№3 Малды бағалау бонитировка жұмыстары
№3 Малды бағалау бонитировка жұмыстары
Мүйізді
ірі қара мал басының тұқымдық және өнімдік қасиеттерін
бонитировкалу
арқылы
бағалайды. Асыл тұқымды мал шаруашылығындамал басын бонитировкалауды мамандар
(зоотехник-селекционерлер) арнайыасылдандыру ісі жөніндегі нұсқаулардыц
басшылыққа ала отырып жүргізеді.
Тауарлық
шаруашылықтарда малдың тек асыл тұқымдық тобын: сиырларды– сауымы аяқталғанда,
еркек таналарды – жыныстық қабілеттілігі жетілгенде, ұрғашы таналарды –
10-айлығында бонитровкалайды. Бонитировкалағандасиырлардың – сүттілгі, сырт
пішіні мен дене бітімі, шығу тегі; бұқалардың –сырт пішіні мен дене бітімі, шығу
тегі; таналардың – шығу тегі, сырт пішінімен өсімділігі
бағаланады.Бонитировкалау нәтижесінде оларды элита- рекорд, элита, І не ІІ
класқа жатқызады. ІІ клас талабына сай емес бастардыкластан тыс деп
табады.
Сүт
бағытындағы мүйізді ірі қара малды сүттілік көрсеткіштеріменбағалайды. Сиыр
сүттілігі бірқатар жағдайларға байланысты өзгереді. Малдың басқа да өнімділігі
секілді, шаруашылықтағы сиыр сүттілігі ең алдымен оның шыққан тегіне, яғни
тұқымына, қанының тазалығы мен асылдығына байланысты тек тұқымында жоғары
өнімділік қасиеттері бар мал сол өнімділікті көрсете алады. Әрине, ол асыл
тұқымдық қасиеттерді жетілдіріп, мал басынан мол өнім алу үшін, малды жастайынан
бағып-күтіп, құнарлы азықтандыру қажет.
Өйткені,
малдың денсаулығы мен өнімділігі ағзаның жеке өзіндікқұрылысына тән дене
тұрпатын пайымдайтын ішкі интерьерлік
құрылысы,
сол құрылыс ерекшеліктерін айғақтаушы малдың сыртқы дене пішіні мен сыртқы тұлға
көрінісі экстерьерімен
айқындалады.
Көз
мөлшермен сырттай бағалау.
Бұл
тәсілде бөлек бітімдер және малтұтастай алғанда көзбен сырттай байқау арқылы
және сипап байқау арқылы бағаланды. Экстерьерді көз мөлшермен бағалау қиындау
саналады, сол себепті де мұнда малдың осы немесе сол тұқымға жатудың
экстерьерлік ерекшеліктерін және субъективті жағдайда
болатынын
үлкен тәжірибелікті қажет етеді. Малды экстерьері бойынша бағалау ежелгі
заманнан белгілі. Бұл тәжірибе сұранысынан болған малдарды сыртқы бейнесі
бойынша шаруашылықтық бағалаудың алғашқы қадамы.
Үзік
сызықпен (пунктирлі) бағалау.
Осы
шкалаларға сәйкес әрбір дене бітім (немесе дене-бітім топтары) маңыздылығына
байланысты белгілі бір пункт (балл)санына қарап бағаланады. Әдетте максималды
100 балдық шкала(дене бітімнің барлық максималды балының жиынтығы 100-ге тең
болуы керек) қолданылады. Экстерьерлік бағалаудың бұндай әдістері пунктирлі деп
аталады. Пунктирлік бағалаудың мақсаты –көзмөлшерлік бағалаудың объективтілігін
арттырады. Мұндай жағдайда жалпы дене құрылымын ескермей-ақ дене-бітімнің
бөліктерін
бағалайды.
Өлшеу арқылы малдарға баға беру.
Экстерьерді
өте нақтыжәне объективті бағалау тәсілі малдың денесін өлшеу болады.
Малды
өлшеу үшін өлшеу таяғы, циркуль, өлшеу таспасы қолданылады
Ò
Өлшеуіш
таяқпен:
Ò
Шоқтығының
биіктігі –
шоқтықтың ең жоғарғы нүктесінен жерге дейін;
Ò
Арқаның
биіктігі –соңғы
көкірек омыртқасы өсіндісінің үстінен жерге дейін аралығы;
Ò
Құйымшақтың
биіктігі –
Құйымшақтың ең үстіңгі нүктесі мен жерге дейін;
Ò
Кеудесінің
тереңдігі –
шоқтығының ең биігінен жауырын сыртын жанай төс сүйегінің ең төменгі нүктесіне
дейінгі аралық;
Ò
Кеудесінің
енділігі –
жауырын сырты тұсындағы кеуденің енділігі;
Тұрқының
қиғаш ұзындығы –жауырын
мен тоқпан жіліктің қосылысы буыннан шонданайдың сүйегінің артқы бұдырына дейінгі
арақашықтық
Ò
Өлшеуіш
циркульмен
Ò
Сербегі
аралық ұзындығы –
мықын сүйектерінің алшақтығы;
Ò
Бастың
ұзындығы –
мүйіз аралығының ортаңғы нүктесінен танау айнасына дейінгі қашықтық;
Ò
Маңдайдың
ең үлкен ені –
көз шарасының ең жоғарғы ұзарған нүктелерінің өзара қашықтығы;
Ò
Өлшеуіш
таспамен өлшегенде
Ò
Кеуде
орамы –
жауырынның ақырғы бұрышынан жанап өтетін айналымды өлшейді;
Ò
Жіліншік
орамы –
білезік сүйектің ең жұқарған жеріндегі орам;
Ò
Бөксенің
жартылай орамы-
сол жақ тізе буынының бұдырынан оң жақ тізе буынының сыртқы бұдырына дейін
құйрық астын орап өлшегендегі қашықтығы
Индекс
дегеніміз — екі дене өлшемінің бір-біріне пайыздың байланыс қатынасын айтамыз.
Мысалы, кеуде енінің кеуде тереңдігіне пайыздың қатынасы — кеуделігінің индексі.
Индекс тәсілінің маңызы зор, себебі ол тек бір белгіні ғана анықтамай, қатарынан
екі-үш белгіні анықтайды. Иңдекстің, әсіресе малдардың тобын бір-бірімен
салыстырғанда маңызы зор, ол үшін 10 — шақты индексті қолданады. Малдың дұрыс
өсіп жетілгенін анықтау, дене құрылысының сыртқы сымбатын бағалау, әрі малдың
конституциялық типін білу үшін дене құрылысының индексін есептейді. Әрине екі
мүше өлшемі анатомиялық ерекшеліктері арқылы бірімен-бірі байланысты болады.
Малды
суретке түсіру
белгілі
бір тәжірибені, бірқатар жағдайлардың орындалуын қажет етеді. Малды дұрыс
тұрғызу, барлық малдарды біржағынан (оң немесе сол) түсіру, барлық түсіргендерді
біркелкі масштабта орындау керек. Малды денесін бойлай жүретіндей етіп,тура
жанын перпендикуляр етіп суретке түсіру керек. Бұны ашықкүні, арнаулы алаңда
түсіру керек.. Ата-тегінің бағытын және тұқым арасындағы дарақты суретке түсіру
арқылы ғасырлық етіп қалдыруға болады.
Мал бітімі Кемшіліктер тізімі
Жалпы
дамуы: жалпы
жетілмей қалуы. Сүйегі дөрекінемесе тым нәзік жетілген. Бұлшық етібосаңдау
немесе нашар жетілген. Денебітімі пропорциональды емес жәнеберетін өніміне
сәйкес келмейді.Тұқымның түрі әлсіз көрінеді.
Басы
мен мойны:
Басы
ауыр немесе артық жетілген,яғни бұқаның басы сиырдың басындай,сиырдың басы
бұқаның басындай болады.
Мойны
қысқа, дөрекі, терісі қалың.
Бұлшық
еті әлсіз жетілген.
Кеуде:
Кеудесі
қысыңқы, терең емес, ойысуы менсозылуы жауырынның маңайына дейін ғана
Жалы
және арқасы: Жалы
екіге бөлінген немесе қырлы.
Арқасы
қысыңкы, қысқа, салбыраған немесе бүкірейген. Белі қысыңқы,салбыраған немесе
шатыр тәріздес.
Дененің
орта тұсы(бөлігі): Сиырларда
әлсіз дамыған,бұқалардың құрсағы төмен түсіңкі.
Арты: Қысқа, салпы, шатыр тәріздес, айыртәріздес.
Желіні жәнеемшектері: Желіні кішкентай немесе салбыраған