№5 Малдардың өнімділігін анықтау

№5 Малдардың өнімділігін анықтау

Биенің сүттілігін анықтау:

Биенің сүттілігін анықтаудың 2 әдісі бар.
Біріншісі – құлынды енесінен бөліп басқа қораға қамайды немесе енесін еме
алмайтындай етіп желіге қысқа байланады. Ал бие қақтап сауып алынады да, тек екісағаттан кейін сауылады. Сауар алдында биені иіту үшін құлының жіберіп біраз емізеді.
Сауылған сүтті сүт өлшеуішпен немесе үлкен мензуркамен өлшейді.
Екінші – құлынның енесін емер алдындағы және емгеннен кейінгі салмағының
айырмашылығын анықтай білуге негізделген. Бұл әдіс бойынша да құлын енесінен бөлек, оңаша жерге байланып, енесін емер алдындағы және емгеннен кейінгі салмағыжазылып отырылады. Құлынның енесін әрбір емер алдындағы және емгеннен кейінгісалмағының айырмашылығы биенің тәулігіне беретін сүттің көрсеткіші болып саналады

Құлынды енесінен бөліп сауатын қымыз фермаларында биенің сүттілігін анықтау үшін И.А. Сайгин мына теңдікті ұсынады:

Ус=Ут*24/Т

мұнда, Ус – тәулігіне сауылған сүт; Ут – нақтылы сауып алынған сүттің жалпы мөлшері; т- сауу уақытының ұзақтығы, 24 - тәуліктегі сауын уақыты.

Сиырдың ет өнімділігі

 Малдың тірі кезінде, оның еттілік қасиетіне дұрыс баға берудің селекциялық маңызы үлкен. Малдың тірісінде еттілік қасиетін ауық–ауық салмағын өлшеу, соның деректері бойынша тәулігіне қосатын салмағын есептеу арқылы бағалайды. Сонымен қатар малдың еттілік қасиетін, оның сырт пішінімен, үлкен-кішілігіне қарап, біршама баға беруге болады

Малдың бір басының алғашқы бастапқы және етке өткізердегі салмағын, азық күнінің салмағын, абсолюттік және тәуліктік өсу салмағын анықтау керек.

Абсолюттік салмақ = Соңғы салмақ-алдыңғы салмақ

Тәуліктік салмақ= Абсолюттік салмақ / Тәулік саны

Құстардың жұмыртқалағыштығы инкубациялау көрсеткіштері

Жұмыртқалағыштық - құбылмалы, өзгеріп тұратын қасиет, ол көптеген факторлармен анықталып отырады. Тауықта бұған оның жыныстық жетілуі (бірінші жұмыртқаны салатын жасы), аралықтардың (интервал) саны мен ұзындығы əсер етеді. Жұмырт қалағыштыққа, əсіресе, жұмыртқа салудың тұрақтылығы жəне оның үзілмей жалғаса беретіндігі əсер етеді

Инкубациялаудағы биологиялық бақылау мақсаты – ұрық даму барысын бақылап, дамымай қалу себептерін тексеру болып табылады. Оныкелесі әдістермен іске асырады: инкубациялық жұмыртқаларды сұрыптап,бағалау; инкубация барысындағы ұрықтың дамуын бақылау және дамымайқалу себептерін анықтау; жарып шыққан тәуліктік балапандардың сапасынбағалау. Инкубациялау барысында ұрық дамуын овоскоптау жәнежұиыртқаларды жару арқылы бақылайды. Тауық жұмыртқасыновоскоптауды шайқаудың 6,5; 10,5 және 18 тәулігінде жүргізеді

Бекіту сұрақтары

1.     Абсолютті салмақ дегеніміз не?

2.     Тәуліктік салмақты қалай есептейміз?

3. Биенің сүттілігін анықтау жолдары?

Тәжірибелік сабақ тапсырмалары

Өзіндік жұмыс тақырыптары