрекетін пайдалануга негізделген.

В)Химиялық - сыртқы ортаны зарарсыздандырудың ең негізгі əдісі болып табылады.

Г)Физикалық - заттарды физикалық əдістер арқылы зардапсыздандыруға негізделген.

Д) Барлық жауап дұрыс.

 

4.Лажсыз дезинфекция нешеге бөлінеді оларды атап беріңіз. А) Барлық жауап дұрыс.

В) Жалпы жəне Арнайы дезинфекция.

Г) Тежеу жəне қорытынды дезинфекция.

Д) физикалық , химиялық жəне биологиялық дезинфекция.

 

5.Сақтық, профилактикалық (дауалық), дезинфекция қандай жағдайда жүргізіледі?

А) Барлық жауап дұрыс.

В)жұқпалы аурулардан таза шаруашылықтарда əр түрлі жағдайларда жүргізіледі.

Г)ауру білінген сəттен бастап ол толық жойылғанға дейін жүргізіледі.

Д)ретті түрде аурудың ең біріңші байқалуынан бастап жүргізіледі.

 

6.Лажсыз дезинфекция қандай жағдайда жүргізіледі? А) Барлық жауап дұрыс.

В)жұқпалы аурулардан таза шаруашылықтарда əр түрлі жағдайларда жүргізіледі.

Г)ауру білінген сəттен бастап ол толық жойылғанға дейін жүргізіледі.

Д)ретті түрде аурудың ең біріңші байқалуынан бастап жүргізіледі.