№9.Дезинсекция түрлері және әдістері. Инсектицидтер. Дезинвазия.Дезодорация
Пәні:Зоогигиена
Тақырыбы:Дезинсекция
түрлері және әдістері. Инсектицидтер.
Дезинвазия.Дезодорация
Жоспар
1.
Дезинсекция
түрлері және әдістері
2.
Инсектицидтер.
3.
Дезинвазия.Дезодорация
Дезинсекция (французша des - жоямын, латынша insectum - жэндік) - сыртқы ортадағы зиянды жәндіктерді жою. Бұл терминді ұсынып, ғылым мен өмірге енгізген академик Н.Ф.Гамалея (1910) болатын. Ол Петербург қаласында түнеме үйлерінде битке қарсы шаралар жүргізіп, сол арқылы бөртпе жэне қайталама сүзекті жояды.
.
Табиғатта миллионға жуық жәндіктер болса солардың 1%-ға жуығы ғана зиянкес тоғышарлар қатарына жатады. Кейбір жәндіктер оқыра, пысқырық,
эстроз,
гастрофилез, симулидетоксикоз сияқты аурулардың қоздыруіпылары болса, енді бір
тобы малдың қанын сорып, мазасын кетіреді. Оларға шыбын, шіркей, маса, сона,
бит, бүрге жатады. Бүлар малдың денесін тікелей зақымдап қана қоймай, көптеген
ауру қоздырушы микробтарды: вирустарды, бактерияларды, микоплазмаларды жэне тағы
басқаларды тасымалдаушы қызметің де атқарады. Сондықтанда зиянды жэндіктермен
күрес жүргізу ветеринариялық-санитарияның басты мақсаттарының бірі болып
табылады.
Мал
фермаларында зиянды жәндіктермен, әсіресе, шыбын жэне тарақандармен күресудің ең
тиімді жолы - мал қоралары мен оның айналасында тазалық сақтап, санитариялық
ережелерді бұлжытпай орындау. Қоралар мен мал ұстайтын орындарды көңнен уақтылы
тазалап, малдың басқа да қалдықтарын дұрыс зарарсыздандыру керек. Мұнда ең бір
көңіл аударатын жәйт - осы жэндіктердің жүмыртқалары мен балапан құрттарының
,өсіп-өнетін жерлерін мұқият зарарсыздандыру, малдың өлекселерін уақытында
әкету, биотермиялық апандардың бетін үнемі жабық үстау, көң қоймаларын мал
қораларынан 200 м артық аулақта орналастыру. Осы сияқты
ветеринариялық-санитариялық шаралар зиянды жәндіктердің тым көбейіп кетпеуіне
жағдай туғызады. Зиянды буынаяқтарды мүлдем қүрту мүмкін емес жэне ондай мақсат
коюдың жөні жоқ. Барлық іс-әрекет олардың сан мөлшерін реттеуге бағытталуы
керек. Сонымен қатар, жануарларды қан сорғыщ жэне басқада тоғыщар жэндіктерден
қорғау керек.
Дезинсекция жүргізу үшін эр түрлі
химиялық заттар - инсектицидтер пайдаланылады. Олар эмульсия немесе ерітінді
түрінде, аэрозоль ретінде жэне ұнтақ дуст ретінде себу арқылы пайдаланылады.
Қорада, мал фермасындағы түрлі нысандарға дезинсекция жасау үшін, малдың үстін дэрілеу үшін эр түрлі техникалық жабдықтар, негізінен дезинсекцияға арналған аспаптар пайдаланылады.
Дезинсекция
жасау мақсатында аэрозоль әдісін пайдалану да аса тиімді болып табылады. Бүл
мақсатта пайдаланылатын препараттар - дезинсектанттар сан алуан, олардың
қасиеттері мен қолдану жолдары паразитология пэнінде
қарастырылады.
Инсектицидтер (лат. insectum – жәндік және caedo – жою) немесе жәндікжойғылар – зиянды жәндіктерді құртуға арналған химиялық қосылыстар. Организмге ену жолына байланысты инсектицидтер бірнеше топқа ажыратылады. Жанасу жәндікжойғылары – жәндіктердің сыртқы тері қабаттарымен жанасуы арқылы енеді; олар шанышқылы-сорғыш ауыз органдары бар жәндіктерді (биттер, қандалалар) жоюға арналған.
Дезинвазия-
қоршаған
ортадағы паразит құрттардың (гельминттер) жұмыртқалары мен балаңқұрттарын жою,
сонымен қатар малдарда инвазиялық ауру тудыратын аскаридоз, параскаридоз,
кокцидоз, трихоцефалидоз, фасциолез, стронгилятоз, строигилойдоздармен күресу
шаралары болып табылады.