7) Мінездеме, өтініш, қолхат жазу үлгісі
Мінездеме,
өтініш, қолхат жазу үлгісі
Мінездеме
Абай
атындағы Алматы мемлекеттік университеті қазіргі қазақ тілі теориясы
мен оқыту әдістемесі кафедрасының асперанты Оспанова Гүл
Нұрлыбекқызына 1970ж туған.
Білімі
жоғары
Оспанова
Гүл Нұрлыьекқызы Абай атындағы мемелекеттік университеті күндізгі оқу бөлімінің
асперанты болып 1995ж 1 желтоқсанда қабылданды. 1996ж «Қазақ тіліндегі
көсемшенің мағынасы мен қызметінің дамуы» тақырыбында кондедаттық дисертация
жұмысы бекітілді.
Асперантурада
оқып жүрген кезінде Оспанова Гүл Нұрлыбекқызы өзінің терең білімін ғылыми
зерттеу жұмысқа деген қабілетін көрсете білді. Асперантура бағдарламасына сәйкес
оқу түктемелерін ғылым кондидаты дәрежесін алуға қажетті талаптарды толық
орындады.
Өзінің
кондидаттық дисертация тақырыбы бойынша университет ішіндегі ғылыми теориялық
конференцияларда бірнеше рет баяндама жасады. Ғылыми жинақтар бетінде бес
мақаласы жарық көрді.
Асперант университет көлемінде жүретін қоғасдық мәдени
шараларға қазіргі қазақ тілі теориясы мен оқыту әдістемесі кафедрасының түрлі
бағыттағы жұмыстарына белсене араласты.
Мінезі
ашық, іскер, ұйым-қ қабілеті жоғары. Өз жұмысына ынталы адам мен тіл табыса
білетін асперант Оспанова Гүл Нұрлыбекқызы оқытушылар қжымы мен асперанттар
арасында сыйлы және олардың зор ықыласына бөленген. Тұрмысқа шыққан. Бір баласы
бар.
Мінездеме
Абай атындағы Алматы мемелекеттік университетіндегі филология ғылымының
дәрежесін алк үшін дисертация қорғайтын РК 14.05.04
Абай
атындағы Алматы мемелекеттік университетінің ректоры ҚРҒА
кореспонден мүшесі, профессор. А.Ж.Баянғалиева.
Сенімхат
(доверенность)
-
құжат иесі басқа біреуге бір істі атқаруға сөйтіп өз атынан оның құқын
пайдалануға рұқсат беретін құжатқұжат.
Сенімхаттың мәтіні мынадай
мәліметтерді қамтиды:
1. сенімхат иесінің аты-жөні:
қызметі, мекен- жайы.
2. сеніп тапсыратын өкілеттері мен
құқықтың дәл ауқымы.
Сенімхат
Мен,
Алматы қаласы, Жароков көшесі 211 үй пәтерде тұратын Сомов Виталий Петровичке
(жеке куәлігі кім? қашан бергені?) маған тиесімі 2000 жылдың наурыз айының
зейнетақысын бостандық ауданы жинақ банксіндегі есеп шотынан алуды сеніп
тапсырамын.
Сенімхат 2000жылдың 1 мамырға дейін
берілді.
12.03.2009
Б.Қасым
Қолхат
Іске
асқан бір фактіні, мысалы ақша алғанын растайтын құжат түрі. Құжат мәтінінде
қолхат берушінің қызметі қажет жағдайда аты- жөні алған ақшаның мөлшері немесе
басқа құнды дүниенің атауы ақшаны не құнды дүниені кімнен алғаны аты –жөні толық
көрсетіледі. Қолхатта ақша көлемі алдымен санмен сосын сөзбен жазылып
көрсетіледі. Мәтінде түзетулер, өшірулер болса құжат күшін жояды. Мәтінмен
қойылған қолдың арасындағы бос келістік сызықпен толтырылады.
Қолхат бір дана
түрінде толтырылады және ақша түріндегі құжатпен бірдей дәрежеде сақталады.
Кейде қолхатта қатысушы куәлар көрсетіледі. Бұл жағдайда куәгер қолхатқа өз
қолдарын қойып растайды. Ақшаны немесе құнды дүниені қайтарған жағдайда қолхат
жойылады.
Қолхат
Мен
«сыйлықтар» дүкенінің балалар ойыншығы бөлімінің меңгерушісі Райымбекова Алмагүл
Хасенқызы, азаматша Васильев Игорь Юрьевичтен 560 (бес жүз алпыс) тенге тұратын
«ковбой» электронды ойыншығын бөлімге тауардың түсуіне қарай сол мөлшердегі
басқа тауарға айырбастап беру үшін қабылдап алдым.
Қолы
01.03.2009
А.Х.райымбекованың қолын
растайтын «сыйлықтар» дүкенінің директоры:
Р.С.Сапин
01.03.2009 мөрі
Түсініктеме
Қызметтің
қандайда бір болмасын бір жарлықты орындамау немесе тәртіп бұзу себептерін
түсіндірген құжат түрі. Түсініктеме қалыпты қағазға қолмен жазылады.
Онда
кәсіпорынның құрылымдылық бөлімшенің атауын құжат түрі, күні, тақырыбы, мәтіні
жазылады, қолы қойылады.
Түсініктемеге қосымшалар (анықтама, жол билеті
т.б.)
№5
Кәсіптік лицей директоры
Ю.К.Ашбалов мырзаға
оқытушысы
Г.К.Сатовадан
Түсініктеме
47
к топ оқушылары 18- ші наурыз күні сабаққа толық қатыспаған, себебі жарты топ
оқушылары медбике бойынша емханаға жіберілді.
Келешекте қайталанбайды деп сөз
береміз.
47 к топ оқытушысы:
Г.К.Сатова
19.03.2009ж
қолы
Акт
Акт-
бірнеше лауазымды адамдардың белгілі бір фактіні не оқиғаны растап қол қойған
құжат түрі.
Келісімді және адам (тексеруші- ревизор, сарапшы- аудитор,
инспектор) толтыруда мүмкін.
Келісімді кәсіпорынның не оның бөлімшесінің және
жеке лауазымды адамдарды қызметін тексеру қорытындысы бойынша, мүлікті не
құжатты қабылдау- өткізу, объектіні немесе тауар- ақшалық бағалы заттарды
қабылдау кезінде жасалады.
Келісімде мынадай деректер болады:
Кәсіпорын
атауы құжат түрі, күні, индексі, жасалуы мен бекіту белгісі, тақырыбы, мәтіні,
қосымшасы бар екендігі туралы белгілі.
Актіге комиссия төрағасы және
мүшелері қол қояды. Актінің мәтіні 2 бөліктен тұрады. Кіріспеден кесімді жасауға
негіз болған құжат түрі, оның номері, күні көрсетіледі. Лауазымдар көрсетілген
комиссия құрамы сондай-ақ, тексеру кезінде болған адамның тізімі аталады.
Белгілеуші бөлімде комиссия жұмыстың мақсат міндеттері, иәні баяндалып
айқындалған фактілер рәсімделеді. Келісімнің саны мүктелі жақтарға қажетті
мүшелер жасалып мәтін санында көрсетіледі. Келісім жасалған соң комиссия мазмұны
мен актіде аталған адамдарды қолхат алып таныстырады.
Келісім әкімшілік
тарапынан бекітіліп, басқару шешім шығару үшін негіз
болады.
Коммерциялық
құпиялар
Бүгінгідей
бәсекелестік жағдайлар жеке кәсіпорынның коммерциялық құпияларын құрайтын
мәліметтерді анықтау қажеттілігі туралы. Оған идеялар өнер табулар жана
технологиялар фирманың табысы тауар жеткізуші, тауар өткізу жүйесі байланыстар
туралы мәліметтер т.б. жатады.
ҚР азаматтық кодекс крммерциялық құпияға
жатқызылу мүмкін мәлімеииің тізімі көрсетеді.
Кәсіпорынның өзі заң негізінде
коммерциялық құпияға жатқызылатын мәліметтердің тізімін т.б. анықтайды.
Ол
мәліметтер ғылыми техникалық сипатта болуы мүмкін.
Чертеждер, схемалар,
грециптура, технологияның ғылыми нұсқаулары, жеке электронды есептеу
машиналарына арналған бағдарламалар.
Іс жүргізу мәліметтер коммерциялық
құпияға жатқызу мүскін. Олар ға мыналар жатады.
1.
Клиенттер мен қаржылық есептеу, несие туралы мәліметтер
т.б.
2. Табыс, өнімнің құны мен қызмет туралы мәліметтер,
олардың көлемі мен өту бағалары.
3. Кәсіпорынды дамытудың
стратегиялық және тактикалық жоспарларын, тауардың бар жоқтығы мен тапсырыстар
көлемі.
4. Ішкі және сыртқы саудадағы өнімнен қызмет
көрсетудің бәсекеге қабілеттігін талдау.
5. Жарнама
қызметтің жоспары.
6. Бәсекелестер, дилдамдар туралы
мәліметтер, олардың қаржылық жағдайы мен қызметкерлердің құрамы туралы тізімдер
мен басқа да мәліметтер.
7. Жасадған және жоспарланған
келісімдер мен олардың шарттары, көлемі, сипаты туралы көлемге жататын
мәліметтердің сипаты мен көлемін өзі анықтайтын және жария болуды
жариялайды.
Құпия мәліметі білетін адам.
Өмірбаян
Мен,
Қуаныш Өмірбекұлы Сарсенов ауданы, Баршатас ауылында тудым. 1963 жылы 1 мамырда
дүниеге келдім. Ұлтым- қазақ. 1970-1980 дейін Баршатас ауылында орыс орта
мектебінде оқыдым. 1980 ж Қазақ политехника институтында компьютерлік техника
факультетіне оқуға түстім. Институтын бітірген кейін 1985-1988 жылдар аралығында
ғылыми жобалау институтында жұмыс істетім. 1988 жылғы 1 қыркүйекті қазақ
политехника институтының металлургия өнеркәсібі кафедрасына ауыстым. Қазір осы
кафедраның аға мұғалімімін.
Ата- анам бар: Әкем- Өмірбек Қадіров. Ұлы Отан
соғыстың ардагері, құрметті зейнеткер. Анам- Хадиша Насимова- ұзақ жыл бойы
мұғалім болып жұмыс істеді. Қазір зейнеткер. Отбасым бар: Жұбайым- Жазира
Дүйсенбайқызы Сұлтанова, жоғары білімді маман, дәрігер.
Үш балам бар: Әсел-
1989 жылы, студент. Ұлым Асқар 1992 жылғы, оқушы. Қызым Мира 1995 жылғы, оқушы.
Әскери қызметке міндеттімін, аға лейтенант атағым бар:
Қосымша мәліметтер:
қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік білемін. ЭЕМ (ЭВМ) бағдарлама-ң толық
меңгеремін, интернетке жұмыс істей аламын.
Мекен- жайым: Алматы қаласы,
«Қазақфильм» шағын ауданы, 47- үй, 16 пәтер.телефон-
96-47-91.
30.09.08ж
Қ.Д.Сарсенов
Еңбек
келісімі
Белгілі
бір жаспен белгілі бір дәрежеге жеткеннен кейін жұмысқа тұрғандардың әрқайсысын
еңбек жолын осы құжаттан басталады. Еңбек шарты заңмен рәсімделген 2 жақтың
(жұмысберуші мен жұмысшының) нақты бір міндеттерді өзіне еркін түрде алу туралы
жазбаша келісімі б.т. Еңбек келісімі жұмысқа орналасқан кезде немесе алдыңғы
жасалған келісімінің кейбір шарттары өзгергенжағдайларда жасалған. Келісімді
жасауға ұйым әкімшілігі белгіленген тәртіп бойынша қаралған арызды негіз болады.
Еңбек келісім мыналардан тұрады.
1. Құжаттың
аты.
2. келісімнің жасалған орны мен
күні.
3. Екі жақтың толық және шарты
атауы.
4. Жұмыстың сипаты мен мазмұны, оны орындауға
қажетті квалификациясы.
5. Келісім типі (негізгі жұмыс
қосымша істелетін жұмыс)
6. Келісім түрі (шектеулі мерзімге
әлде ұзақ уақытша.)
7. Келісімнің уақыты,
мерзімі.
8. Сыналы мерзімі.
9.
Жұмысшының міндеттері.
10. Еңбек жағдайы, еңбек ақы
төлеу сияқты әкімшіліктің негізгі міндеттерін көрсете отырып жазылған жұмыс
берушінің міндеттері.
11. Жұмысшының еңбек құқын қорғауға
қосымша кепілдік беретін мағлұмат,
12. Еңбек пен демалыс
тәртібінің ерекшеліктері туралы мәлімет.
13. Ақшалай
берілетін сыйлық көлемі мен оны төлеу тәртібі туралы мәлімет.
14.
Демалыс алу тәртібі және оның мерзімі туралы мәлімет.
15.
Келісім туралы жасалатын басқа да жағдайлар мен
шарттар.
16. Келісім бойынша атап өтетін
жағдайлар.
17. Келісім тоқталатын жағдай атап
көрсетіледі.
18. Екі жақтың қойылатын мекен- жайымен
реквизиттер.
19. 2 жақтық қойылатын қолы
(сигнатура)
20. Шартты қол қойылған күн
(дата)
21. Келісім қосымшасы.
Қызметтік хаттар
Қызметтік
хаттар безендіру- ң жалпы ережелері құрылымы қызметтік хат жазуда кең тараған
формаи түрі А- 4 болып табылады. Қызмет хат басып шығарудың технологиясы
өзгерген мен, оларды жазу әдісі безендірілуі хат мазмұнының беру тәсілдері
ондаған жылдар бойы қалыптасқан дәстүрінен көп өзгерген жоқ. 1 –ден компьютерден
басып шығарылған хат мәтіні. Қол жазбадағы нұсқасымен дәл болуы керек. Мәтінді
міндетті түрде қол жазбамен салыстыра отырып тексеріп қателері жөнделеді. 2-ден
құжат қатесіз болуы керек, түзету уақыт тығыз болған жағдайда ғана болады. 3-ден
қызметтік хаттың стилі ресми әрі түсінікті болуы керек. 4-ден текст жеңіл
оқылатындай болуй үшін оның бояуы қанық улкендеу шрифтімен басылуы керек. 5-ден:
қызметтік хат жазғанда оның қағазына көңіл бөлуі керек. Қызметтік хаттарға
қол қою үшін пайда. Қызметтік хаттың құрылымы ресми кіріспе сөздің
қабылданған стандарт формалары бар. Кіріспе сөз мекеме ұйымға да, ұйым басшысына
жеке же қарата айтыла береді. Кіріспе сөз абзац жолдан жазылады. Хаттың жалпы
мазмұны мақсатына нұсқау. Бұл кіріспе сөзден кейін бір интервал жіберіп барып
қағаздың оң жақ шетіне жеке жолға жазылады. Негізгі мәтін қызиеттік хат түрлері
өте көп мәтінге керекті материалдар дайындап оның жиі кездесетін сөздерді
қайталамай әдеби тілдерді пайдалана отырып арфаграфиялық қатесіз жазу.
Қызметтік хаттардың бірнеше түрі болады:
1.
Ресми хаттар:
2. Жеке хаттар:
3.
Ұсыныс, кепілдемелік хаттар:
4. Сұрау, салу
хаттары:
5. Шағын хаттар:
6. Жолдама
хаттар:
7. Циркуляр хаттар:
Ресми хаттар- белгілі бір
ортаның атқаратын жұмыстарына байланысты мәселелер жазбаша
қарастырылады.