№ 2 Ен салу, зоотехникалық есеп жүргізу, тірі салмағы мен жасын анықтау

№ 2 Ен салу, зоотехникалық есеп жүргізу, тірі салмағы мен жасын анықтау

Сабақтың мақсаты – малды таңбалау әдісі мен ұйымдастыруын зерттеу. Таңбалау тәжірибесін игеру және әртүрлі әдіспен жасалған таңбаларды тану.Малдың тірі салмағы мен жасын анықтау әдістерін игеру.

Сабақтың мазмұны мен өткізу әдісі: нөмірлеу жүйесі малдың түрі мен шаруашылық жағдайына байланысты. Екі негізгі принцип қатаң орындалуы қажет. Біріншіден, жеке нөмірде төлдің туылған күні қойылуы керек, екіншіден отарда нөмірлер қайталанбауы керек. Бұл үшін фермалар бойынша нөмірлерді тарату жоспары болуға тиіс, жаңа малға нөмір мал отардан шығарылған соң ғана беріледі.

Қазіргі кезде мал шаруашылығында таңбалаудың әртүрлі әдістері қолданылады. Таңбалау түрі малды қолдану мақсаты мен ұзақтығына (аналық отар, аталық мал, мал басын толықтыруға арналған төл, бордақылаудағы мал), бағып-күту жағдайына, қолданатын технологияға және басқа да факторларға байланысты. Нөмірмен қатар жануарларға лақап ат беріледі. Ол қарапайым, таза дыбысты болуы керек, қоғамдық-саясаттық термин, адам аты, ұлттық атау болмауы керек. Кейбір кішігірім шаруашылықтарда төлге берілетін лақап ат анасының алғашқы әріпімен басталады (шошқа және жылқы шаруашылығында кең тараған). Ірі қара шаруашылығында, бір жылы туылған бұзаулардың лақап аты нақтылы бір әріптен басталады. Мысалы 2000 жылы туылған бұзаулардың лақап аты "С" әріпінен басталады: Сары, Салқын, ж.б. Лақап аттар сілтемесі бір жылға облыстық мемлекеттік асылтұқымдық бірлестікте құрастырылып шаруашылықтарға таратылады.slayd21.jpg

Таңбалау әдістерін мынадай түрлерге бөлуге болады:

- ұзақ уақыт сақталатын таңба негізінен асылтұқымдық тіркеуде қолданылады;

- аса ұзақ емес уақытқа таңбалау (бордақылаудағы мал, әртүрлі физиологиялық күйдегі малды бөліп алу, жайылым кезеңінде табын құру және т.б.)

Барлық таңбалар айқын болып, үлкен ара қашықтықтан малды бекітпей көрінуі қажет, адам мен малға қауіпсіз және ұзақ уақытқа сақталуы керек. Таңбалау және таңбаны оқып тану көп еңбекті және ұзақ уақытты, ерекше күрделі құрал жабдықты талап етпеуі керек.

Құлаққа ен салу арқылы таңбалау. Арнайы қысқыш  арқылы мал құлағына пішіні әртүрлі ән салады (домалақ, сопақша). Домалақ ен құлақтың ішкі бетіне, сопақша ен құлақтың шетіне салынады. Құлақты алдын ала тазалап, жуып, зарарсыздандырады. Одан соң берілген нөмірге байланысты ен салады. Ен тез арада өсіп кетпес үшін, терең, құлақты тесіп салынуы қажет. Ен салу орнын йод тұнбасымен өңдейді.

Татуировка арқылы таңбалау. Татуировка салу үшін 0-ден 9ға дейін сандары бар инелі штамп тіркелеген ерекше қысқыш қолданылады. Бұл әдістің мәні – құлақ жарғағы штамппен іш жағынан тесіледі де арнайы бояуларды (голландия күйесі, ыс, қара тушь) теріге үйкелеу арқылы бекітіледі. Терісі күңгірт малға – сурик немесе индиго бояулары қолданылады. Құрғақ бояуларды алдын ала денатуратталған (немесе изомил) спиртпен паста концентрациясына дейін араластырады. Татуировканың алдында құлақты мұқият тазалап, жуып, зарарсыздандырады. Әдістің кемшілігі – таңба салудың көп еңбектілігі, оны оқып танудың қиындығы, нөмірлердің айқын көрінбейтіндігі. Сенімді және ауыртпалықсыз болғаннан татуировка әдісі кең тараған.

Торайларды татуировка арқылы туылған күні нөмірлейді, олардың сол құлағына ұялы нөмір салынады. Бір ұя торайларына бірдей және жылдың басынан торайлаудың реттік нөмірі болыпсаналады. Торайларды бөлгенде олардың оң құлағына жеке нөмір қойылады. Және ол малда өмір бойы сақталады. Қабанға тақ, ал мегежінге жұп нөмір беріледі. Жасы ұлғая ұялы нөмір көмескіленіп, сорылып кетеді.

Мемлекеттік асыл тұқымдық кітапқа енгізу кезінде малдың сол құлағына нөмір және шифр қойылады.Ірі қара малға, шошқаға, қойға жеке нөмір оң құлағына салынады.

Мүйізде нөмірді күйдіру 0-ден 9-ға дейін сандары бар арнайы қызған клеймо немесе ПК-1 құралы арқылы жүзеге асырылады. Малдың жеке нөмірі оң мүйізге қойылады (ірі қара мал мен қошқарға), қошқардың сол мүйізіне туылған жылы, ал ірі қара малдың – асыл тұқымдық кітап бойынша берілген нөмірі күйдіріледі. Бұл әдіс оңай, жылдам және арзан, таңбалары жақсы көрінеді, оңай оқылады, бірақ оны мүйіздері жақсы дамыған малға ғана қолдануға болады.slayd27.jpgslayd25.jpg

Суықпен таңбалау. Бұл әдістің мәні – малдың түк жабындысындағы түс беретін торшаларды төменгі температурамен өлтіру. Кейіннен терінің өңделген жерінде түссіз (ақ) қылшықтар өседі. Бір, -екі-, үш немесе төрт өлшемді штамп (дақпырт)- таңбамен жабдықталған арнайы құралдар қолданылады.

Суытқыш ретінде көміртектің қос тотығын (-70°С) немесе сұйық азот (-196°C) қолданылады. Сұйық азот қолданылғанда таңбаны Дьюар сауытына 2-3 минутқа, ал көміртек пен спирт қосындысына 5-10 минутқа салып қояды. Ірі қара мал мен жылқы терісінің белгілі бір жеріндегі түгін қырып тастап, теріні спиртпен өңдейді. Суытылған таңбаны 5-6 айлық бұзау мен құлын терісіне 40-50c, 1-1,5 жасар малға -50-60с бастырады (сұйық азот қолданғанда). Көміртектің қос тотығын қолданғанда бұл уақытты екі есеге көбейтеді. Тағайындалған тәртіп орындалған жағдайда 2-3 аптадан кейін терінің өңделген жерінде таңбаның нұсқасын қайталайтын түссіз қылшықтар өседі. Бұл әдіс мал үшін ауыртпалықсыз, таңба ұзақ уақытқа сақталады және алыстан жақсы көрінеді.

Малды таңбалау үшін пластмасса ен сырға, әртүрлі металл сырғалары кең қолданылады. Ен сырғаларды бекіту үшін құлақты тесу керек. Құлаққа салатын ен сырғаның сыртында облыстың, ауданның, шаруашылықтың шифры мен малдың жеке нөмірі ойылып, боялады. Ен сырғамен таңбалау ірі қара мал және қой шаруашылығында қолданылады.

Соңғы кезде ірі қара мал шаруашылығында технологиялық топ-тарды құру кезінде сиырдың мойын жібіне түрлі-түсті ен сырға немесе нөмiр ілу арқылы таңбалау жүйесі құрастырылған. Малдың өнімділігіне байланысты мойын жібіне белгілі бір түсті жетон ілінеді.

Қазіргі кезде малды таңбалау үшін лазер құралы құрастырылуда.Жылқы шаруашылығында таңба салу қолданылады. Таңба ыстық немесе суық әдіспен салынады. Жылқы зауыттарында өзінің арнайы таңбалары бар

Қой шаруашылығында, асылтұқымды таңбалаудан басқа, кластық таңбалау қолданылады, бонитировка кезінде қойға берілген классты көрсетіп құлағына ен салады. Таза тұқымды қойға класстық енді оң құлағына, ал буданға сол құлағына салады. Оң құлағының ұшына салынған элита классты, құлақтың төменгі шетіндегі бір ен - I классты, құлақтың төменгі шетіндегі екі ен – ІІ классты, құлақтың жоғарғы шетіндегі бір ен – ІІІ классты, құлақтың төменгі шетіндегі бір ен және жоғарғы шетіндегі бір ен – ІV классты көрсетеді. Сол құлақтың ұшындағы бір ен таңдаулы топ екенін көрсетеді.

Құс шаруашылығында кемеліне жеткен селекциялық бір тәулік балапандардың оң жақ қанатын сақиналайды. Қанат таңбасында алты сан алдында тұрған әрiп аналық ұяны, алдыңғы екі сан қоразының нөмірін, екінші екі сан – мекиенінің нөмірін, соңғы екі сан – балапанның реттік нөмірін көрсетеді. Құсты топтапшағылыстырғанда бір тәулік балапанды екі аяғының жарғағын кесу арқылы таңбалайды. Осы әдіспен әртүрлі 16 таңба салуға болады.

Ата-аналық табын құру алдында құстың аяғын сақиналайды. Еркек құсты сақиналу үшін үш санды нөмірлеу, ал ұрғашы құсты — бес сандық нөмірлеу қолданылады.

Малдың тірі салмағы мен жасын анықтау

Малдың тірі салмағын анықтау - жасы ұлғая дене мөлшерінің өзгеруін есепке алу әдістерінің кең тараған түрі. Барлық мал түліктерінің салмағы арнайы таразыда өлшенеді. Азықтандыруға дейін екі күн қатарымен малды өлшеп, орта мөлшерін есептеп шығарады. Ірі малды өлшеу кейде қиындыққа түседі (сиыр, бұқа, жылқы), мұндай жағдайда салмағын дене өлшемдері бойынша анықтайды. Дене өлшемдері мен тірі салмағы арасында нақтылы байланыс бар. Ірі қара мал тірі салмағын дене өлшемдері бойынша анықтаудың екі әдісі бар: Трухановский әдісі. Еркек мал салмағын мына теңдікпен анықтайды:

M= AXB / 100* К

М- малдың салмағы, кг; А-жауырын асты кеудесінің орамы, см; Вденесінің тік ұзындығы, таяқпен өлшенеді, см; К-түзетуші коэффициент (сүтті тұқымдарға – 2, етті-сүтті және етті тұқымға - 2,5).slayd8.jpg

 klyuver_sh.jpgКлювер-Штраух әдісі. Жауырын асты кеуде орамымен денесінің қиғаш ұзындығын лентамен өлшейді. Тірі салмағы кесте бойынша анықталады.

Бұл әдістердің бәрі дәл емес, мал қоңдылығы бойынша түзетіп, енгізу керек: қоңдылығы ортадан жоғары кезде тірі салмақ көрсеткішін 5-10% жоғарылатады, ортадан төмен кезде -5-10% төмендетеді.

Жылқының тірі салмағы кеудесінің орамы өлшемімен тығыз байланысты.А.А.Матoрин әдісі бойынша жылқының тірі салмағы былай анықталады: У=6X - 620; У-тірі салмағы, кг; Х-кеуде орамы, см

У.Дюрст әдісі бойынша жылқының тірі салмағын кеудесінің орамы өлшемін коэффициентке көбейту арқылы анықтайды: 2,7жеңіл жылқыға, 3, 1-орташа жылқыға, 3,5-ауыр жылқыға. Ірі қара мал мен жылқы салмағын өлшемдер арқылы анықтау 20-30 кг қателестіреді.

Малдың жасы әсіресе асылтұқымдық жұмыстарға маңызды. Жасты анықтаудың ең дәл әдісі - туылған күнін тіркеу.

Туылған күні туралы деректер болмаған жағдайда басқа әдістерді қолдануға болады.

Бұл әдістерге мыналар жатады: сыртқы көрінісіне, тіс жүйесіне, мүйізінің жетілуіне, өзгеруіне қарап малдың жасын анықтауға болады.

Сыртқы көрінісіне қарап малдың жасын шамалап анықтайды: жас, орта жастағы, әлде кәрі мал екенін. Малдың дене бітімін, жеке бөліктер жетілуін, дене пропорциясын, тері мен түк жабындысының күйін ескереді.

Ірі қара мал жасын мүйізі бойынша анықтау.

roga.jpgЖаңа туылған бұзауда мүйізді төмпешіктер бар, екі айында мүйіз 1 см болып өседі, 20-айлық жасқа дейін мүйіз бір айда 1-см-ге өседі. Мүйіз ұзындығын сыртқы үлкен қиындысы бойынша түбінен ұшына дейін өлшеп, оған «бірді» қосса, бұзаудың жасын анықтауға болады. 20-айдан соң мүйіз айына 2,5-см-ге өседі, сондықтан 20айдан кейін малдың жасын мүйіздің ұзындығы бойынша анықтау қиынға соғады.

Сүтті сиыр жасын мүйізіндегі дөңгелектер арқылы анықтайды. Мүйізді дөңгелек бірінші бұзаулау кезінде пайда болады да, сонан соң егер сиыр жылда бұзауласа жыл сайын пайда болып тұрады.

Мүйіздің дөңгелектер санына бірінші шағылыстыру жасын қосып (әдетте 1,5-2 жас) сиыр жасын анықтайды.

slayd20.jpg

Тіс бойынша жасты анықтау.

Тіс бойынша жасты 2 жастан 5-6 жасқа дейін, 4-1 дәлелдікпен, ал кәрі малда 1-2 жастық дәлелдікпен анықтауға болады. Тіс жүйесінің мынандай өзге тістері бойынша мал жасын анықтайды: 1) сүт кескіш тістердің пайда болуы және қажалуы; 2) сүт кескіш тістерді түсуі және тұрақты тістермен алмасуы; 3) тұрақты кескіш тістердің қажалуы;4) сүт азу тістердің пайда болуы және түсуі;5) молярлардың пайда болуы; 6) тұрақты тістердің көлемі мен бетінің өзгеруі; Тістер алмасуының мерзімдері орташа болып саналады, ол малдың жеке ерешеліктеріне, азықтың саны мен сапасына т.б. байланысты.slayd15.jpgslayd14.jpg

slayd17.jpgslayd16.jpg

 

slayd18.jpg

 

 

 

 

Тәжірибелік сабақ тапсырмалары

Өзіндік жұмыс тақырыптары