№7.Дезинфекцияның тәсілдері. Дезинфекциялық техника. Мал шаруашылығында дезинфекцияны жүргізу ерекшеліктері

Пәні:Зоогигиена

Тақырыбы: Дезинфекцияның тәсілдері. Дезинфекциялық техника. Мал шаруашылығында дезинфекцияны жүргізу ерекшеліктері   

Дезинфекция деп сыртқы ортадағы жұқпалы аурулардың қоздырушылары - зардапты микроорганизмдерді жою шараларын айтады.

Дезинфекция француздың des - жоямын, латынның іnfectіo - жұқтыру деген сөздерінен тұрады, яғни зарарсыздандыру (жұқпайтын ету) деген мағынаны білдіреді. Дезинфекцияның нәтижесінде сыртқы ортадағы заттар зарарсызданып, ондағы зардапты микробтар өлтіріліп, ауру жұқпайтын болады. Зарарсыздандырудан басқа залалсыздану деген ұғым бар. Мұның мағынасы микроб өліп, дезинфекцияланған зат зарарсызданғанымен, онда микробтың уы және басқа да зиянды қалдықтары сақталуы мүмкін. Сондықтан да зарарсыздандыру әлі де болса толық залалсыздандыру емес.

slayd7.jpg

 

 

 

 

Дезинфекция түрлері

Маңызына байланысты індетке қарсы дезинфекция екі түрлі болады:

1. Сақтық 2. Лажысыз

Сақтық дезинфекциясы жұқпалы ауру болмасада одан сақтану мақсатында жүргізіледі.

Лажысыз дезинфекция жұқпалы ауру шыққан сәтте оны тоқтату мақсатында жүргізіледі.

slayd8.jpg

 

slayd9.jpg

Сақтық (дауалық) дезинфекциясы келесі мақсаттарда жүргізіледі:

1. Іске қосар алдындағы дезинфекция. Бұл жаңадан салынған мал қоралрын тапсырған кезде пайдалануға бермес бұрын мал жіберер алдында жүргізіледі.

2. Технологиялық дезинфекция. Ол технологиялық циклдардың аралығындағы үзіліс кезінде жасалады. Мысалы, бұзау профилакторииінде бұзауларды 10 күннен соң басқа жерге ауыстырып, оның орнына басқа бұзаулар әкелінеді, ал енді дезинфекция осы екі аралықта жүргізіледі.

Лажысыз дезинфекция жұқпалы ауру білінген сәттен бастап ол толық жойылғанға дейін жүргізіледі. Лажысыз дезинфекция екі түрге бөлінеді:

1.Тежеу. 2.қорытынды

slayd10.jpg

 

Дезинфекция әдістері.Дезинфекцияны химиялық, физикалық және биологиялық тәсілдермен іске асырады.

Физикалық дезинфекция заттарды физикалық әдістер арқылы зарарсыздандыруға негізделген. Оған: механикалық, тазалау, сәуле қуаты, кептіру, қыздыру, жоғары жиіліктегі ток, ультрадыбыс жатады.

slayd11.jpg

Биологиялық дезинфекциямикроорганизмдердің тіршілік әрекетін пайдалануға негізделген. Бұл әдіс экологиялық зиянсыздығы және экономикалық жағынан шығынсыздығы арқасында өте тиімді болып табылады.

slayd12.jpgslayd14.jpg

Химиялық дезинфекция - сыртқы ортаны зарарсыздандырудың ең негізгі әдісі болып табылады. Бұл әдіс әр түрлі химиялық дезинфекциялаушы препараттарды, яғни дезинфектанттарды, пайдалануға негізделген. Дезинфектанттардың саны бүгінгі күнде өте көп, уақыт өткен сайын олар жаңа препараттармен толыққтырылып отырылады.

 

  Комаровтың дезинфекциялық қондырғысы - ДУК (дезинфекционная установка Комарова) - ГАЗ-51 немесе ГАЗ-52 автомашинасына орнатылған цистернасы, бастапқы дезинфекциялық ерітінділер даярлайтын күбілер, дезинфектанаттарды сақтайтын орындары, шлангалар, цистернадан шығатын ері- тінді қыздьфатын пеші болады. Цистернаның ішіндегі сүйыққа қысым беру үшін машина маторынан шыққан газды пайдаланады. Қысымның күшімен таратушы қолтық пен бүріккіш арқылы ерітінді залалсыздандыратын объектіге беріледі. Қондырғының жүмыс күніндегі орташа өнімділігі ерітіндіні 1 л/м2 мөлшерінде шашқанда бір шлангамен істегенде 2 250 м2, ал екі шланганы пайдаланғанда 3500 м2.

slayd15.jpg

ЛСД дезинфекция қондырғысы. ЛСД (лаборатория санитарии и дезинфекции) – (қондырғыны жасап шығарған ғылыми мекеме) сүйреп жүруге арналған автотіркемеге қондырғы. 2 түрі шығарылады: бензин арқылы істейтін ЛСД-ЗМ, электрмен істейін ЛСД-ЭП. Негізгі симдылығы 330 л жапсарластыра жанармай форсункасымен жағылатын оттық орнатылған. Бұл қондырғы арқылы дезинфекция, дезинсекция жасауға, тиісті аумақты жууға, малдың үстін тазалауға, қора-жайды әктеп ағартуға болады. Қондырғыда 2 мпа қысым беретін сорапты пайдалану кешендер мен мал қораларын сумен шайып тазалауға мүмкіндік береді. slayd16.jpg

 5. Дезинфекция профилактикалық мақсатта, сондай-ақ жануарлар ауруларының таралу ошағы пайда болған жағдайда мәжбүрлі дезинфекция жүргізіледі. Мәжбүрлі дезинфекция кезінде ағымдағы және қорытынды дезинфекция жүргізіледі.

6. Профилактикалық дезинфекция жануарлар аурулары қоздырғыштарының енуі мен таралу қатерін болдырмау мақсатында жануарлардың инфекциялық аурулары бойынша қолайлы аймақта орналасқан өндіріс объектілерінде жүргізіледі.

 7. Жануарларды ұстауға арналған үй-жайларды қоса алғанда, қолайлы аймақта орналасқан өндіріс объектілерінде профилактикалық дезинфекцияны жылына екі рет жүргізеді.

slayd17.jpg

 8. Жануарларды жайылым алаңдарында жыл бойы ұстау кезінде, мал шаруашылығы үй-жайларын пайдалану процесінде жануарларды ұстауға арналған жеке үй-жайларды профилактикалық дезинфекциялау тиісті технологиялық циклдар аяқталғаннан және жануарлардан босатқаннан кейін жүргізіледі.

 9. Ұйымдасқан өндіріс объектілеріндегі дезинфекция өндірістің жалпы технологиялық процесінің құрамдас бөлігі болып табылады және жануарлардың өсімін молайту, өсіру және бордақылау технологиясының ерекшеліктерін есепке ала отырып құрастырылған жоспар бойынша жүргізіледі.

slayd18.jpg

 10. Дезинфекциялық жұмыстардың жоспарында негізгі өндіріс объектілерді дезинфекциялаудан өткізудің мерзімі, әдістері мен режимдері, сондай-ақ дезинфекциялық және жуатын құралдарға, дезинфекциялық және жуатын техникаға деген қажеттілік, дезинфекцияның сапасын бақылау әдісі көзделеді.

 11. Дезинфекция жүргізу алдында дезинфекциялауға жататын бетті мұқият механикалық тазартуды жүргізеді.

slayd20.jpg

 12. Құстарды торда және жайылымсыз ұстау кезінде үй-жайды дезинфекциялауды әрбір ретте құстардың жаңа топтамасын қояр алдында жүзеге асырады:

      жайып бағатын құс қораларында – жылына екі рет;

      терең төселген төсемде ұстау кезінде – жылына бір рет оны ауыстырған кезде;

      инкубаторийларды жұмыртқаларды инкубациялау алдында және аяқтағаннан кейін дезинфекциялайды.

      13. Қояндар мен мамық жүнді аңдарды ұстауға арналған үй-жайларды технологиялық цикл кезеңінде босатылуына қарай дезинфекциялайды.

      14. Кезеңділікпен қолданылатын мал шаруашылығы көрмелерінің орындарында дезинфекция жануарларды әкелу алдында және оларды алып кеткеннен кейін жүргізіледі.slayd21.jpg

      15. Карантинге қою кезінде жануарларды ұстауға арналған үй-жайларды (алаңдарды) жануарлардың кезекті топтамасының карантинге қою мерзімі аяқталғаннан кейін әрбір рет дезинфекциялайды16. Азық цехтарының үй-жайларын айына бір реттен жиі емес, жемшөп өткізгіш бункер-араластырғышты, жемшөп дайындауға және үлестіруге арналған жабдықтарды және азықтандыратын орындарды (жеке үй-жайда азықтандыру кезінде) – аптасына бір рет дезинфекциялайды, ал әрбір жемшөп дайындаудан (таратудан) немесе азықтандырудан кейін сумен жуады.

slayd24.jpg

      17. Сою пунктерінің (сою алаңының) үй-жайларын дезинфекциялаудың кезеңділігі оларды пайдалану ерекшелігін ескере отырып белгіленеді.

      18. Ұшаны бөлу кезінде инфекциялық ауруларға күдік туындаған сою пунктінде (сою алаңында) дезинфекцияны күнделікті ауысымның соңында және әрбір рет жануарларды сойып болғаннан кейін жүргізеді.

       19. Сою пунктінің (сою алаңының) барлық жабдықтарын бір уақытта дезинфекциялайды.

                                                                                                             

                                                                                                         Тест

1.Індетке қарсы шаралар нешеге бөлінеді оларды атап беріңіз.

А) Сактық жəне лажсыз.

В) Биологиялық, химиялық, физикалық.

Г) Жалпы жəне Арнайы.

Д) Барлық жауап дұрыс.

 

2.Дезинфекция туралы түсінік.

А)сыртқы ортадағы жұқпалы аурулардың қоздырушылары - зардапты микробтарды жою шараларын айтады.

В)Аса жұқпалы ауруларға қойылатын шектеу шараларының жиынтығы.

Г)нақтылы бір жұқпалы ауруға қарсы бағытталады да, оған сол ауруды балау жəне жануарларды иммундеу жатады.

Д) Барлық жауап дұрыс.

 

3.Дезинфекция əдістерің атаңыз?

А)Биологиялық - микроорганизмдердің тіршілік əрекетін пайдалануга негізделген.

В)Химиялық - сыртқы ортаны зарарсыздандырудың ең негізгі əдісі болып табылады.

Г)Физикалық - заттарды физикалық əдістер арқылы зардапсыздандыруға негізделген.

Д) Барлық жауап дұрыс.

 

4.Лажсыз дезинфекция нешеге бөлінеді оларды атап беріңіз.

А) Барлық жауап дұрыс.

В) Жалпы жəне Арнайы дезинфекция.

Г) Тежеу жəне қорытынды дезинфекция.

Д) физикалық , химиялық жəне биологиялық дезинфекция.

 

5.Сақтық, профилактикалық (дауалық), дезинфекция қандай жағдайда жүргізіледі?

А) Барлық жауап дұрыс.

В)жұқпалы аурулардан таза шаруашылықтарда əр түрлі жағдайларда жүргізіледі.

Г)ауру білінген сəттен бастап ол толық жойылғанға дейін жүргізіледі.

Д)ретті түрде аурудың ең біріңші байқалуынан бастап жүргізіледі.

 

6.Лажсыз дезинфекция қандай жағдайда жүргізіледі?

А) Барлық жауап дұрыс.

В)жұқпалы аурулардан таза шаруашылықтарда əр түрлі жағдайларда жүргізіледі.

Г)ауру білінген сəттен бастап ол толық жойылғанға дейін жүргізіледі.

Д)ретті түрде аурудың ең біріңші байқалуынан бастап жүргізіледі.