№2.Қорадағы гигиеналық мәселелер. Атмосфералық ауаның жабық қорадағы жануарлар ағзасына ықпалы, зоогигиеналық қажеттілік.
Пәні:Зоогигиена
Тобы:3ВС-4,3ВФ-9,3ВФ-11
Тақырыбы:Қорадағы гигиеналық
мәселелер.
Атмосфералық ауаның жабық қорадағы
жануарлар ағзасына ықпалы, зоогигиеналық қажеттілік.
Жоспар
1.
Желдетудің
түрлері
2.
Қора-жайдағы
жылу тепе-теңдігі.
3.
Атмосфералық
ауаның жабық қорадағы жануарлар ағзасына ықпалы, зоогигиеналық
қажеттілік.
1.Желдетудің
негізгі қызметі-қора-жай
ішінен ластанған ауаны шығарып, оны сыртқы таза ауамен ауыстыру.Жануарлар мен
құстар айналаға жылу, дымқыл бу, көмірқышқыл газын шығарады және жануарлардың
қи, нәжісіндегі органикалық заттар бұзылады да, аммиак, күкіртті сутегі және
көмірқышқыл газы пайда болады. Ауасы толық тазартылмаған қора-жайда зиянды
заттар тым көп жинақталып қалады. Содан барып малдың денесінде зат алмасу
процесі, жемді қорытуы мен сіңімді заттарды қабылдауы төмендейді, жалпы
физиологиялық жағдайы әлсірейді. Соның салдарынан малдың табиғи төзімділігі мен
денсаулығы төмендейді, өнімділігі мен өнім сапасы азаяды.
Желдетудің
түрлері.
Мал қораларында желдетудің табиғи, механикалық және
аралас түрлері пайдаланылады.
Табиғи
желдету
ешқандай энергия көзін шығын етпей, сыртқы және ішкі ауаның тығыздығы мен
температурасының айырмашылығы арқасында жұмыс істейді. Табиғи ауа алмасу тек
ішкі ауа мен сыртқы ауа температурасының айырмашылығы 8-10°С-тан жоғары болғанда
ғана жүреді. Ауа қозғалымының бағыты төменнен жоғары», «жоғарыдан-төмен»,
«жоғарыдан- жоғары және басқадай болуы мүмкін.
Табиғи
желдету құбырлы және құбырсыз болып
бөтінеді.
Құбырсыз
желдетуге қарапайым жүйелері жатады: терезе, төбе саңылаулары және басқалары
арқылы.
Ауаны
сыртқа шығаратын құбырлардың жұмыс істеу қабілеті олардың биіктігіне тікелей
байланысты (биіктігі 3,5-5 м арасындағы құбырлар едәуір тиімді жұмыс істейді).
Ауа шығаратын шахталардың көлденең кесіндісі 0,8х0,8 м-ден 2,0-2,5 м-ге дейін
барады.
Ауа
кіретін каналдар (мөлшері 0,2х0,2 м) көлденең қабырғалардың жоғарғы деңгейінен
1,8-2 м биіктікте орналастырылады, ал терезенің астындағы саңылаулардың көлденең кесіндісі 1,7 х 0,06 м
шамасында болады.
Қазақстан
жағдайында табиғи желдетудің аса тиімдісі В.В. Шведовтің дефлекторларымен
жабдықалған кірмелі-шықпалы ауа алмасу жүйесі болып табылады. Ауа алмасудың
техникалық жағынан жетілген түрі оның жасанды жүйелері. Ауа алмасудың
жасанды түрлері желдеткіш қондырғыларын ауаны еріксіз керекті бағытта қозғалтып
алмастырады.
Желдетудің
механикалық жүйесі:
шоғырланған ауа алмасу бір камерада орналасқан желдеткіштермен және
шоғырландырылмаған әр жер- де-төбеде, қабырғада орналасқан желдеткіштермен
жүргізіледі. Алғашқының кемшілігі оның агрегаттарының тез арада істен шығып
қалуында, ал шоғырландырылмаған жүйе сенімді (бір желдеткіш бұзылса, басқалары
желдетуді төмен деңгейде болса да жүргізе береді) әрі қорада жүретін құбырлар
жоқ. Желдетудің механикалық жүйесінің ең тиімді жері оның жұмысы ауа райының
өзгерістеріне тәуелсіздігі әрі автоматтандыру жүйесін пайдалануға
болатындығы.
Арнайы
кешенді қондырғылар
(«Климат-2», «Климат-3», ПВУ-4 және т.б.) мал қораларында желдету мен жылытуды
автоматтық жүйеде біріктіріп жүргізуге мүмкіндік береді.
2.Қора-жайдағы
жылу тепе-теңдігі.
Мал қораларының сыртқы құрылыстары микроклиматты сақтауда маңызды рөл атқарады.
Әрине, оның өзі малдың өнімділігіне, ғимарат құрылысының ұзаққа шыдауына
айтарлықтай әсер етеді.
Қорадағы
жылу балансы ол жылудың кірісі мен шығысының арақатынасы. Жылу көздері жоқ
қорадағы жылудың мөлшері малдан шығатын жылу мөлшерімен анықталады. Жылу малдың
денесінен бөліну арқылы жиналады. Ал шығыны сыртқы ортамен жылу алмасу кезінде
және сыртқы қорғаушы элементтерді жылытуға кеткен (қабырға, төбе, еден, терезе,
есік,қақпа) жылудың шамасымен анықталады. Жылу балансын мына төмендегідей
жағдайларда есептейді:
-қораны
жобалау кезде жергілікті климаттық жағдайларда;
-қораны
қоршау жақтауларының жылулық қасиеттерін анықтау үшін:
-сыртқы
температураның ең төменгі деңгейін анықтау үшін (буұл температура қора ауасының
температурасын тиімді деңгейде ұстау үшін анықталады);
-ең
суық кезде қорадағы температураны болжау үшін;
-жылу
жүйелерінің қуаттылығын анықтау үшін,
Қорадағы
жылу балансын есептеудің басты мақсаты -ауылшаруашылық
малдары үшін мал қораларындағы
қолайлы температура мен ылғалдылықты жасау.
Мал
қораларының ішіндегі кәріз жүйесі қоймалжың қиды, қораның ішін тазалағаннан
кейінгі су қалдықтарын, малдарды санитариялық тазалықтан өткізгеннен кейінгі
шайынды суларды шығару үшін керек.
Кәріз
жүйесі құрамына кіретін жабдықтар:
қоймалжың(сұйық) қи ағатын науа (тік бұрышты ені 30 см және тереңдігі 20 см-ге
дейін) ал оның қи қабылдаушы траптарға қарай орналасу еңкіштігі кем дегенде 1%;
қи қабылдайтын және қи ағатын құбырларға қосатын траптар, қи алатын құбырлар,
олардың орналасу еңкiштiri кем дегенде 3%; түбі қи ағатын құбырдан тө мен
тереңдетілген құдыққа орналасқан гидравликалық қақпа; кәріз жүйесі құбырларын
қарауға және оларды тазалауға арналған бақылау құдықтары;
қидың
сұйық
бөлігі жиналатын жинағыш.
Мал
қораларынан нәжіс, көң, қиды механикалық, гидравликалық немесе пневматикалық
әдістермен және қолмен шығарады.
Механикалық
әдіс сиыр және шошқа қораларында тиімді. Сиырларды байлап ұстайтын қораларда
қиды шынжырлы қырғыш (ТСН-2, TCH-3,05, ТСН-160) және штангалы (ТШ-30-А, ТШПН-2
т.б.) транспортерлер арқылы күреп шығарады. Сиыр және шошқа шаруашылықтарында
мал серуендеу алаңдарындағы қиды және қалың төсенішті сиыр қорадагы қиды
бульдозерлер арқылы шығарады. Негізінде УС-10 қондырғыларын қиды қорадағы
көлденең орналасқан каналдармен шығару үшін қолданады.
Гидравликалық
әдіс
- үнемі және ауық-ауық жұмыс істейтін әрі қи өзінен-өзі ағатын жүйе. Қиды бұл
әдіспен үзбей шығарғанда, қи каналдың су бетінде қалқып жылуы арқылы оның біткен
жерінде орналасқан алмалы-салмалы табалдырықтан асып, үнемі шығып отырады,ал
ауық-ауық шығарғанда, қи арнайы жапқышы бар қораны бойлай орналасқан каналдарда
жиналады және ол 7-14 күнде шығарылып отырады (каналдардың толуына
байланысты).
Мал
экскременттерінің (нәжісінің) көлемі, олардың түрі азықтандырылу жағдайына
байланысты. Экскремент көлемі 1 тәулікте әр бас ірі қара малға шамамен 7,0-55
кг, шошқаға 3,3-22 кг, жылқыға 12-42 кг, қойға - 1,3-3,5 кг құрайды
(2-кесте).
Қи
құрамына экскременттермен бірге төсеніш те кіреді, ал қиды гидравликалық жүйемен
тазалағанда экскременттің негізгі бөлігі сұйық нәжіс болады. Әр бастан шығатын
сұйық қидың мөлшері шошқа кешендерінде шамамен 18-40 л (тәулігіне), ірі қара
шаруашылықтарында 55-65 л және 170-190 л (сауын сиырларда)
3.Атмосфералық ауаның жабық қорадағы жануарлар ағзасына ықпалы, зоогигиеналық қажеттілік.
Жер шары ауа қабығымен қоршалған. Күннен алыстаған сайын ауа тығыздығы төмендейді. Атмосфералық ауаның ықпалынсыз ешқандай тіршілік жоқ.Ал жануарлар ауадан оттегін алады, дем, бу (СО2, мен Н2О) шығарады. Сондықтан ауаның қасиеттері (температура, ылғал, қысым, шаң, микроорганизмдер) жануарлар арасына әсер ете отырып, әр түрлі аурулар туғызуы мүмкін.
Ал
онда аз мөлшердегі концентрацияда аммиак, күкіртті газ кездеседі. Соңғысы
атмосферада көп болмайды, бірақ өте улы газ. Атмосфералық ауа құрамы
жануарлар ағзасына әсер ете қоймағанмен, жергілікті климаттың ықпалы зор.