№ 1 Ауылшаруашылық малдарының кең таралған тұқымдары, өнімділік бағыттары

№ 1 Ауылшаруашылық малдарының кең таралған тұқымдары, өнімділік бағыттары

 

Өндірілетін негізгі өнім түріне байланысты мүйізді ірі қара мал тұқымдарын сутті, сутті-етті және етті бағыттағы тұқымдарға бөледі. Қазақстанда сүтті бағытта - қырдың қызыл сиыры, әулиеата сиыры, бурыл латыш сиыры, қара ала сиыр тұқымдары; етті-сүтті бағыт та - алатау, симмeнталь тұқымдары; етті бағытта қалмақ сиыры, қазақтың ақбас сиыры, санта-гертруда, галловей тұқымдары өсіріледі.

Қырдың қызыл сиыры. Қазақстанда сан жағынан бірінші орындағы мүйізді ірі қара мал тұқымы. Негізінен Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола облыстарында өсіріледі. Дене бітімі келісті, тұрпаты (конституция) мықты, жеңіл де берік сүйекті келеді. Сүтті тұқым. Жылдық сүт өнімділігі – 2000-нан 4000-4500 кг-ға дейін болады. Сүтініңмайлылығы – 3,6-3,8%

Қой тұқымдары. Дүние жүзінде кең тарағандықтан, қой тұқымдары да көптеп саналады. Олар түрлі табиғи жағдайларға бейімділік, өнімділік қасиеттерімен ерекшеленеді. Негізгі өнімдік бағытына қарай Қазақстанда аудандастырылатын 15-ке тарта қой тұқымы мен тұқымдық топтары биязы жүнді, биязылау жүнді, қылшық жүнді және цяң жүнді болып төртке бөлінеді. Солардың ішінде республикамызда жергілікті табиғи-шаруашылық жағдайларына бейімделген еділбай қойы, қазақтың биязы жүнді қойы, арқар-меринос, солтүстік қазақ мериносы, оңтүстік қазақ мериносы, дегерес, қаракөл қойы өсіріледі. Ақтөбе облысының кейбір аудандарында цигай, сараджа, совет мериносы, Алматы облысында – австралия мериносы, қазақтың биязылау жүнді қойы, Жамбыл, Орталық Қазақстан облыстарында – қазақтың құйрықты қойы, қазақтың ақ қылшық жүнді сарыарқа қойы, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарында – солтүстік қазақ мериносы, алтай қойы, Солтүстік Қазақстан облысында – кроссберд типті қой тұқымдары, Батыс Қазақстан облысында - ақжайық қойы кездеседі. Олардың басым көпшілігі биязы жүнді тұқымдарға жатады. Тек дегерес, қазақтың биязылау жүнді қойы, цигай және кроссберд типті қой тұқымдары ғана биязылау жүнді, ал еділбай, қазақтың құйрықты қойы, қаракөл, сарыарқа, сараджа қойлары қылшық жүнді қой тұқымдарына жатады.

Алтай қойы-жүндес, етті, өсімтал, далалық жағдайға бейім қой тұқымы. Қошқарлары – 100-125 кг, саулықтары – 55-65 кг салмақ тартады. Қошқарларынан 12-14 кг, саулықтарынан -6-6,5 кг, таза шығымы – 42-55% жүн қырқылады. Жүнінің ұзындығы – 7,5-9 см, негізінен 64 сапалы. Төлшілдігі – 120-150%. Оңтүстік және солтүстік қазақ мериностарын, қазақтың биязы жүнді қойын шығару үшін пайдаланылған тұқым.

Қаракөл қойы – көп ғасырлар бұрын Орта Азияда шығарылған. Елтірі қой ішінде ең көп тараған тұқым. Шөлді жерлердің аса қатал жағдайларына өте төзімді. Құм жайылымында жақсы жайылып, сор татитын судың өзін іше береді. Сақа қойларының жүні ұзын өрімдерге жиналады. Құйрықтарына қор ретінде май жинайды. Ұзын, мықты, тұяқты сирақтары құмды жерлермен жеңіл жүрулеріне септігін тигізеді. Сақа қошқарлары – 60-80 кг, саулықтары – 45-65 кг салмақ тартып, қырыққанда – 2-4 кг ірі жүн өндіреді. Қара түсті қаракөлмен қатар боз, сұр қоңыр және де басқа түрлі-түсті елтірілер өндіріледі.

Ешкі тұқымдары. Ешкі тұқымдарын алынатын негізгі өніміне сәйкес – түбітті, жүнді, түбіт-жунді және сүтті бағыттарға бөледі. Еліміздің шаруашылықтарында негізінен жергілікті халықтық селекциямен сұрыпталып шығарылған қазақы ешкі өсіріледі. Қазақы ешкі – жергілікті жердің ауа-райына, жайылым отына өте бейімделген, ыстық пен суыққа бірдей төзімді мал. Өнімділігі жанжақты. Мол еттілігіменқатарсүттілігі, түбіт жүнділігі жақсы жетілген. Шаруашылық жағдайында өсіруге икемделген ең бір тамаша қасиеті – жайылымға талғамсыздығы мен жыл он екі ай өзбетіменжайылаалатындығында.

Сақа ешкілерінің тірідей салмағы – 38-40 кг тартып, 150-450 г түбіт пен қылшық өндіреді. Әрбір 10 ешкі жылына 12-15 тез жетiлгiшлақтуады. Күйіжақсы, қоңды ешкілер жылына екі рет лақтай алады. Лақтары тез жетіліп өз бетімен отығып кетеді. Жазғы жайылымда олар тез қоңданып, түлеп шыға келеді. Лақтаған ешкіден мол қою дәмдісүтсауылады. Химиялық құрамы мен қорытылымы бойынша ешкі сүтін жас нәресте қорегіне қолдануға болады.

Жылқы тұқымдары. Дүниежүзінде 250-ге тартажылқытұқымы мен тұқымдықтобыөсіріледі. Оларбір-біріненшығутегі, өнімдікбағыты, денеқұрылысы мен тірідейсалмағы, заталмасуыбойыншаерекшеленеді. Жылқытұқымдарынтоптастырып, жіктеу (классификациялау) олардызерттеудіжеңілдетіп, асылдандыруісін жүйелі түрдеұйымдастыруғамүмкіншіліктудырады. Зоологиялық, экологиялық және зоотехникалық тұрғыдан жылқы тұқымдарын қаңқасының жетілуімен хронологиялық өзгеруіне байланысты кластарға бөледі. Зоотехниялық жіктеулер ішінде іс жүзінде тиімдісі А.Красниковтың жіктеуі. Ол жергілікті жылқы тұқымдарын – далалық (башқұрт, бурят, қазақ, монғол), таулық (алтай, гуцул, карабах, қырғыз, локай, менгрел, тува, туша), ормандық (вят, карел, мезен, печора, полесие, эстон, саха-якут жылқылары) деп үш экологиялық типке бөлсе, ал зауыттық тұқымдарды – мініс (араб, ақaлтеке, буденный, иoмуд, терек, тракенен, таза қандысалтмініс), міністі-жегісті (дон, кабардин, қарабайыр, Қостанай, көшiм, жаңақырғыз), желісті (орлов, орыс, француз, американ), ауыр жүк тартатын (владимир, арден, литва, першерон, орыс, совет), жегіс (белорусс, жемайчу, латвия, торий) тұқымдарына бөлді. Ю.Барминцев шаруашылыққа пайдалану қасиеттері бойынша жылқы тұқымдарын төрт топқа бөлді – жұмысаттары (жегілетін және желісті жылқының шаруашылықта жұмысістеуге, жүктеңдеуге, тасымалдауға жарамды типі, экстремальды жағдайға арналған әскериаттар), спорт аттары (атспортыойындары мен жарыстарға, сондай-ақаттуризмінеарналғанаттар), сүт және ет өндіруге арналған жылқы (өнімді жылқылар), продуценттер (жылқы қаны нан сіреспе, гангрена, дифтерия, ботулизм, т.с.с. аурулардыемдеугеарналғанқансарысуындайындайтын биология өнеркәсібіндегі жылқылар). Қазақстанда өсірілетін негізгі жоспарлы жылқы тұқымдарына қазақы жылқының жабы мен адай типі, көшiм, қостанай және дон жылқысы жатады.

Түйе тұқымдары мен будандастары. Мал тұқымы деп белгілі бір әлеуметтік-экономикалық жағдайда адам еңбегі нәтижесінде қалыптасқан, шығу тегі мен тарихы ортақ, дене құрылысы мен өнімділік ерекшеліктері бірдей және осы қасиеттерін ұрпағына тұрақты түрде толық бере алатын, түліктің бір үлкен тобын айтады. Мал басын көбейтіп өнімін молайту үшін жергілікті жағдайға бейім мол өнімді мал тұқымын өсіру қажет.

Басқа түліктерге қарағанда түйе тұқымдары онша көп емес. Зоологиялық тұрғыдан түйені негізгі екі топқа – қос өркешті бактриандар мен бір өркешті дромедерларға - жіктейді. Елімізде қос өркешті түйенің үш тұқымы – қалмақ, монғол, қазақы түйелері, ал бір өркешті түйенің бір ғана тұқымы – аруана өсіріледі.

Қалмақтүйесі. Еділдің төменгі оң жағалауындағы аймақтарда құба қалмақтар ауып барғаннан өсіріліп, осы өңірдің табиғи жағдайынакөндігіпжетілген. Шаруашылыққапайдалықасиеттеріжағынанқосөркештітүйелердіңарасындаайрықшаорыналады. Бұл тұқым өте ірі, дене бітімі келіскен, бұлшық еттері қуатты, әрі серпімді. Басыкішкене, мойныбұлшықетті, кеудесікеңжәнетерең, құйым шағыс әл салбыраңқы, сирақтары сіңірлі, етсiз, тарамыстары жақсы жетілген. Түсі қоңыр және қара қоңыр болып келеді, қуқыл сары және ақ түстілері де басқа түйе тұқымдарынан гөрі жиі кездеседі.

Құс тұқымдары. Құстұқымдары негізгі өндірілетін өнім түрі бойынша жұмыртқалағыш, етті-жұмыртқалағыш, еттік, әсемдік және спорттық бағыттарға бөлінеді. Шаруашылықта әдетте тауықтардың жұмыртқалағыш және етті жұмыртқалағыш тұқымдарын, үйрек, қаз және күркетауықтардың етті тұқымдарын өсіреді.

Тауық тұқымдары.Тауық тұқымдары жұмыртқалағыш, етті-жұмыртқалағышжәнееттібағытқабөлінеді.Жұмыртқалағыш тауық тұқымдары шапшаң, жеңіл сүйекті, тығыз қауырсынды келеді. Әдетте 4-5 айлықтарында мекиендері сақа тауықтардың тірідей салмағының 75 пайызына жетіп, жұмыртқалай бастайды. Елімізде ең көп тараған тұқымдары леггорн және орыстың ақ тауығы. тауығы. Тауықтарының тұлғасы үшбұрышЛеггорн танып келеді. Түсі негізінен ақ. Басы орташа, мойныұзын, қайқы, қораздарының мойын қауырсыны өскен. Кеудесі шығыңқы, дөңгелектеніп келген. Жотасы ұзын, қайқы, сирақтары жүнсіз, тік келеді. Мекиендері 4,5-5 айлығында жұмыртқалай бастап, жылына 200-дей аппақ жұмыртқа табады. Жұмыртқадан балапан шығымы жоғары (80-90%). Мекиенінің тірідей салмағы – 1,2-1,8 кг, қоразынікі – 2,0-2,5 кг. Жұмыртқасының салмағы 50-60 г.

Етті-жұмыртқалағыш тауық тұқымдарына мекиендерінің тірідей салмағы – 2-2,6 кг, қораздарынікі – 3,0-3,6 кг, жылына әрқайсысы 56-60 г тартатын – 160-180 жұмыртқа табатын тұқымдар жатады. Оларға роз-айленд, нью-гемпшир, плимутрок, сусекс және оларды жергілікті тауықтармен шағылыстыру жолымен шығарылған мәскеу, бірінші май, ливен, юрлов тұқымдары жатады.

Етті тауық тұқымдарына корниш тұқымы жатады. Оның денесі ірі, төртбақ келеді. Жуас, сирақтары қысқа, қауырсындары сирек. Кеуде бұлшық еттері өте жетілген. Мекиендерінің тірідей салмағы – 3-3,5 кг, қораздарынікі – 4-4,5 кг. Жұмыртқасының әрқайсысы 38-60 гтартады. Жылына 130-150 қоңыр түсті жұмыртқа табады. Балапаншығымы – 70%.

Бекіту сұрақтары

ТЕСТ

 Өзіндік жұмыс