13) тапсырма

1-тапсырма Бақылау сұрақтары:

 

1. Қазіргі қазақ әдеби тілінің қандай стильдік тармақтары бар?

 

2. Әр стильге тән белгілері қандай?

 

3. Ресми құжат стильдеріне тән қандай белгілер бар?

  

2 – тапсырма Мәтінді оқыңыз. Оқылған мәтін бойынша сұрақ дайындаңыз . (5 сұрақ).

Жастар – болашағымыз

Жастарсыз – болашақ жоқ. «Ұлт болам десең, ұрпағыңды ойла» деген ұлағатты қағида осыдан қалған. Бүгінгі жас – ертеңгі ел тізгінін ұстайтын ел ағасы. Еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің болашағы – жастардың еншісінде. Бүгінгі алдыңғы толқын аға буынның орнын басар, ізін жалғастырар жастар болмақ. Ата-бабаларымыз қазақ жерін, қазақ елін, салт-дәстүрін, тілін, дінін көздің қарашығындай етіп сақтап, осы күнге аманат етіп қалдырды.

Еліміздің ендігі дамуы мен өркендеуі, келешегі жастарға тікелей байланысты. Жастардың өң бойынан халықтық қалып, әдет-ғұрып, салт-дәстүріміз көрініп тұру керек. Әрі білімді, бәсекеге барынша қабілетті, сонымен қатар дені сау, жастарымыз белсенді болуы, маңдай алды атануы керек. Ұлы Мағжан Жұмабаев айтқандай, «Арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, қырандай күшті қырағы» болу керектігін бүгінгі қоғам, қазіргі нарық және бәсеке заманы тілеп-ақ тұр.

Жастық шақ адам өміріндегі ең құнды да, қайта келмес кезең болып табылады. Жастық өмірін мәнді, әр уақытын тиімді өткізіп, өзінің рухани білімін шыңдаумен өткізген жас, ертеңгі өзінің ұрпағына айтар ақылы, ізгі өсиеті мол абыз қария болмақ.

 

3 – тапсырма Глоссарий

Қазақ тілінде Орыс тілінде Ағылшын тілінде

білімді маман образованный специалист educated specialist

білім сапасы качество образования the quality of education

бәсекеге қабілетті конкурентноспособный competitive

бәсекеге қабілеттілік конкурентноспособность competitiveness

сенім арту оказать доверие have confidence

үздіксіз білім алу получать непрерывное образование receive continuing education

болашақ будущее future

халықаралық деңгейдегі білім знание на международном уровне knowledge at the international level