Хирургиялық инфекция
Жоспар
1.
Хирургиялық
инфекция анықтамасы
2.
Хирургиялық
инфекцияның жіктелуі
3.
Анаэробты
инфекция.
4.
Газды
гангрена.
5.
Сепсис
Хирургиялық
инфекция ұлпалардың әртүрлі зақымдалу кезінде пайда болады. Әдетте хирургиялық
инфекция қоздырушысы енген жерінде басталады (микроб, вирус, саңырауқұлақ) және
ауыздықталған қабыну үдерісі жергілікті хирургиялық инфекция түрінде өтеді.
Ағзаның
резистенттілігінің төмендеуі және қоздырушының жоғары патогендігі мен уыттылығы
нәтижесінде қоздырушының жайылуы басталады және мұндай жағдайдан соң жалпы
хирургиялық инфекция – сепсис пайда болады. Егер хирургиялық инфекция белгілі
бір қоздырушымен шақырылған болса, онда ол біртүрлі деп, ал егер бірнеше түрлері
еніп, дамуымен сипатталса аралас деп аталады. Қандай да бір патологиялық үдеріс
өтуі барысында пайда болатын әртүрлі микробтарды кезекті түрде жұқтырса, оны –
екінші инфекция деп атайды.
Ал
бірінші аурудың белгілері қайтадан басталып, микробты екінші қайтара жұқтырса,
оны – қайталамалы инфекция деп атайды. Хирургиялық инфекция өтілімі бойынша:
жіті және созылмалы деп бөлінеді. Қоздырушы сипаты және ағзаның әрекеттесуіне
байланысты:
1)
Аэробты немесе іріңді хирургиялық инфекция – аэробты микробтармен шақырылады
(стафилакокк, стрептококк, диплококк, ішек және көкіріңді таяқшаларымен және
т.б).
2)
Анаэробты хирургиялық инфекция – ұлпаларды ерітетін анаэробтар, бациллалармен
(газды гангрена, кеселді ісік) және токсикалық ісік микробтарымен шақырылады;
3)
Ерекшеленетін хирургиялық инфекция (делбе, сақау, бруцеллез, туберкулез,
некробактериоз, актиномикоз, ботримикоз).
Инфекция
– күрделі патологиялық үдеріс, малдың ағзасында инфекция қоздырушылардың
жалпылануына қарсы тұратын нақты механизмдер:
Бұзылмаған, дұрыс тері мен кілегейлі қабыққа микробтар өте алмайды, яғни бұл
эпителий қабаты, оған қоса теріде кейбір авторлардың мәліметі бойынша лизоцим
микробқа қарсы заттар болады, ал кілегей қабықта сілекей мен лизоцим.
Фасцин, ағзаның сыртқы қабығы;
Бауыр және лимфоцитті кедергі;
Гематоэнцефалитикалық кедергі (бас және омыртқа миы, жүйке бағанасы кілегей
қабықтар);
Гематоофтальмиялық кедергі (көз шырышы);
Жергілікті талшықты кедергі (жасуша
аралық зат);
Талшық аралық сұйықтық, ол фермент және иммунды дене;
Жасушалы шырыш.
Оған
қоса зақымдану аумағында иммунобиологиялық кедергі қалыптасады. Басында ісіп
қызару болады, сосын сау талшықтар аумағында жасушалы лейкоцитарлы -
гистиоцитарлы кедергі пайда болады, ол кейін түйіршіктенген ұлпаға айналады, бұл
арқылы микроорганизмдер мен олардың уыты ене алмайды. Осылайша, малдардың ағзасы
микробқа қарсы тұру механизміне ие болады, кейбір ғалымдар мұны аутоантисептика
деп атайды. Хирургиялық инфекцияны дамуына мүмкіндік беретін жағдайлар:
Терінің және кілегей қабықтың иммунобиологиялық жетімсіздігі; Біріктіруші
талшықтың физиологиялық жүйесінің қорғаныс және кедергі қызметінің төмендеуі;
Нейрогуморалды реттелу және зат алмасудың бұзылуы; Гипо және авитоминоз;
Ағзаның сезімталдығы;
Азықтық жүдеу;
Көп қан жоғалту;
Дисбактериоз;
Ауыр жарақат және интоксикация;
Ағзада өлі еттену мен басқа заттардың
болуы;
Ағзадан қажетсіз элементтердің шығуының тоқтауы немесе азаюы;
Жасушалық ыдыраудың тоқтауы. Аэробты іріңді инфекция. Жануарларда анаэробты
инфекцияға қарағанда, аэробты түрі әлдеқайда көп кездеседі. Көп жағдайда
жергілікті, өткір іріңді қабыну түрінде, кейде созылмалы түрде өтеді. Іріңдеу
өзіне тән ерекшелігі болып табылады.
Клиникалық білінуіне байланысты іріңді инфекцияны келесі түрлерге бөледі:
абсцесс (іріңді) және флегмона. Іріңді (Abscessus) домбығу, іріңдеу – іріңмен
толған, патологиялық қуыспен шектелу мен, жиі іркілдек өзектің инфекциялық
қабыну нәтижесінде пайда болады, басқа ұлпалар мен мүшелер сирек кездеседі. Этиологиясы. Стафилакокк, стрептококк,
көкіріңді таяқшалар, ішек таяқшасы, туберкулезді таяқша, актиномициттер және т.б
саңырауқұлақтардың, сонымен қатар әртүрлі химиялық заттардың әсерінен –
скипидар, керосин, кротон май және т.б ұлпаларға ену нәтижесінде пайда болады.
Клиникалық белгілері мен диагностикасы. Беткейлі абсцессті (іріңдіктер) қараған
кезде қолдың ұшымен басқанда бүлкілдейтін жартылай сфералық ісік деп аталады,
жалпы және жергілікті температура көтеріліп, орта дәрежелі ауырсыну байқалады.
Терең
абсцесстерді диагностикалауда міндетті түрде тесу (пункция) жасайды.
Дифференциалды диагностика. Абсцесс бірнеше күн бұрын пайда болатынын ескеру
керек, ал гематома жарақаттан кейінгі бірнеше минут немесе сағат ішінде пайда
болады, оны тесу инеден қан ағу арқылы жүреді. Емі. Жетілген абсцессті іріңнен
аспирациямен тазартып, содан кейін ірің қуысын шаяды. Жергілікті ауырсынуды басу
арқылы абсцессті ашу кезінде ең жақсы нәтиже алынады. Абсцесті ашу қуысын
антисептикалық ерітіндімен шаяды, зарарсыздандырылған майлықпен кептіреді және
Вишневский немесе синтомицин линиментін жағады. Флегмона — тері асты,
бұлшықеттер және фасциялар арасындағы (шелдің) жайылмалы іріңдеп қабынуы. Бұл
жағдайда ауру ошағы, анық шектелмеген, домбыққан ұлпалар ішінде сұйықтық
(жалқаяқ) немесе ірің пайда болуы байқалады. Беткей орналасқан флегмоналарда,
ауру басталысымен ауыратын тығыз инфильтраттың тері қабаты мен кілегей қабығы
қан кернеп қызарып, ұлпалар домбығады. Терісі «жылтырап» керілген, бет
шұңқырлары тегістелген, терісі қатпарға жиырылмайды. Тереңдеу орналасқан
флегмоналарда, бастапқыда тері қабатында өзгеріс аз болады. Тек коллатеральды
домбығу мен ауыратын тығыз инфильтрат байқалады. 2-3 күн өткен соң ұлпалардың
іріңді іруінен инфильтраттың тығыздығы төмендейді де, ортасында флюктуация пайда
болады, терісі қызарып, кейде көкшіл тартып тұруы мүмкін. Аумақтық лимфа
түйіндері үлкейіп, қолмен басқанда ауырады.
Анаэробты
инфекция.
Этиология.
Хирургиялық анаэробты инфекция көбінесе 4 негізгі қоздырушылармен шақырылады:
Clostridium perfringens, Cl. oediтatisтaligni, Cl. hystolyticus. Мына шарттарға
байланысты инфекция дамиды: түйрелген немесе басқа да кірер тесігі жіңішке
жаралар және көбейген ұлпалардың табылуы, бөтен заттар, қалталы қуыстар, қан
қоюлауы; негізгі қан тамырларының тромбозы; қан тамырлық іркіліс және терең қанды ісіктердің
табылуы; көп қан жоғалту; жүрек жұмысының әлсіреуі. Бұдан басқа анаэробты
инфекцияның дамуына гиповитаминоздар мен
авитоминоздардың, жалпы әлсіреу, жүйкенің тым аса қозуы, физикалық шаршау
және т.б да әсер етеді. Анаэробты хирургиялық инфекцияны клиникалық белгілері
бойынша газды іріңді, газды гангрена, газды флегмона, кеселді ісік, сонымен
қатар сіреспе және некробактериозда дамиды. Газды іріңді. Аэробты іріңдіге
қарағанда, бұл газды іріңді түрінде жалпы температура көтеріліп, малдың күйі
қашып, тыныс алу мен тамыр соғысы жиілеп, қабыну белгілері білінбей жылдам
дамиды. Перкуссиялық зерттеу барысында тимпаникалық дыбыс шығады, ал саусақпен
басқанда – іріңді ошақ жан - жағының біршама домбығуы байқалады. Іріңді тілу
барысында одан газ көпіршіктері мен шірік иісті қызыл - көмескіленген құба түсті сұйық экссудат
бөлінеді. Емдеу. Жетілген іріңді ісікті тіліп, ары қарай жараны 1% калий
перманганат ерітіндісі немесе 3% сутек асқын тотығы ерітінділері қосылған тұздың
гипертоникалық ерітінділермен шайып, құрғатып, жараны жазуға болады. Бұдан басқа
антибиотиктер мен сульфаниламидты препараттар қолданылады.
Газды
гангрена. Ауру басында жара аймағында қатты ауырсынатын ісік пайда болады.
Бірнеше сағаттан кейін ісікке газды сықырлаған (крепитация) белгілер қосылады.
Жара ойылып, сұр және қоңыр - қызыл түсті, иісі жағымсыз сұйықтық (экссудат)
бөлінеді. Ұлпаның тілінген
қалдықтары суда немесе 10% қайнатылған тұз ерітіндісінде қалқып жүреді. Жануар
қатты мазасызданып, жалпы дене температурасы көтеріледі, тыныс алуы мен тамыр
соғысы жиілеп, кілегейлі қабықтары сарғыштанады. Емдеу. Гангрена аймағын жалпақ тілімдермен ісік жерді жарады, қан
кеткен жердегі өлі еттерді алып тастайды. Антибиотиктер мен сульфаниламидті
препараттар қолданады, оттегімен емдеуді қолдану қажет. Оттегін ине арқылы
оттекті жастықшадан таза теріге және анаэробты ошақ аймағына енгізеді. Арнайы емес емдеу. Жоғары валентті
гангренаға қарсы сарысу препараттарын қолданады. Аурудың алдын алу мақсатында
қан сарысуын бұлшықет арқылы немесе тері арқылы жақсы сіңіру үшін қан айналымы
бұзылмаған, таза теріге енгізеді.
Газды
флегмона. Жара аймағында ыстық, сыздап, тез дамитын ісік пайда болады. Ары қарай
ісік ортасында терінің гангреналық ыдырауы дамиды, газ жинайды. Терінің
гангреналық ыдырауы және газдың көп мөлшерде жиналуынан ісіктің орта бөлімі
салқындап, сықырлай бастайды; перкуссиялық зерттеу барысында тимпаникалық дыбыс
естіледі; іскен аймақтың ауырсынуы және жергілікті температура тек шеткі
аймақтар арқылы ғана қойылады. Жара сұйықтығы бұлдыр,
іріңді және газ араласқан. Кеселді
ісік. Көбінесе қойларда кездеседі. Асептика және антисептика ережелері сақталмай
өткізілген оталардан немесе тері зақымдануынан бірнеше сағаттан немесе 1-2
тәуліктен кейін тез жетілгіш тері асты ісігі пайда болады. Басында ол жылы және
ауырсынуы білінбейді, жетілуіне байланысты салқындап, сықырлай бастайды. Жарадан
газ көпіршіктерінсіз және иіссіз шырыш тәрізді сұйықтық бөлінеді. Жануарларда
дене температурасы көтеріліп, кенеттен мазасыздану байқалады. Газды гангрена
кезіндегі емдеу әдістері қолданылады.
Іріп
- шіріген инфекция. Ол стрептококктар мен стафилакокктардың қауымдастығындағы
факультативті анаэробтар әсерінен дамиды. Бұл инфекция қанды және іріңді
экссудат пайда болып, сасық ірің деп аталатын ұлпа іріңінің ыдырауымен
сипатталады. Алғашында оның түсі сұрғылт-қанды болса, ал одан кейін ет
жуындысының түсіне енеді. Алғашқы сатысында іріңді инфекция үдемелі қабынған
ісік түрінде білінеді. Жансыз бос тері біртіндеп жасыл-сұрғылт және қанық түске
жайылады. Жергілікті өзгерістер ағзаның қатты интоксикациясымен, көтерілген дене
температурасымен, тыныс алу мен тамыр соғысының жиілеуімен жалғасады. Жалпы
хирургиялық инфекция. Резорбтивті безгекпен жалғасатын жергілікті қабыну
реакциясы пайда болады.
Іріңді-резорбтивті безгек. Жарадан шыққан резорбция (сіңіргіш), жабық
іріңді қуыстарда, ұлпа қорегінің ыдырауындағы іріңді және анаэробты ошақтар,
іріңмен қоса ферменттер, токсиндер, ақуыздарды жоғалтуы нәтижесінде пайда
болады. 1941-1945жж И. В. Давыдовский іріңді-резорбтивті безгек ауруын ашты.
Клиникалық белгілері. Іріңді-резорбтивті безгек ауруының әр түрлі деңгейлерде
білінуі мүмкін: әлсіз, орташа және ауыр. Іріңді-резорбтивті безгектің деңгейі
инфекциялық ошақтың табылуы мен ауырлығына байланысты. Әлсіз деңгейінде дене
температурасы шамалы көтеріліп, жануардың күйі қашады. Орташа және ауыр
деңгейлерінде дене температурасы біршама көтеріліп, көптеген дене мүшелері мен
жүйелері қызметі бұзылады және сепсис дамуы мүмкін. Емдеу. Кешенді емдеу қолданылады.
Жергілікті хирургиялық тазарту өткізіліп, жалқаяқтың (экссудаттың) сыртқы ортаға
еркін ағуы қамтамасыз етіледі, өлі терілер кесіліп алынып тасталады.
Антибиотиктер мен сульфаниламидті препараттар қолданылады.
Сепсис
(Sepsis) – ауыр қайтымды инфекциалық - токсикалық үдеріс, интоксикация және
қоздырушының алғашқы инфекциялық ошағында жалпылануы нәтижесінде пайда болған
терең жүйкелі - дистрофикалық өзгерістермен және ағзаның барлық қызметінің
нашарлауымен сипатталады.
Сепсистің
жіктелуі. Қоздырушының сипатына қарай сепсис былайша бөлінеді:
стрептококкты;
стафилакоккты;
анаэробты;
аралас.
Этиологиялық
белгілеріне қарай: жара, ісіп қызару, отадан кейінгі, гинекологиялық және
криптогенді деп бөледі. Алғашқы сепсис ошағының оқшаулануы бойынша тістен
тараған (тіс ауырған кезде), бұлшықеттік (бұлшықет ауырған кезде), буындық (буын
ауырған кезде), унгулярлы (тұяқтық), туғаннан кейін және т.б болуы мүмкін. И. И.
Пирогов хирургиялық сепсисті пиемия немесе бактериалды сепсис, септицемия немесе
инфекциалық–токсикалық және септикалық - пиемия немесе аралас деп бөлген. Клиникалық белгілері. Ауру малдардың
жағдайы төмен, азық пен суға тәбеттері болмайды, тез азады, дене температурасы
жоғары, мал тоңады. Жылқылардың дене температурасының жоғарылауы олардың өте
қатты тоңып, кейін терлеуінен байқалады. Тамыр соғысы үдейді, ақырын ағады,
ырғақсыз, әлсіз, жүрек соғысы артады, тыныс алу үдейді. Кілегей қабық қоңыр
қызыл немесе күлгін сары түсті. Малдарда көбінесе қозу байқалады, иттерде
агрессиямен сипатталады.
Сесписті
емдеу. Емдеу кешенді түрде болуы керек, микробты әсердің төмендеуі мен
бейтараптандыру және ағзадан уларды (токсиндерді) шығаруға, функционалды
бұзылуларды дұрыстауға бағытталады.
Арнайы хирургиялық инфекция. Некробактериоз (жегі) - инфекцияық ауру,
іріңді-шірік зақымымен сипатталады, көбінесе артқы аяқпен шектелген, кейбір
жағдайларда – ауыз қуысы, жыныс мүшелерінде, бауырда, өкпеде және басқа да
мүшелер мен талшықтарда кездеседі. B.Necrophorum ауру тудырады. Некробактериоз
көбінесе аяқта пайда болады, бұл жерден жаппай басқа дене мүшелері мен ішкі
мүшелерге таралады. Аурудың себептеріне малдың семіздігі, зат алмасудың бұзылуы,
тағамдағы дәрумендердің жеткіліксіздігі мен ағзаның қарсы тұру қабілетінің
төмендеуі жатады. Ағзаға қоздырушылардың енуінде терінің баздануы, аяқтардың
алшақтығы маңызды орын алады. Олардың жарақаттануы: малдарды дымқыл жерде ұстау,
аяққа салқын тию, қандағы асқорыту мен зат алмасуды ақзатын заттардың жиналуынан
болған тернінің ұзақ уақыт бойы тітіркенуі. Некробактериоз маусымдық сипаттағы
экзоотикалық түрде жүреді. М.В. Плахотин мәліметі бойынша қойларда жазғы
уақытта, әсіресе шілде және тамызда көрінеді, сосын ақырын азаяды және
желтоқсанды минималды түрде, қаңтардан бастап аурудың қозуы қайта басталады. Ірі
қара малда наурыз және мамыр айларында ауру максималды түрде көрінеді.
Жылқыларды көктем мен күзде, шошқаларда маусымға байланысты емес. Патогенез және клиникалық көрінісі.
Жарақат B.Necrophorum үшін жақсы
жағдай жасайды (сау талшықта көбеймейді). Талшықта оттегінің жетіспеуі қалпына
келген глютатионның жиналуына себепкер болады, қоздырушылардың белсенділігін
жоғарылатады, нәтижесінде талшық гангреналы ыдырауға ұшырайды, тамырда қан ұюы
байқалады және микробтар жылпыланады. Аурудың бастапқы сатысында қоздырушылар
енген аймақта ісу үдерісі болады. Оған қоса тері қызарады, ісіп ауырады. Екінші
күні тері асты жасұнықта ірің жайылмалы ісік жайылады, жасушалы қақтығыс
қалыптаса бастайды. Алайда токсиннің (гемотоксин) әсерінен оның пайда болуы
азаяды, фагацитоздың әсері әлсіз немесе мүлдем болмайды.
Жарақаттанған
аяқта ісік байқалады, пигментті емес тері аумағында қызылкөгерген түсте шамалы
іскен, тұтқыр мөлдір экссудат тамшыларымен қабатталған, жүні дымқыл, жабысқақ,
ары қарай ісік үлкейеді. Екінші, везикулезді саты аяқтың бас жағында жабысқақ
жағымсыз иісті көмескі экссудатпен толтырылған көпіршіктердің пайда болуымен
сипатталады, жүні дымқыл, жарақаттанған жердің ауыруы, аяқтардың функциясы
жойылады. Ауыр жағдайға ауысқан кезде теріде дымқыл - гангрена дамиды, жара
пайда болады. Дене температурасы 40 градусқа жоғарылайды, кейбір малдарда
өкпенің қабыну (пневмония) белгілері байқалады. Үшіншісі, гангреналы-жара сатысы
жұмсақ талшықтағы дымқыл-гангрена пайда болады. Басында
тұяқ майтабаны аймағында тұяқ, алақан терісі зақымдалады, өлі еттенеді, тұяқтың
түсуіне әкеледі, нәтижесінде 4-5 күн саусақтың зақымданған бөлігі қысқарады.
Қойларда ауру жіті және созылмалы түрде өтеді. Оған қоса тұяқтарда қисаюлар
(деформация) және жарықтар пайда болады, мал құлайды, күшпен тұрады, майтабанда
жара пайда болады. Үшінші сатының бұзушы үдерісі ауыр интоксикация, өкпе, бауыр
және асқазан-ішек жолдарының метастаздық зақымдануының дамуы түрінде жүреді.
Сауығу сатысы жалпы жағдайдың жақсаруымен, гангренаның жалпылануы, өлі еттенудің
азаюы мен жазылу үдерісінің пайда болуымен сипатталады. Жара ақырындап жазылып,
эпителиймен жабылады.
Емдеу.
Кешенді түрде жүргізіледі, бастапқы және келесі сатыларында зақымданған аяқты
дұрыстап жуып, сосын 40 градуста тұяққа су моншасын жасау керек, оған 5-10% натрий хлориді
ерітіндісіндегі 0,5-1% калий перманганатының ерітіндісі немесе 5-10% формалин ерітіндісі немесе мыстың күкірт
қышқылды ерітіндісі қолданылады. Одан кейін гангреналық - жара сатысына дейін
камфорлы - спирт қолданылады, спиртті ихтиол байламды шешеді, циркулярлы
новокаин антибиотиктермен тежеулер (блокадамен) жүргізеді, антибиотикті емдеу
шаралаларын жүргізеді.
Гангренозды
– жара сатысында антисептикалық су моншасын жасайды. Хирургиялық өңдеу
жүргізеді, яғни жараның өлі еттенген тұсын мүмкіндігінше тазаланады жойылады,
одан кейін бор қышқылынан, йодоформ, калий пергаменті, стрептоцид, пенициллин
және басқа да антибиотиктерден тұратын күрделі ұнтақ себеді. Лайшев деректері
бойынша 1% йодоформ эфир, АСД-3 қолдану ең жақсы ем болады. Оған қоса, мақсатты
түрде бұлшықетке глицеринодибилмиционды суспензия (Dibioтicin 1.0, Aq.Destil
7,0, Gilicerini 3,0) енгізеді, екі жерге 10 күн арасында ірі қара мал үшін 100кг
салмаққа 3 мл мөлшерде салады. Ұсақтау сатысында жергілікті түрде линимент
синтомицин және Вишневский сүртпе майларын қолданады. Сіреспе – өткір жарақат инфекциясы,
бауыр және Cl. tetani спора түзуші микробы тудырады. Қоздырушы ағзаға
зақымданған тері және кілегей қабық арқылы кіреді. Ауру тоникалық және
клоникалық тырыспа негізінде пайда болады. Сіреспеге қойлар, ешкілер, жылқы және
шошқалар сезімтал келеді. Қойлар мен ешкілердің өлімі 90-100%, жылқыларды
75-90%, ірі қара малда 50-60%. Аурудың клиникалық пайда болуы Cl. Tetani
нейротоксин қоздырушысына байланысты. Бұл токсин тырыспа және тетанолизин,
эритроциттердің ыдырауын тудыратын тетаноспазминнен тұрады. Аурудың ауырлығы
токсиннің жұлын талшықтарына ену жылдамдығымен сипатталады. Жасырын кезең 1-65
күнге созылады. Жасырын кезең қысқа болса, соғұрлым ауру күрделі. Терең жаралар
мен өлі талшықтар санының көптігі инфекцияның қозуына жағдай туғызады.
Клиникалық белгілері: Рецепторлық аппарат пен жүйке байланыстарына әсер ету
арқылы улар (токсин) рефлекторлы және қозғалыс орталығын қоздырады. Нәтижесінде
тоникалық және клоникалық қозу – тырыспа пайда болады. Аурудың алғашқы
белгілерінде шайнау бұлшықеттерінің (тризм) жиырылуы байқалады соңынан тырыспа
бастан басталып, мойынға, кеудеге, аяққа, диафрагмаға беріліп, нәтижесінде дем
алу қиындап, тамыр соғысы жиілейді. Өлім алдында дене температурасы 42-43
градусқа көтеріледі. Ауру бір күннен 6-9 күнге дейін, кейде одан да көп күнге
созылады. Ауру малдар афсиксия немесе жүректің тоқтауынан өледі. Емдеу. Кешенді
емдеу токсинді қалпына келтіру, ескерту және тырыспаны тоқтату, жүрек қызметін
және тыныс алуды жақсартуға бағытталады. Ауру малдарды тыныштық сақталған
орындарда күтеді. Суды өз еркімен береді. Қайталанған тырыспа кезінде және емдік
шаралар алдында наркотикалық дәрілік заттар немесе нейролептик қолданады. Жараны
антисептикалық ерітіндімен тазартады, новокаинді-антибиотикті тежеу (блокада)
қолданады. Хирургиялық тазартуға дейін және одан кейін ыстық (40С) сутек қышқылы
ерітіндісімен, калий пергаментін гипертоникалық ерітіндісімен сәйкестендіріп
«ырғақты сулау» (5-10 минут бойы сулайды, одан кейін 3-5 минут үзіліс жасап,
сосын қайтадан сулауды қайталайды). Жақ сүйектің қарысуын болдырмас үшін шайнау
бұлшықетке 30мл 2% новокаин
ерітіндісін енгізеді. Арнайы емдеу препараты ретінде антитоксикалық сіреспеге
қарсы сарысу қолданады, оны тері астына, тамыр ішіне немесе бұлшықетке
(зақымданған жердің айналасына және зақымданған жердің жүйке талшықтарын
жағалай) енгізеді, алғашқы 2-4 күнде күн сайын ірі қара малға 80000 ӘБ, ұсақ
мадар мен төлдерге 40000 ӘБ мөлшерінде.
Алдын-алу:
малдарға жаппай отаның алдындағы 14 күн бұрын тері астына анатоксин енгізеді.
Жарақатты уақытында міндетті түрде тазартады. Актиномикоз – зең актиномицет
тудыратын малдар мен адамдардың созылмалы аурулары. Көбінесе ірі қара малдар,
қойлар мен шошқалар және басқа да малдар ауырады. Клиникалық белгісі. В.В. Обухов
актиномикоз дамуының үш кезеңін бөледі: Бастапқы (жасырын) – инфекцияға
бейімделу кезеңі, клиникалық белгілерсіз өтеді; Инфильтраттың пайда болу кезеңі
– диффузды немесе бірден шектелумен сипатталады, қасындағы ұлпалармен қосыла
өскен көп ауырмайтын ұлпалар қалыптасу кезеңі, абсцесс және айналмалы фистул –
олардан уақытылы шамалы мөлшерде ірің ағады. Зақымданған жақ сүйегі домбығады,
іскен жерде тұйық дыбыс болады, тамақ ішу қиындайды. Ірің жарылған жерде тесік
пайда болады.
Емдеу.
Антибиотикотермен емдеу әдісі қолданылады. Ашық актиномикозды сутек қышқылымен
бірге 1% йод ерітіндісімен немесе 1:500 йодталған спиртпен тазартады.
Антибиотикті новокаинмен, сонымен қатар жетісіне 2 рет зақымданған аймақтың
бұлшықетіне 9 мл актинолизат енгізеді. Емдеу курсына 15-20 дәрілік зат
енгізіледі. Оған қоса күніне 1-2 рет актиномикоз ошағына және оның айналасына
гемо-новокаинді антибиотикті ерітінді 20-50мл мөлшерінде салынады оған қоса
0,5-1% новокаин ерітіндісіне 300-500 мың ӘБ антибиотик және қан қосып
емдейді.
Бақылау
сұрақтары
1.
Инфекция
дегеніміз не?
2.
Хирургиялық
инфекциялардың жіктелуі
3.
Аэробты
немесе іріңді хирургиялық инфекцияға қандай аурулар жатады
4.
Анаэробты
хирургиялық инфекцияға қандай аурулар жатады
5.
Ерекшеленетін
хирургиялық инфекцияға қандай аурулар жатады