14) тапсырма
1-тапсырма Тапсырма: Жеделхат үлгілерін
жазыңыз.
Үлгілермен
танысыңыз:
Қазақстан Республикасы Президенті
жанындағы Мемлекеттік қызметакадемиясының
ректоры ……….……….……
мырзаға
Жеделхат – телеграф (телетайп) арқылы жолданатын,
шұғыл мәселелер туралы хабарламалық сипаттағы құжат.
Жеделхаттың
артықшылықтары:
- мекеменің кез келген қызметкерінің
жіберуіне мүмкіндік болады;
- формальды түзетулердің (виза
қою, келісу, корректуралау, редакциялау) қажеттігі жоқ;
-
жеделхат қолмен жазылғанына қарамастан жіберуші мен алушы туралы мәлімет нақты
қамтылады;
- қажет жағдайда жеделхат мәтіні
расталады;
- жеделхаттар тез
жеткізіледі;
- жеделхат басқа байланыс түрлерінен
(интернет, факс) арзан, сенімді.
Жеделхатты жазу талаптары
:
- мәтін қысқа (ең ұзағы 300 сөз), анық, түсінікті
болуы тиіс;
- мәтінде кіріспе сөз, шылау сөздер
қолданылмайды;
- кейбір сөздерді қысқартуға
болады;
- цифрлар жазбаша беріледі (мысалы: 10137-бір нөл
бір үш, жеті);
- жеделхат құрылымы (алушы адресі, мәтін,
жіберуші адресі) қатаң сақталады;
- жеделхат мәтіні
қатесіз, түзетусіз болуы тиіс.
Жеделхат 2-ге бөлінеді: ішкі (мемлекет
ішіндегі) және халықаралық (шетелдерге жіберілетін).
Ішкі жеделхат түрлері:
өкіметтік, жедел, жай.
Жеделхаттың реквизиттері:
1. Сызықтың жоғары жағына
жазылып, ақша төленетін формулярдағы бөлігінде:
- түрі,
категориясы;
- номері, датасы, жіберілген
уақыты;
- алушының аты, адресі, мәтіні, қолы.
2.
Сызықтың сыртына жазылып, ақша төленбейтін бөлігінде:
- жеделхатқа қол қоюшы
адамның қызметі;
- датасы;
- автордың мекен-жайы.
Жеделхаттардың
рәсімделуі:
- мекемеде арнайы журналға тіркеледі (тігіледі
не желімделеді). Қасына алушының танысқаны жөнінде белгі, қол қойылады,
резолюция жазылады.
- Жолданғанда жіберушінің қолы
қойылады, көшірмесі сақталады.
Ескерту: Егер жеделхат телефон
арқылы жіберілсе, оны кім қабылдағанын, жұмыс телефонын, қызметін жазып
алыңыз.
Бекітемін:
Оқу ісінің меңгерушісі: С.Дәндесов Күні
_____________
2
– тапсырма
Мәтінді
оқыңыз. Оқылған мәтін бойынша сұрақ дайындаңыз . (5 сұрақ).
Жастар
– болашағымыз
Жастарсыз
– болашақ жоқ. «Ұлт болам десең, ұрпағыңды ойла» деген ұлағатты қағида осыдан
қалған. Бүгінгі жас – ертеңгі ел тізгінін ұстайтын ел ағасы. Еліміздің ертеңі,
мемлекетіміздің болашағы – жастардың еншісінде. Бүгінгі алдыңғы толқын аға
буынның орнын басар, ізін жалғастырар жастар болмақ. Ата-бабаларымыз қазақ
жерін, қазақ елін, салт-дәстүрін, тілін, дінін көздің қарашығындай етіп сақтап,
осы күнге аманат етіп қалдырды.
Еліміздің
ендігі дамуы мен өркендеуі, келешегі жастарға тікелей байланысты. Жастардың өң
бойынан халықтық қалып, әдет-ғұрып, салт-дәстүріміз көрініп тұру керек. Әрі
білімді, бәсекеге барынша қабілетті, сонымен қатар дені сау, жастарымыз белсенді
болуы, маңдай алды атануы керек. Ұлы Мағжан Жұмабаев айтқандай, «Арыстандай
айбатты, жолбарыстай қайратты, қырандай күшті қырағы» болу керектігін бүгінгі
қоғам, қазіргі нарық және бәсеке заманы тілеп-ақ тұр.
Жастық
шақ адам өміріндегі ең құнды да, қайта келмес кезең болып табылады. Жастық
өмірін мәнді, әр уақытын тиімді өткізіп, өзінің рухани білімін шыңдаумен
өткізген жас, ертеңгі өзінің ұрпағына айтар ақылы, ізгі өсиеті мол абыз қария
болмақ.
3 – тапсырма Істі тасыру-қабылдау
актісі
БЕКІТЕМІН:
Кәсіпорынның
басшысы
___________________
(қолы,
аты-жөні)
___
________ __ ж.
Мөр
ІСТІ
ТАПСЫРУ-ҚАБЫЛДАУ
АКТІСІ
___
________ __
ж.
№
Алматы
қ.
Жұмыстан босатылған ******бас
бухгалтер ___________________________
(кәсіпорынның
атауы)
_____________________________________________________________________
(аты-жөні)
және жаңадан тағайындалған бас
бухгалтер _____________________________
(аты-жөні)
№ ________ бұйрық негізінде,
___ ________ __ ж. жағдай бойынша олардың істі
тапсыру-қабылдау актісі жасалды.
*******Тапсыру-қабылдау актісі кәсіпорын
директорының орынбасары ________________________________________
қатысуымен жүргізілді.
(аты-жөні)
Істі тапсыру-қабылдау
нәтижесінде:
1. Бас кітап толығымен осы жылдың ____
___________ жағдай бойынша толтырылды.
2.
___________________ шоты бойынша аналитикалық есептің карточкасы
көрсетілді.
3.
Ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйек айларына арналған ордерлік журналы көрсетілді,
____________________________________ талдама есеп бойынша ведомостар және
депоненттерді тіркеу кітабы көрсетілді.
4.
_____________________________ жылғы бухгалтерлік баланс
көрсетілді.
5.
Мыналар бойынша ___________ жылғы салық декларациясы көрсетілді:
-
табыс салығы бойынша;
-
ҚҚС бойынша;
-
әлеуметтік салық бойынша.
6.
__________________ жылғы І, ІІ, ІІІ тоқсандағы тексерулердің актілері
көрсетілді.
7.
_________________ жылғы кәсіпорынның жылдық есебін тексерген тәуелсіз аудитордың
корытындысы берілді.
8.
Тізімдеме бойынша _____________ ж. ________ іс мұрағатқа
өткізілді.
9.
Тізімдеме бойынша анықтамалық-нормативтік әдебиеттер тапсырылды.
Қосымша:
1. Кәсіпорын мұрағаты ісінің тізімдемесі, 5 бет.
2.
Анықтамалық-нормативтік әдебиеттер тізімдемесі, 2 бет.
Істі
тапсырдым
________________
__________________
(қолы)
(аты-жөні)
Істі
қабылдап алдым
________________
__________________
(қолы)
(аты-жөні)
Істі
тапсыру-қабылдап алуға қатысқандар:
Кәсіпорын
директорының орынбасары
____________
______________
(қолы)
(аты-жөні)