Жарақат және жарақаттың түрлері
Жоспар
1.
Жарақат
анықтамасы
2.
Жарақаттың
шаруашылықтарға келтіретін экономикалық әсері
3.
Жарақаттардың
жіктелуі
Жарақат
- әртүрлі
сыртқы ортаның әсерінен организмнің ұлпалары мен ағзаларының морфологиялық,
торшалық және молекулалық деңгейде патологиялық өзгерістерге ұшырауы.
Жарақат
– травма (trauma) грек тілінен аударғанда жарақат, зақымдалу дегенді білдіреді.
Жарқаттаушы
факторлар экзогенді және эндогенді деп бөлінеді. Сыртқы ортаның жарақаттаушы
әсерлеріне механикалық, физикалық, химиялық әсерлер жатады. Ал эндогенді
әсерлерге - организмдегі витаминді - минералды заттардың алмасуының бұзылуынан,
қан айналымының бұзылуынан,
аутоиммундық реакциялардан, аутотоксикациялардан және тағы басқа ішкі
құбылыстардың өзгерулерінен болатын жарақаттаушы факторлар жатады. Сондай ақ
эндогенді жарақаттаушы заттар азықпен асқазан – ішек қуысына түсуінің
нәтижесінде де туындайды. Мұндай іштен зақымдаушы заттарға ішкі мүшелерге
әртүрлі себептермен енген микроорганизмнің әрекеттерін және ағзаларда түзілген
тастардың әсерін де жатқызуға болады.
Жарақат
мал арасында өте жиі кездеседі, ресми мәліметтер бойынша ол тек таза хирургиялық
аурулардың 25-30% иеленеді. Ал бас кезінде хирургиялық ауру емес, кейіннен
хирургиялық ем қажет ететін аурулар санын қосса (трахеомотомия, руменотомия,
кесарев операциясы және т.б.) жарақаттың пайыздық саны одан да жоғары болады.
Бұдан басқа негізгі ем – хирургиялық
жолдармен емделетін кейбір жұқпалы
аурулар (актиномикоз, некробактериоз, сіреспе, айналма т.б.) да бар. Жалпы
алғанда барлық ауру малдардың 50% хирургиялық емді қажет етеді
екен.
Жарақаттың
мал арасында тарауын, онан келетін зиянды бірталай ғалымдар зерттеген.
Г.Әбішовтің деректері бойынша ірі қара малда жарақат 37,8%, оның ішінде үш
жастығы таналарда - 26,5%, қойда жайылым кезінде 44,6%, қыстауда 7,3%, шошқада
28,4%, жылқыда 26,4% кездеседі. М.В.Плахотин мен Щитов бордақылау
комплекстерінде бұқашықтарда жарақат 12-30% дейін кездесетінін
бақылаған.
Жарақаттың
жиі кездесуі шаруашылықтарға орасан зор экономикалық зияндық келтіреді. Малдың
өнімділігі азаяды, салмағы төмендейді, көп дәрі-дәрмек, бағып қарауға адам күші
кетеді. Осының бәрін ескерсек, ауру малды емдегеннен жарақаттың алдын алуға
әрекет жасау өте маңызды. Мұнда мал организімінің биологиясына сүйеніп, оның
табиғатқа байланысты өмірін ескеру керек. Ол: "организм + табиғи орта + адамның
малға қолдан жасаған жағдайы". Адам малдан неғүрлым мол өнім алу үшін, малға әр
түрлі жақсы жағдай жасайды. Мал организмі жеген азығын толық қорытуға,
энергиясын (күш-қуатын) толық пайдалануға, сыртқы ортаның әртүрлі зиянды әсерлеріне қарсы тұру
қабілетін төмендетіп, адам жасаған жағдайға бейімделеді. Неғүрлым ауыл
шаруашылық малдарының өнімділігі жоғары болса, соғүрлым олардың күтімі жақсарып,
тиісті жағдай жасалады. Малдарды жабық кешендерде баққанда оның сыртқы орта мен
динамикалық тепе - тендігі бұзылып, әр түрлі ауруға шалдығады (артрит - буын
қабынуы, тендинит - тарамыстың қабынуы, тұяқ аурулары т.б.). Мұнымен қатар мал
қимылсыз көп тұрған жағдайда терінің, бұлшық еттің, ішкі секреция бездерінің,
жүйке жүйесінің қан
айналысы нашарлайды. Көп
қимылдамаған малдың бұлшық еттерінде, сүйектерінде, буындарында, ұлпаларында,
ағзаларында қан айналысы 10-15 рет төмен болады. Организмде гипотония дамып, зат
алмасу және нейроэндокрин жүйесінің қызметі төмендейді. Мұның бәрі малдардың
жарақаттануға бейімділігін артырады.
Себептеріне
қарай жарақаттар 5 түрге бөлінеді: механикалық, физикалық, химиялық, биологиялық
және жүйке-стресстік.
Жарақаттың
түрлері
Механикалық |
Ашық |
Кесілген Тесілген Шабылған Жаншылған Жұлынған Жыртылған Тістелген Оқ
тиген |
Жабық |
Соғылу Созылу Үзілу Шайқалу Басылу Гематома
Лимфоэкстравазат | |
Физикалық |
Термикалық
|
Күйік Үсік |
Электрожарақат Сәулелік
жарақат |
| |
Химиялық |
Сілтіден
күю Қышқылдан
күю Ауыр
металдың тұздарынан күю |
|
Биологиялық |
Бактериялардан Тоғышар
құрттардан Зең
саңырауқұлағынан |
|
Жүйке-стресстік |
|
|
1)
Механикалық жарақат
— организмге әсер еткен механикалық күштен пайда болып, ұлпалар мен ағзалардың
әр түрлі дәрежеде зақымдалуын тудырады. Жарақаттың пайда болуына себепкер
факторларға организмге витаминдер мен минералдық заттардың жетіспеушілігі, зат
алмасуының бұзылуы, малдың арықтап қажуы т.б. осы сияқты жағдайлар жатады.
Жарақаттың пайда болуы мал түлігінің жасына да байланысты. Жас және
кәрі
малдардың терісі, ұлпалары,
сіңірі, тарамысы және сүйегінің механикалық күштің әсеріне төзімділігі төмен
болады. Жылқы мен иттің сіңірі, терісі және тарамысы ірі қара мал мен шошқаға
қарағанда мықты, созылғыш келеді. Бұл жануарлардың сүйектері де мықты
болады.
Механикалық
күш организм ұлпаларына соғу, бұрау, қысу, жаншу сияқты түрлерде әсер етеді.
Ұлпалардың зақымдалу дәрежесі механикалық күштің бағыты мен әсеріне,
жылдамдығына, әсер етуші заттың тығыздығы мен көлеміне, ұлпалар мен ағзалардың
физиологиялық жағдайына тікелей байланысты. Мысалы: қуысы толы асқазан, қуық,
ішектерге оқ тисе олардың зақымдалуы қатты да көлемді болады. Сол сияқты буаз
малдарда остеомаляция дамығандықтан, сүйектері сынған жағдайда көп жерден
сынатыны байқалады.
Механикалық
жарақаттар ашық және жабық жарақаттарға бөлінеді. Сондай - ақ операциялық,
кездейсоқ, туа пайда болған және соғыс жарақаттар деп те қарастырылады. Тері
бүтіндігі бұзылса пайда болған жарақатта ашық жарақат дейміз. Тері бүтіндігі
бұзылмай пайда болған жарақатты жабық жарақат дейміз. Жарақаттану кезінде
ұлпалар мен ағзалардың үзілуі, созылуы, буынның шығуы, сүйектің сынуы мүмкін.
Тері анатомогистологаялық құрылысының ерекшелігіне байланысты өте созылғыш және
мықты болады. Сол себепті тарамыс - сіңірлер үзіліп, созылып жатқанда, сүйектер
сынып, жаншылып ұнтақталған жағдайларда терінің бүтіндігі сақталуы жиі
кездеседі..
Тері
немесе кілегей қабатының бүтіндігі бұзылған жарақаттарды ашық механикалық
жарақат дейміз. Оларға әр түрлі кесілген, тесілген жарақаттар, ашық сынықтар
жатады.
Жарақаттар
механикалық күш тікелей әсер еткен жерде немесе одан алшақ жерде де болуы
мүмкін.
Мысалы:
күш малдың жілігіне тікелей әсер етсе, ол сүйек сол жерден шорт сынады. Ал егер
мал биіктен алдыңғы аяғына салмақ түсіріп құласа, күш тіке әсер еткен тұяқ емес,
малдың тоқпан жілігі орнынан тайып (шығып) кетуі мүмкін.
Кейде
механикалық күштің әсерімен ұлпалар мен ағзаларда молекулярлық өзгерістер пайда
болады, оны шайқалу немесе контузия дейді.
2) Физикалық жарақат
аса жоғары және төмен температураның,
электр тоғының және әртүрлі сәулелердің әсерінен пайда болады. Мысалы:
малдың отқа күйюі, суыққа үсуі мүмкін.
3) Химиялық жарақат
— мал организміне қышқыл, сілті, ауыр металдың тұздары және т.б. химиялық
заттардың әсер етуінен пайда болады. Мысалы: малды химиялық дәрілермен
емдегенеде, паразиттерге қарсы дәрілегенде кездеседі. Химиялық заттар түрлеріне
байланысты көбінесе тиген жеріне әсер етеді, не болмаса организмге тері, кілегей
қабығы арқылы сіңіп бүкіл организмді уландырады.
4) Биологиялық жарақат
организмге вирустар, микробтар, зең саңырауқұлақтары, паразиттер еніп өсіп -
өнгенде пайда болады.
5)
Жүйке - стресстік жарақаттар
көру, есту органдары арқылы малдың жүйкесіне стресстік жағдайлардың әсер етуімен
пайда болады. Жануарларды аса қорқытып – үркітетін стресстік жағдайлар малды
үйреншікті қалпынан басқа қалыпқа ауыстырғанда, транспортпен тасымалдағанда,
тиеп - түсіргенде, көп малды эпизоотияға қарсы дәрілегенде, тоғытқанда тағы сол
сияқты жағдайларда пайда болып, организмнің бейімделу табиғатын айырықша
төмендетеді. Жүйке - стресстік жарақаттар әсерінен әлсіреп қажыған жануарлардың
өнімділігі азайып, өсіп - өнуі тежеледі. Тіпті есінен танып, өліп кетуі мүмкін.
Көбінесе бұзаулар мен шошқаларда және терісі бағалы аңдарда көп
кездеседі.
Бақылау
сұрақтары:
1.
Жарақаттардың
түрлері
2.
Жарақаттаушы
факторлар?
3.
Ашық
жарақаттар мен жабық жарақаттардың емі қандай?
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі:
1.
Жануарларға
алғашқы емдік көмек көрсету: Қанжігітов Е.Қ., 64 бет
2.
Мурәлінов К.Л. Оперативті хирургия. (оқулық құрал)
—Алматы Каз.ҰАУ . 2006 ж 416 б.