Дәрілік заттарды тері ішіне, тері астына, бұлшықетке және қан тамырларына енгізу

Мақсаты: дәрілік заттарды жылқының, ірі қара малдың, шошқаның, иттің, құстардың және зертханалық жануарлардың тері ішіне, тері астына, бұлшықетке және қан тамырына енгізу техникасын үйрену.

Тәжірибелік жануарлар: жылқы, ірі қара мал, қой, есек, зертханалық жануарлар

Жоспар

1.      Тері ішілік инъекция

2.      Тері асты инъекциялар

3.      Бұлшықет инъекциялары

4.      Тамыр ішілік инъекциялар

1.1. Тері ішілік инъекция

Көбінде аллергиялық препараттарды енгізу және енгізетін дәрілік заттарға биосынама қою үшін жасалынады. Автоматты шприцтер (сиымдылығы 2мл) және арнайы инелер немесе инесіз инъекторлар пайдаланады. Инені тері бетіне 2-3мм қалыңдықта енгізеді. Тері ішілік инъекцияның дұрыстығын айқындау ине ұшында шекарасы анық көрінетін дөңгелек төмпешік пайда болады. Мұны лимон қабықшасы деп те атайды. Инъекция орны: ірі малдарда мойынның қыр беткейінің ортаңғы үштен бір бөлігі; ұсақ малдарда құйрық асты қатпары; шошқаларда құлақтың сыртқы және ішкі беткейі; тауықтарда сақалшық.                             

1.2. Тері асты инъекциялар

Тері асты инъекциялар – ерітінділерді (сирек майлы) енгізудің ең жиі кездесетін жолы. Суспензиялар, гипертоникалық ерітінділер және инфильтраттар мен некрозды шақыратын тітіркендіргіш ерітінділер пайдаланбайды. Инені тері асты қабаты жақсы дамыған орынға тері қатпарын тартып 2-3см тереңдікте енгізеді: жылқыға және ірі қара малға мойынның қыр бетіне, көкірек астына; қойларға – санның ішкі беткейіне; итке және мысыққа – мойын, кеуде аумағына, санның ішкі беті; құсқа – шүйде және кеуде аумағына. Дәрі әсері 10-15 минуттен кейін басталады.  

1.3. Бұлшықет инъекциялары

Бұлшықет инъекциялары басқа түрілерлеріне қарағанда ауырсынуы төмен. Сулы, майлы ерітінділерді және суспензияларды енгізуде қолданылады. Тітіркендіргіш заттарды қолдануға болмайды. Тері асты қабатына қарағанда бұлшықет қанмен жақсы қамтамасыз етілген, соған байланысты дәрілік заттардың сорылуы жылдам жүреді. Ірі малдарға инъекция орны артқы сан бұлшықет тобы, мойын бұлшықеттері, кеуде асты, иықтың үш басты бұлшықеті; шошқаларда құлақ тұсындағы мойын бұлшықеттері, санның ішкі беткейі, бөксе бұлшықеттері, иықтың үш басты бұлшықеті; иттерде және мысықтарда артқы сан бұлшықеттер тобы, санның ішкі беті, иықтың үшбасты бұшық еті; құстарда төс сүйек және сан аумағы. 

  Дәрілік заттарды енгізу әдістері 

1.4. Тамыр ішілік инъекциялар

Тамыр ішілік инъекциялар және құюлар үшін тек сулы ерітінділер пайдаланады, себебі суспензиялар мен майлы ерітінділер эмболия шақыруы мүмкін. Тамыр ішілік енгізулердің емдік әсеріне тез жету үшін сұйықтықтың мөлшерін, енгізу немесе басқа жолмен енгізуге болмағанда (тері астылық немесе бұлшықетке енгізуде ұлпа өлі еттенуі мүмкін. Мысалы, хлоралгидрат, кальций хлориді 40% глюкоза ерітіндісі және т.б.). Жылқыға енгізу орны – мойынның алдыңғы үштен бір бөлігінің күре тамыры, тамырлар болмайтын жерде, сыртқы көкірек қан тамырына. Ірі қара малға сыртқы күре тамырына немесе тері асты қан тамырына; шошқаларға – құлақтың үлкен қан тамырына, марқа торайларға – құрсақтың тері асты қан тамырына және краниальды қуыс қан тамырына енгізеді. 

Иттерде – инъекцияға кеуде аяқтарының, білектің тері асты тамыры және жамбас аяқтарындағы кіші жасырын тамыры, қолайлы; құстарда – шынтақ буынының қасындағы шынтақ тері асты тамыр. Тері ішілік инъекция Инъекциялардың ең беткейлік түрі. Диагностикалық мақсатта 0,1-ден 1мл-ге дейін сұйықтықтарды енгізеді.

Бақылау сұрақтары

1. Инъекция дегеніміз не?

2. Инъекцияның түрлері

 3. Инфузия дегеніміз не?

4. Ветеринарияда қолданылатын шприцтерді атаңыз.

5. Қан ағызу дегеніміз не?

6. Күре тамырға инъекция қалай жүргізіледі