1) Тапсырма
1-тапсырма Өмірбаян
– автордың өзі туралы жазатын құжаты. Оның типті формуляры болмағанмен, кейбір
бөлімдері мен құрылымы міндетті түрде қалыптасқан үлгі бойынша
жазылады.
Құрылымы:
-
Құжаттың аты;
-
Автордың аты - жөні, фамилиясы;
-
Туған күні, ай, жылы;
-
Ата –анасы туралы мәлімет / А.Ж.Ф., жұмыс орны/;
-
Білімі және білім бойынша мамандығы;
-
Атқарған қызмет түрлері;
-
Қошеметтеу белгілері;
-
Қоғамдық жұмыстарға қатысу;
-
Отбасының жағдайы және құрамы;
-
Мекен – жайы және телефоны;
-
Жазған мезгілі / күні, айы,
жылы/;
-
Жеке қолы.
2
– тапсырма Сөз тіркестерімен сөйлемдер құра.
Сенімхат
жазу, сенімхатты куәландыру, сенімхатпен танысу, сенімхатқа қол қою, сенімхаттан
бас тарту, өкілетті етемін.
Қолхат
Қолхат
– белгілі бір іс - әрекетті растайтын, адамдардың мекемеден немесе жеке адамнан
ақша, не құнды заттар алғандығын, не бергендігін растайтын жазба құжат.
Құрылымы
:
-
құжаттың аты;
-
қолхат беретін адамның қызметі, аты – жөні, фамилиясы;
-
ақша немесе құнды заттардың аты мен құны;
-
уақыты мен қолхат берушінің қолы.
Қолхат
Мен,
10 “А” сынып оқушысы Асанов Тимур, мектептің бас бухгалтері В.В.Некрасовадан бір
күнге 200теңге/екі жүз теңге/ қарызға алдым.
3
– тапсырма Визит
карточкалары - іскер адамдардың қарым – қатынас жасауына арналған іскерлік
құжат.
Құрылымы:
-
аты – жөні, фамилиясы;
-
қызметі;
-
ғылыми дәрежесі;
-
мекен – жайы;
-
үй телефоны;
-
жұмыс орнының толық адресі;
-
жұмыс телефоны, факсы.
Стандарт
көлемі: 50:90мм. Міндетті түрде қатты қағазда жасалады.
Телефонхат
қызметтік іс қағаздарына жатады. Телефонхаттың мәтіні аса күрделі болмауы
керек.Телефонхат мәтіні арнаулы бланкке немесе таза қағазға жазылады, оған
мекеме бастығы немесе жауапты
қызметкер қол қояды.Телефонхаттар басқа қызметтік құжаттар сияқты есептеледі,
қабылданады, сақталады.
Мекемеде
жіберілген, келген телефонхаттарды тіркеп отыратын арнайы журналы болуы керек.
Телефонхатты жіберуші қызметкер мәтінді ”телефонхат журналында” жазылған
мәтінмен салыстыра отырып тексеруге, дұрыс жазылғандығына көз жеткізу үшін
қайталап беруге міндетті.
Телефонхатты
қабылдап алған адам ақпарат кімге жіберілсе, сол адамға телефонхаттың келгені
туралы бірден мәлімдеуі керек.