Бас аймағына жасалатын оталар. Танауға шығыршық (caқинa) өткiзy
Дәрістің
мақсаты –
бас аумағына жасалатын операциялардың жасалу техникасын меңгеру
Жоспар:
1.
Танауға
операция жасау
2.
Мүйізге
операция жасау
3.
Орбита
аумағына операция жасау
1.Мұрын аумағына операция
жасау
Мұрын
қабырғасы:
Мұрын артқы жиегі – маңдай
сүйекпен, сыртқы бүйір жағы жоғарғы жақ және тұмсық сүйекпен, төменгі жиегі
торлы сүйекпен, медиальді шеті мұрын сүйекпен байланысып, мұрын қуысының бүйір
қабырғасын түзуге қатысады.
Бүйірі – күрек
тістерден;
Түбі – жоғарғы жақпен және
таңдай сүйектерінен тұрады.
Қабаттары:
•Тері
•
Беткейлі
фасция
•Жоғарғы
ерінді арнайы көтергіш бұлшықеті
•
Сойдақ тіс бұлшықеті
•
Сүйек үсті
•
Сүйек қабырғасы
•Ішкі
жағы қалың кілегейлі қабықпен қапталған
Мұрын
қуысын және маңдай қойнауын ашу
Көрсеткіші –іріңді қабыну, ісіктер, бөгелек
құрттары, жоғарғы жақтың азу тістеріне жету үшін.
Мұрын
сақинасын кигізу
Көрсеткіші:
Сақинаны бір жасар жас бұқаларды жуасыту мақсатында мұрын қалқасынан
өткізеді.
Бекіту
және жансыздандыру:
Бұқаны станокқа орналастырады және оның басын берік бекітеді. Бұлшықетке
нейролептик енгізеді.
Құрал
жабдықтар:
Сақина, арнайы қысқыштар.
Операцияның
техникасы:
Мұрын қалқаны және мұрынның бас жағын 0,5%-тік мүсәтірлі спирт ертіндісімен
өңдейді. Сақина өткізу орыны-мұрын қауырсынның артқы жоғарғы бөлімі. Сақина
арнайы қысқышқа орналасады. Қысқыштың бранштарын жылжытып ашып мұрынның
қалқасына орналастырып, қысқышты қысып сақинаны перфорациялап (тесіп) өткізеді.
2.
Мүйізге
операция жасау
Операция жасау
көрсеткіші:
Жарақатты алдын алу – жас
малдарға.
Мүйіз сынып дұрыс
бітпегенде, ісік пайда болғанда.
Мүйіздің
анатомо-топографиялық мәліметі.
1.Маңдай
сүйек
2. Тері
3.
Экзостоз
4. Мүйіз өсіндісі
Ірі
мүйізді малды мүйізсіздендіру (декорнуация)
Көрсеткіші:
Байламай ұстауға арналған табын құруы үшін, мүйіздің сынуы, мүйіздердің дұрыс өспеуі
және ісіктер пайда болғанда.
Ірі
мүйізді малды мүйісіздендірудің екі әдіс болады:
1)
мүйіздердің дамуын тоқтату;
2)
мүйіздерді кесіп алып тастау.
Мүйіздердің
дамуын тоқтату 1-3 апталық жас бұзаулардың мүйіз төбешіктердің аумағында тері
негізін және эпидермистің өсуін тоқтату.
Оның
бірнеше тәсілдері бар.
Химиялық
тәсіл ең көп таралған. Бұзаулардың мүйіз төбешіктерін күшті әсерлі химиялық
заттарды: натрий (NaOH) немесе калийдің гидроокисі (КОН) , азотпен домдайды. 2
апта бұзаулар мазасызданады, 6-8 күннен кейін домдалған орында қабыршақ пайда
болады, 2-3 аптадан кейін бөлініп түседі.
Термиялық
әдіс. Темір немесе электрлік
күйдіргіштерді пайдаланды, 3 апталық бұзауларғы қолданылады.
3.
Орбита аумағына операция жасау
Қандай жағдайда көзге операция жасайды:
1.
Қабағының энтропиясы- қабағы
түсіп кетеді;
2.
Қабағының эктропиясы-
қабағының сыртқа қайырылуы;
3.
Жас безінің немесе үшінші
қабақтың түсуі
4.
Үшінші қабақтың шеміршегінің
деформациясы
5.
Көздің қасаң қабығының
ойылымдары
6.
Энокуляция
Көз
алмасының экстирпациясы
Көрсеткіші:
Іріңді панофтальмит, көз аламысының күйреуі, ісіктер, көз аламасы орнынан түсіп,
қайта орнына келтіре алмағанда.
Бекіту
және жансыздандыру. Ірі
малды станокқа, ал ұсақ малды жатқызып бекемдейді. Жалпы және жергілікті
жансыздандыру, қосымша көз жүйкесін тежейді.
Құрал
–жабдықтар. Мюзе
қысқышы, ине ұстағыш, инелер және таңатын заттар.
Операция
техникасы.
Қабақтың шетінен 0,5 см қашықтықта параллельді конъюктиваға дейін теріні кеседі.
Конъюктиваны
қайшымен кесіп, конъюктивамен қоршалған көз алмасы жеке қалдырып оны теріден
ажыратады. Мюзе қысқышымен көз алмасын тартып, қайшымен бұлшықеттерді, көз
жүйкесін және көздің қан тамырларын кеседі. Қанды тампондармен тоқтатады. Ірі
тамырлар зақымдалса қан тоқтататын қысқыштарды қолданады. Қабақты үзілмелі
түйінді тігіспен тігеді. Орбитаға
дренаж салып қояды, бір тәуліктен кейін алып тастайды. 8 -10 күнне кейін тігісті
алып тастайды. Нәтижесінде орбита
қуысы түйіршікті ұлпамен толып, конъюктивамен жабылады, ал қабақтыр бітеді.
Қабақтар
ішке қайырылған кезде жасалатын операция.
Көрсеткіші:
қабақтың ішке қайырылуы, иттерде және жылқыда жиі
кездеседі.
Жансыздандыру.
Инфильтрациялық жансыздандыру. Асау малдарға нейролептиктер
қолданылады.
Операция
техникасы:
Қабақты дезинфекциялайды, хирургиялық пинцетпен тері бүрмесін 0,75-1 см ара
қашықтықта ұстайды. Бүрме биіктігі 0,5-1 см болу тиіс, бірақ терісін қаншалықты
алу керектігін, қабақтың қалыпты жағдайда
тұратыны ескеріледі. Қайшымен қабақтың бүрмесі кесіп алынады. Сосын
тілікке үзілмелі тігіс салады.
Қабақтың
сыртқа қайырылуы кезінде жасалатын операция
Көрсеткіші.
Созылмалы конъюктивит, төменгі қабақтың сыртқа қайырылуы.
Жансыздандыру.
Инфильтрациялық жансыздандыру. Асау малдарға нейролептиктер
қолданылады.
Операция
техникасы:
Қабаққа жақын маңға (0,3-0,5 см) терісін V тәріздітілік жасайды. Ақау шетін
түйінді үзілмелі тігіспен тігеді.
Сурет
1 – Қабақтың сыртқа
қайырылуы
Үшінші
қабақты кесіп алып тастау
Көрсеткіші:
ісік, фиброздың қалыңдауы, үшінші қабақ шамадан тыс өскенде (ет қоректілерде).
Жансыздандыру. Ұсақ
жануарлардың көзіне 5%-ды новокаин ертіндісін тамызады. Ірі малдарға қабақ
астына новокаин ертіндісін инфильтрациялап енгізеді.
Операция
техникасы. Ірі
малға түрегеп тұрған жағдайда операция жасайды. Үшінші қабақты пинцетпен
көтереді, оның негізіне өткір иілген қайшымен керіп қояды. Сосын жаймен бөліп
алады, әсіресе қатерлі ісік кезде абай болу керек.
Сурет
2 – үшінші
қабақ
Бақылау
сұрақтары:
1.
Эктропия
және энтропияның айырмашылығы неде?
2.
Мүйізге
операция не себепті жасалады?
3.
Қандай
жағдайда танауға операция жасалады?
4.
Декорнуация
дегеніміз не?
5.
Мұрынды
сақинасын кигізу техникасы