№4 Малдың қоңдылығы, сойыс шығымы

№4  Малдың қоңдылығы, сойыс шығымы

  

Жоспары

1.     Ірі қараның күй түрлері

2.     Қойдың қоңдылық категориялары,

3.     Қойдың конституциясына сипаттама

4.     Сойыс шығымы, субөнімдері түсінігі

Ірі караның күйі деп — сыртқы пішініне байланысты, оның қоңдылығын айтады. Малдың күйі әр уақытта өзгеріп түрады. Малдың күйін төртке бөледі: зауытгық, көрмелік, жұмыстық жөне бордақылық.

ЗАУЫТТЫҚ күйге орташа қоңдылықтағы малдар жатады. Әсіресе бүл күйге асыл түқымды малдар кіреді, бұқалар көбінесе зауыттық күйде болуы керек.

КӨРМЕЛІК күй — көрмеге дайындалған малға төн. Малдың сырт пішіні әдемі, кей уақытта жоғары қоңдылықта болуы мүмкін.

ЖҰМЫСТЫҚ күйге қоңдылығы орташа малдар кіреді, олардың негізгі ерекшелігі қандай жұмыс болмасын шыдамды, әрі ұзақ уақыт төзімді жұмыс атқаруы қажет. Жұмысқа көбінесе өгіздерді пайдаланады, сондықтан бұқашықтарды немесе еркек бұзауларды 8-12 айлықтарында піштіреді.

БОРДАҚЫЛЫҚ күй бордақылау нәтижесіне байланысты. Бордақылаудың түрі көп, негізгі мақсат малды өте семіз қоңдылыққа жеткізу, ол үшін өте құнарлы, әрі калориясы көп азықтарды пайдаланады, сонда ғана мал денесіне май бітеді. Малдын семіз болуы, оның жасына да байланысты.

Қой малы қоңдылығының категориясы

Категориясы

Саулықтар

қошқарлар

Жоғары

Арқа және бел бұлшық еттері ұстағанда жақсы дамығаны білінеді, арқа және бел омыртқалары білінбейді;шоқтығы білінуі мүмкін; тері астында жинақталған майы білініп тұрады,арқасы шел қабырғаларында жинақталған майы орташа. Құйрықтықойлардыңқұйрығында, май құйрықтылардыңқұйыршағында май жақсыжиналған.

Бұлшық еттері жақсы дамыған;сүйектері білінбейді, шоқтық аймағындағы омыртқа ұштары байқалады.

Орташа

Арқа және бел омыртқаларының бұлшық еттері орташа жетілген шат сүйегі мен бел омыртқасының ұштары аздап шығып тұрады; арқасы мен қабырғаларында жинақталған майы білінбейді. Құйрықты және май құйрықты қойлардың құйрығында май мөлшері онша мол емес.

Бұлшық еттері қағанаттанарлық дамыған; шоқтық пен арқа аймағында омыртқа ұштары білінеді; тері асты майы арқасын жұқа қабатпен және белін сәл ғана жабады; қабырғасы сегізкөз аймағы және жамбасының шығыңқылығы рұқсат етіледі

Орташадантөмен

Бұлшық еттері орташа жетілмеген; арқа бел омыртқалары мен қабырғалары шығып тұрады; тері асты майы білінбейді. Құйрықтыжәне май құйрықтықойқұйрықтарындааздаған май болады.

Бұлшық еттері қанағаттанарлықсыз;сүй ектері білініп тұрады, ұшаның беткі жағында білінер–білінбес жұқа қабат түрінде май қаптайды, бірақ ол болмауы да мүмкін

П.Н. Кулешов қой малдарын конституциясы бойынша төрт типке: нәзік, тығыз, болбыр және сөлекет деп бөлді.М.И. Иванов әр түрлі бағыттағы малдар үшін мықты конституцияның маңыздылығын атап көрсетті, өзі қосқан бұл конституция типі тек, ұнамды малдарды өсірумен сипатталады. Тәжірибе жұмысында конституция типінің П.Н. Кулешов және М.Ф. Иванов бойынша жіктелуін пайдаланады. Ол мықты, сөлекет, нәзік, тығыз және болбыр типті конституция. Мықты конституция – ауруларға қарсы тұру қабілетінің беріктігі, өнімділігімен азық шығынын өтеуі, төлдегіштік қабілетінің жоғарғылығы кез келген тұқым үшін ұнамды малдар. Бұл типке жататын қой малдарының сүйегі мықты, бас және аяқ сүйектерінң қалыңдығы біркелкі, бастың кеудесіне ара қатынасы, орташа, көлемде, терісі тығыз жүні жіңішкелігі орташа, қарын жағында жақсы жетілген, жүн сапасы жоғары. Әдетте мықты конституциялы малдар жоғары өнімді болып келеді. Сөлекет конституция. Қойлардың сүегі өте жақсы дамыған, әсіресе, аяқ және бас сүйегі. Көптеген қой тұқымдарын көбінесе дөңес мұрынды болады. Сөлекет конституциялы малдар көбінсе, салмақты әрі ірі, көбісі, үйлесімсіз, тұлғалы болып келеді. Терісі ұстағанда қалың және сөлекет (дөрекі) Малдардың жүні осы типке сәйкес ірі болып келеді. Жабағы жүні аяғы мен қарнында нашар өскен. Жабағысы біркелкі емес, ал қылшық жүнді қойларда өлі талшық көп мөлшерде. Азықтың өніммен, жүн, ет, тері өтелуі төмен. Өнім сапасы орташа немесе төмен. Ал өміршеңдігімен денсаулығы жағынан мықты конституциялы малдармен тең кейде олардан асып түседі. Нәзік конституция. Бұл типтегі малдардың басы, кеудегі ұзын, жамбас бөлігі түсіңкі, сүйегі жұа және т.б. болып келеді. Олар ұсақ әрі жеңіл тұлғалы. Мұндай қой малдарының өнімділігі төмен, жүні сирек және қысқа, қарындағы жүннің өсуі нашар, денсаулығы әлсіз болады. Саулықтарының көбінің көбею қабілетті төмендеу. Тығыз конституция. Тығыз конституциялы малдар мықты конституциялы малдарға ұқсас келеді. Мұндай қой малдарының май жинауы төмен. Олар жақсы қозғалмалығымен, темпераменті жылдам, зат алмасусының тұрақтылығымен сипатталады. Сүйектері жақсы дамығанмықты, терісі тығыз, бұлшық еттері жақсы дамыған, денсаулығы да жақсы, сондықтан өндірістік тұрғыдан ұнамды типті малдар болып табылады. Болбыр конституция. Малдарыдың негізгі белгілеріне сүйенсек,тығыз конституция сипаттамасына керісінше, сипатта. Олардың терісі мен тері асты клетчаткасы өте жақсы дамыған, яғни ол май жинауға қабілетті. Олар флегматиктың темпераментке ие. Зат алмасуы бояу. Бұл конституциялық типтегі малдар көбінесе етті бағытта болады. Болбыр конституциялы малдар азық пен күтіп – бағу жағдайына көп талап койғыш келеді. Олардыңарасынантөлдегіштігітөмен, сүттілігінашармалдардыкездестіругеболады.

Ұша салмағын малдың терісі сыпырылғаннан кейін, қанын ағызып, ішкі мүшелерімен басы, аяғы және құйрығы алынып тастап, бүйрегі мен бүйрек майымен өлшейді. Алдыңғы аяқтарын – алдыңғы тізеден, артқысын – тілерсек буынынан бөледі. Малды сойғаннан кйінгі, сол уақыттағы ұшасын – булы (парной) деп, ал 24 сағат өткеннен кейінгі, тоңазытқышта 4—6°С температурада тұрып, суытылғанын тоңазытылған деп атайды.

Ұша қоңдылығы малдың тұқымына, жынысына байланысты болады, көбінесе ересек қойларда ал 20—30 кг-нан жоғары,1 жасқа дейінгілерінде 15—20 кг, қозыларында 10—15 кг.

Сойыс салмағына ұша салмағы мен іш майы (шарбы майы, қарын, ішек майлары) кіреді. Етті – майлы және май құйрықты қойлардың сойыс салмағына құйрық майы қосылады – құйрық майды малды сою кезінде бөліп алады да жеке өлшейді. Сойыс шығымы дегеніміз — сояр алдындағы тірі салмақтың сойыс салмағына проценттік қатынасы. Бұл көрсеткіш малдың тұқымына, қоңдылығына, жасына, жынысына және т.б көрсеткіштеріне байланысты 35-тен 60%-ке және одан жоғары мөлшерде ауытқып отырады.

Май жинаудың дамуы мен тоқтауы малдың жасына, тұқымына және азықтандыру жағдайына тығыз байланысты. Егер ұшаға 16-18 кг салмақта 25% жоғары емес,оның ішінде тері асты — 13, бұлшық ет аралық — 10 және бүйрек — 2% май жиналса тиімді болып саналады. Май қабатының қалыңдығы 16-18 кг салмақтағы ұша үшін арқадағы ұзын бұлшықет 3-3,5 мм, ал 20-25 кг ұша үшін — 4-5 мм болғаны жақсы.

Субөнімдер келесідей жіктеледі: а) етті—бауыр, жүрек, өкпе, диафрагма, өңешпен трахея, бүйрек,көкбауыр, ет кесінділері, желін,тіл және ми; б) кілегейліге—қарын, летошка; в) жүнді—бас. Категорияларына байланысты субөнімдер шығымына келесідей нормалар бекітілген:(малды аш ұстағаннан кейінгі тірі салмаққа %-тік қатынасы):

I категория: бауыр — 1, тіл — 0,3, ми— 0,15,ет кесіндісі — 0,38, жүрек — 0,45, диафрагма — 0,32; II категория: қарын— 1,4, калтык — 0,15, пикальді ет — 0,1, өкпе — 0,8, көкбауыр — 0,2, тілсіз, мисыз бас — 3,6. Өңделген субөнімдер шығымына орташа 9,5%, оның ішінде бірінші категория — 3,2%

Тест тапсырмалары

Тапсырмалар

Өзіндік жұмыс тақырыптары