№10.Мал және құс шаруашылығында дератизацияны жүргізу ерекшеліктері.

Пәні:Зоогигиена

Тақырыбы: №9.Химиялық дератизациялық заттар. Мал және құс шаруашылығында дератизацияны жүргізу ерекшеліктері.

—  Дератизация (de - жоямын, ratus - егеуқұйрық) - зиянкес кемірушілерге қарсы бағытталған шаралар кешені.

—  Елімізді мекендейтін 332 түрлі сүтқоректі жануарлардың 132-сі кемірушілерге жатады. Олардың ішінде індет таратуға қатыстылары синантропты(грекше syn - бірге, anthropos - адам) деп аталатын адамның мекен-жайын төңіректеп тіршілік ететін 3 тұқымдастыққа жатады.

1.     Тышқан тәрізділер: егеуқұйрықтар (сұр, қара, жалпақ тісті), үй тышқаны.

2.      Атжалман тәрізділер: сұр тышқандар, құмтышқандар, атжалмандар.

 

 

 slayd29.jpg

3.Тиінтектестер:суырлар, саршұнақтар.

Кемірушілермен жұмыс жүргізгенде оларды қорек пен судан аластап, ін қазатын, балалайтын және тығылатын мүмкіндіктерін жою қажет. Бұның бэрі фермада тазалық пен реттілік сақтап, санитариялық шараларды бұлжытпай орындауға әкеліп саяды. Малшылар мен тұрғындардың арасында ветеринариялық үгіт-насихат жұмыстарын жүргізе отырып, зиянкестермен күресті жеке шаруашылықтар мен тұрғын үйлерді де түгел қамти отырып іске асыру қажет.

slayd30.jpg

Кемірушілермен күресте

—  Механикалық тәсілдер қақпан жэне басқа да жабдықтардың көмегімен зиянкестерді үстауға бағытталған. Бұл әдістер сирек қолданылады, бірақ та олардың тиімділі - кемірушілердің өлексесін жинау сияқты аса қиын жұмысты жеңілдетеді.

slayd31.jpg

Биологияық әдіспен кемірушілерді жою.Қазіргі уақытта кемірушілермен күресуде кең қолдау тапқан биологиялық әдіс - бактериялық препараттарды пайдалану. Бактериялық препараттар зиянкестердің қорғаныс-сақтық рефлексін тудырмайды. Бактериялық препараттар қосылған алдамшы жемді кемірушілер ешқандай қорқынышсыз жақсы жейді. Бұл препараттар тышқан тектестер үшін аса зардапты. Salmonella typhimurium бактерияларынан даярланады. Практикада бұл микробтардың жекелеген штаммдары Мерешковскийдің, Исаченконың, Прохоровтың бактериялары ретінде белгілі. Ветеринария практикасында бактокумарин атты препарат кеңінен пайдаланылады. Бұл профессор Д. Ф. Трахановтың ұсынысы бойынша дәндік азық S. typhimurium бактериялары мен улы зат зоокумариннің натрийлі тұзын сіңіру арқылы даярланады.

slayd32.jpg

Дератизациялық заттар – тышқандар және егеуқұйрықтармен күресу үшін механикалық, бактериологиялық және химиялық заттар қолданылады. Химиялық заттар ретінде зоокумарин, теңіз сарымсағы, крысид, көмірқышқылды барий және мырышты фосфатидтің маңызы зор.

Препараттары

1.     Зоокумарин

2.     Крысид

3.     Мырыш фосфиді

Зоокумарин – суда нашар еритін ақ түсті, дәмсіз ұсақ кристалды ұнтақ. Ас қорыту жүйесінде баяу еріп, ұзақ сіңеді. Қанның ұюын баяулатып, капиллярды бүлдіреді. Соның салдарынан қан кетіп, жануарлардың өліміне әкеліп соғады.

Препараттың уытты әсері тышқандар тәрізді кемірушілермен күресу үшін қолданылады. Сұр егеуқұйрықтарды жою үшін препаратты 0,6 граммнан 7-8 рет қолдану керек; бір рет берілетін летальдік дозасы 12-12 мг. Малдың 1 кг тірілей салмағына шаққандағы оның летальдық мөлшері: шошқаларға 1,0-1,2 мг; иттерге 6 мг; мысықтарға 60 мг; тауықтарға 500 мг.

Варфарин – кумарин тобының препараты. Азықтық заттарға араластырып 0,05-тен 0,025 % дейінгі концентрацияларында қолданылады.

Крысид – суда ерімейтін ашық-сұрғылт түсті ұнтақ зат. Сақтауға өте төзімді. Егеуқұйрықтар үшін летальдік мөлшері 0,0045, ал үй тышқандары үшін летальдік мөлшері 0,0005-0,0007. Препаратқа организм үйреніп қалуы мүмкін, сол себепті дератизациялық шаралар үшін оның летальдік мөлшерін қолданған жөн. Препараттың торайлар үшін уытты мөлшері 5-10 есе, ал балапандар үшін 30-80 есе жоғары.

Мырыш фосфиді – суда ерімейтін қара-сұр түсті ұнтақ зат. Ас қорыту жүйесінде еріп, өте улы фосфор қосындыларына дейін ыдырайды. Препараттың 3-5 % концентрациясы өсімдік майына араласытылады да азықтық заттарға қосылып беріледі. Егеуқұйрықтар үшін летальдық мөлшері 0,015-0,03 г, ал тышқандар үшін – 0,0005 г. Препарат басқа жануарлар үшін де өте уытты.

Хлорорганикалық қосылыстар - сыртқы орта әсеріне тұрақты. Кумуляциялық әсері бар, мал улануы мүмкін. Уланғанда мал тынышсызданады, сезімталдығы жоғарылайды, сілекей ағады, бұлшық еттері дірілдейді. Антидот жоқ.

Карбоматты туындылардың инсектицидті әсер етуі холинестераза ферментінің белсенділігін әлсіретуге негізделген. Соның салдарынан ацетилхолтин медиаторы бүлінбейді. Негізгі препараттарының инсектицидтілік белсенділігі фосфорорганикалық қосылыстардыкіндей, ол жануарлар үшін уыттылығы әртүрлі деңгейде болады.

Күкірт және оның препараттары жан-жақты әсер етеді, бірақ олардың ішіндегі ең маңыздысы – акарицидтік және бактерицидтік әсері.

 

 

Тапсырмалар

1.     Биологияық әдіспен кемірушілерді қалай жоюға болады?

2.     Зоокумарин препаратының уытты әсері?