5) Жеке адам өміріне қатысты іс қағаздар

Жеке адам өміріне қатысты іс қағаздар

Жеке адам өміріне қатысты  құжаттар.

Жеке адам өміріне қатысты құжаттарға мыналар жатады

  1. өмірбаян                                                                                                            
  2. түйіндеме                                                                                                                                  
  3. жеке іс парағы                                                                                                
  4. визит карточкасы                                                                                            
  5. өтініш                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                       
  6. арыз                                                                                                                    
  7. мінездеме                                                                                                          
  8. кепілдеме                                                                                                                                   
  9. кеден мағлұмдамасы                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                
  10.  жеделхат                                                                                                              

          

  1. Өмірбаян.

Өмірбаян – жеке адамның өмір жолы хронологиялық тәртіпте қысқаша жасалған ресми құжат. Әдетте оқуға түсу, жаңа қызметке орналасу кезінде жазылады. Онда азаматтың аты-жөні, туған жылы, күні, айы және туған жері, ұлты, отбасы жағдайы, білімі, бітірген оқу орындары, қызметі мен жұмыс тәжірибесі туралы және т.б. қосымша мәліметтер көрсетіледі.

Тәжірибеде өмірбаян үш түрлі болып жазылады. Бірі-адамның өз өмірі мен қызметі туралы баяндауы. Бұл көбінесе қызметке орналасу кезіндегі жеке іс қағазына қоса тігілу үшін жазылады. Онда адам өзінің аты-жөнін, туған күнін, толық көрсетеді. Одан кейін жаңа жолдан нақты деректермен санамалап жазады. Өмірбаянның бұл түрі көбінесе ресми түрде жазылады да, көлемі жағынан шағын болады.

Өмірбаянның екінші түрі - мемуарлар, яғни ақын, жазушылардың, өнер, қоғам қайраткерлерінің өз өмірін қоғам өмірімен байланыстыра баяндауы. Мұндай  өмірбаяндар көркем шығармаға жақын, әдеби тілмен, шебер жазылғандығымен оқырманды тартады және ол оқырманды жеке адам өмірімен ғана емес, қоғам дамуымен таныстырады. Мұндай шығармалар кай тілде болмасын өте көп және қара сөзбен де, өлең сөзбен де жазылған түрі кездеседі. Мысалы, Қ. Байсейітовтың "Құштар көңіл"(1977) Ш. Жиенқүлованың «Өмірім менің - өнерім» (1983) кітаптары өмірбаянның осы түріне жатады.

Өмірбаянның үшінші түрінде қоғамға белгілі қайраткерлердің өмірі мен шығармашылық, саяси қызметтері өз тарапынан емес, басқа біреулер тарапынан баяндалады. Мәселен, ұлы жазушылар мен ақындар-А.Құнанбаев, Ш.Уәлиханов, А.С. Пушкин өмірлері туралы шығармалар осындай өмірбаян түріне жатады. Мысалы, С.Мүқанов - «Аққан жүлдыз»,

М. Әуезов «Абай жолы». Өмірбаянның мұндай түрі көркем шығарманың әр түрлі жанрлары ыңғайында очерктен бастап роман-эпопеяға дейін жазыла береді.

Күнделікті   өмірде   ең   жиі   қолданылатын   құжаттың   біріншісі  - өмірбаян. Өмірбаян әркімнің өз қолымен, таза, жүйелі түрде, сиямен жазылады. Арнайы қағазға жазылуы да мүмкін.

 

Өмірбаянның мазмұндық-құрылымдық жүйесі:

1. Құжаттың аты (өмірбаян)

2.  Аты-жөні (толық жазылады), туған жылы, айы, күні, туған жері

3.  Ұлты

4.  Білімі, оқыған оқу орындары

5.  Қоғамдық-саяси қызметі

6.  Ата-анасы, жұбайы, балалары туралы мәлімет

7.  Қазіргі жұмысы, мекен-жайы

Өмірбаянның мазмұны автордың өмір жолын, іскерлік қасиеттерін жан-жақты баяндап беруге тиіс.

 

Өмірбаян үлгілері.                 

                                                         Өмірбаян

Мен, Мақсат Ахметұлы Нүсіпбеков, 1983 жылы, 14 қаңтарда Алматы обылысы, Панфилов ауданы, Үшарал ауылында тудым. Менің ұлтым - қазақ. Алматы каласы, Бостандық ауданындағы №81 орта мектебін 2000 жылы бітірдім.

2004 жылы Қазақстан-Британ техникалық университетінің 1 курсына оқуға түстім.

Ата-анам бар: әкем - Ахмет Абимолдаұлы Нүсіпбеков циркте жұмыс істейді. Анам - Салтанат Әріпжанқызы Алпысбекова, ауруханада жұмыс істейді. Мен үйленбегенмін.

Қазір осы жоғары оқу орнының  2-курсында оқып жүрмін. Мақсатым - жоғары білім алып, маман болып шығу.

       Мекен жайым: Алматы қаласы, "Орбита-3" ықшамауданы, 26-үй, 48-пәтер, тел. 29-48-56.

                                                         

Өмірбаян

Мен, Серік Жүмаділұлы Қалымбетов, 1984 жылы Оңтүстік Қазақстан обылысы, Бәйдібек би ауданы, Боралдай ауылында қызметкерлер отбасында тудым.

1990-2001 жылдар аралығында  Шымкент қаласындағы 3. Шүкіров атындағы №20 орта мектепте оқыдым. Мектепте оқып жүргенде үздік окушы екенімді көрсете білдім. Әр түрлі қоғамдық жүмыстарды  атқардым, спортпен шұғылдандым.

Ата-анам бар: әкем - Ж. Қалымбетов Шымкент қаласында жекеменшік кәсіпорнында жұмыс істейді. Шешем ~ 3. Қалымбетова Шымкент қаласындағы №20 орта мектепте орыс тілінен сабақ береді.

2001 жылы аталған мектепті бітірген соң,  Қазақстан-Британ техникалық университетіне мұнайшы-инженер мамандығын алу үшін окуға түстім.

Бүгінгі таңда осы оқу орнының 2-курс студентімін, мен үйленбегенмін. Ағылшын тілімен шүғылданамын, компьютерлік курсқа барып жүрмін. Алдыма қойған мақсатым: білімді маман болып шығу.

Мекен -жайым: Алматы қаласы, Тастақ-1 ықшамауданы, 9-үй, 53-пәтер, тел.40-02-05.

 

Өмірбаян

Мен, Куаныш Өмірбекұлы Қасенов, 1963 жылы 1 мамырда Семей облысы, Аягөз ауданы, Баршатас ауылында тудым. Ұлтым - қазақ. 1970-1980 жылдар аралығында «Баршатас» орта мектебінде оқыдым.

1980 жылы 1 қырқүйекте Қазақ политехника институтының металлургия өнеркәсібі кафедрасына ауыстым. Қазір осы кафедраның аға оқытушысымын.

Ата-анам бар: Әкем - Өмірбек Қасенов -Ұлы Отан соғысының ардагері; қүрметті зейнеткер, анам - Хадиша Қасымова - ұзақ жылдар бойы Баршатас орта мектебінде мүғалім болып істеді, қазір зейнеткер. Отбасым бар: жұбайым - Жазира Дүйсенқызы, жоғары білімді маман, дәрігер.

Үш балам бар, олар мектепте оқиды.

Әскери қызметке міндеттімін. Аға лейтенант атағым бар.

Қосымша мәліметтер: казақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік білемін, ЭЕМ (ЭВМ) бағдарламаларын толық меңгергенмін. Интернетте жұмыс істеймін.

Мекен- жайым: Алматы қаласы, "Қазақфильм" ықшамауданы, 47-үй,  18-пәтер.

 

Негізгі сөздік

өмірбаян                           - автобиография

ұлт                                   - национальность

білім                                 - образование

жоғары білім                   - высшее образование

орта білім                         - среднее образование

ата-ана                    - родители

мұғалім                    - учитель

үйленгенмін           - женат

отбасы                    - семья

жұбай                      -супруг (супруга)

үйленбегенмін        - не женат

ажырасқанмын        - разведен

әскери қызметке міндеттімін              - обязан к воинской службе

әскери қызмет         - воинская служба

қосымша мәліметтер        - дополнительные сведения

мекен-жай                       - адрес

туу                                   - родиться

оқу                                  учиться

қызмет                    - должностъ

қызметкер                        - служащий

маман                               - специалист

мамандық                         - специальность

бөлім                                - отдел

беттеу                               - верстка

бірлестік                          - объединение

әкімшілік                         - администрация

тіркелім                            - прописка

тұрғылықты жер     - место жительства

оқу орны                          - учебное заведение

арнайы орта            - средне-специальный

акционерлік            - акционерный

коммерциялық                 - коммерческий

ұйымдастыру ісінің техникасы                       организационная техника

дүниеге келу, туу         - родиться

түсу                                - поступать

бітіру                                - закончить

бару                                  - посещать, пойти, ходить

үйлену                              - жениться

тұрмысқа шығу                - выходить замуж

жұмыс істеу            - работать

ауысу                               - перейти

міндетті                            - обязан

 

Грамматикалық минимум

Жіктеу есімдігі                          мен

Жалқы есімдер       Жер-су атаулары  оқу орындарының, құрметті атақтар мен наградалардың, ұйымдар мен мекемелердің атаулары

Сан есімдер (реттік сан есім) Етістіктің өткен шағы               -ды, -ді

- ты, -ті

-  қан, -кен

-  ған, -ген

Үстеу (қазір)

Модуль сөздер (бар, жоқ)

 

  1. Түйіндеме (Резюме)

Резюме француз тілінен алынған термин. “Айтылған, я жазылған мәселенің қысқаша түйіні” деген мағына береді.

Түйіндеме – белгілі бір тұлғаның өмірбаяны, білімі, мамандығы, кәсіптік шеберлігі, біліктілігі, икемділігі жайлы нақты, қысқа мәлімет беретін іс қағазының бір түрі.

Жазылған түйіндеме сіз туралы толық мәлімет беру үшін онда, сіздің біліміңіз, біліктілігіңіз, жеткен жетістігіңіз, жұмыс тәжірибеңіз, не нәрсеге икемділігіңіз бар екені айтылуы керек. Түйіндеме сіздің кең көлемдегі визит карточкаңыз іспеттес. Түйіндеме жазуда сіздің мақсатыңыз - өз өмірбаяныңыз бен жұмыс тәжірибеңізді, мамандығыңызды, икемділігіңізді ұтымды көрсете  білу. Осы арқылы ойлаған жұмыс орнына қол жеткізу. Сондай-ақ түйіндеменің әдемі рәсімделуіне де көңіл бөлгеніңіз дұрыс. Яғни мекеме басшысы сіздің кім болып істегіңіз келетінін түйіндемені оқу барысында бірден ұғатындай болу керек  Қалаған мамандығыңызға байланысты жеке басыңыздың қасиеттері анық көрсетілуі тиіс. Мәселен, сіз жарнама агенті болып орналасқалы келсеңіз түйіндемеге адамдармен жақсы қарым-қатынас жасай алатындығыңыз, тапқырлығыңыз, интуицияңыз, адам психологиясын жақсы білетіндігіңіз сияқты қасиеттеріңіз жазылуы керек. Түйіндемеде белгілі бір адам туралы мәліметтер ықшам әрі нақты түрде беріледі.

Түйіндеменің ерекшелігі – үміткердің білімі және кәсіби шеберлігі туралы мәліметтердің кері хронологиялық тәртіпте берілуі.

 

Түйіндеменің мазмұндық-құрылымдық жүйесі:

-          аты-жөні;

-          туған жылы, күні, айы, туған жері;

-          ұлты;

-          жынысы;

-          мекен-жайы, телефоны;

-          отбасы жағдайы;

-          азаматтығы;

-          білімі;

-          бітірген оқу орындары;

-          кәсіби біліктілігі мен кәсіби тәжірибесі;

-          тілдік дағдылары;

-          компьютерлік сауаттылығы;

-          жеке қасиеттері (жауапкершілігі, адамдармен қарым-қатынас орнатуға бейімділік, ұстамдылық, мақсаттылық, ұйымдастырушылық, басқарушылық қабілеттер, ұжыммен жұмыс істей білу, ұқыптылық, алға қойған міндеттерге шығармашылық көзқарас т.б.)

-          қызығушылығы (саяхатқа шығу, би, домбырада ойнау, кітап оқу т.б.) туралы мәлімет, қосымша ақпараттар (мақтау грамоталары, сертификаттар, наградалар, патенттер т.б.)

 

                    Түйіндеме жазғанда  жадыңызда ұстаңыз!

        1. Түйіндемеде Сіздің маман ретіндегі бейнеңізді толықтыратын, аша түсетін өз мінезіңіздің кейбір жақсы қырларын да атап өтініз. Басшылық, жетекшілік, ғылыми жұмыстарға икемділігіңіз болса, ол да назардан тыс қалмасын.

Дайындаған құжаттар мен жазбаларды қайталап бір оқып шығып, керекті мәліметтерді ойша реттеп алып резюменің колжазбасын дайындауға кірісіңіз. Құжаттар мен мәліметтерді дайындап алғаннан кейін түйіндеме жазып шығу қиын болмайды. Ең бастысы ол мәліметтерді ретімен, қысқа, нақты бере білу. Қашан, қайда оқыдыңыз, қайда, кім болып істедіңіз, қайда, қашан біліміңізді көтердіңіз, тәжірибе жинақтадыңыз?

Егер ғылыми дәрежеңіз болса оны қалыптасқан редакциямен көрсетесіз. Мысалы, "техника ғылымының кандидаты", "биология магистрі", т.б.

Жазған еңбектеріңіз, шыққан кітаптарыңыз болса, маңыздыларын атап көрсетіңіз.

Қызмет бабымен, саяхатшы ретінде жасаған шетелдік сапарларыңыз да көрсетіледі. Шет тілін білу дәрежеңіз, компьютерді қаншалықты игергендігіңіз де көрсетіледі.

Жеңіл машина немесе көліктердің басқа түрін жүргізе алатындығыңызды көрсету де артық болмайды.

Айтылатын негізгі мәселелер осы. Қысқасы, "не, қайда, қашан" екендігі жазылады.

2. Түйіндемені оқыған қезде сіздің алға қойған мақсатыңыз айқын көрініп түруы кереқ, яғни мекеме басшысы сіздің кім болып істегіңіз келетінін түйіндемені оқығанда бірден үғатындай болғаны дүрыс.

Жеке басыңыздың қасиеттерін атап көрсеткен кезде, оның сіздің таңдап отырған жұмысыңызға орналасуға септігі тиетіндігі басты назарда болуы қерек. Мысалы, сіз жарнама агенті болып орналасқалы келсеңіз, түйіндемеге адамдармен жақсы қарым-қатынас жасай алатындығыңыз, тапқырлығыңыз, интуицияңыз, адам психологиясын жақсы білетіндігіңіз сияқты қасиеттер жазылуы керек. Егер бастауыш сынып оқытушысы болғыңыз келсе, балаларды жақсы көретіндігіңіз, мейірімділігіңіз, шыдамдылығыңыз т.б. жазылуы кереқ. Жиналған мәліметтерді түйіндемеде берудің екі жолы бар: хронологиялық және фунқционалдық (күнтізбелік және қызметтік тәсілдер).

Хронологиялық тәсіл. Алдымен қазір істеп жүрген жүмысыңыз көрсетіледі де, ары қарай хронологиялық ретпен жазылады. Яғни, соңғы орында сіздің бірінші жұмыс орныңыз, я болмаса бірінші аяқталған оқу орны жазылады. Егер сіздің жұмыс өтіліңіз көп болса, алдымен кәсіптік жолыңызды көрсеткеніңіз дүрыс. Ал оқу орнын жаңа аяқтаған, қызметті жаңа бастағалы тұрған адам оқыған оқу орны, алған мамандығы жайлы мәселені негізгі назарда ұстайды.

Функционалдық тәсіл. Бүл тәсіл білімі мен біліктілігі, жүмыс тәжірибесі мол адамға лайықты. Мұнда жұмыс өтілі кері хронологиялық ретпен беріледі де, одан кейін білімі жайлы мәліметтер көрсетіледі. Егер бір мекемеде бірнеше жыл қатарынан істесеңіз, онда жүмысыңыздың жалпы сипаты өзгермегенде болса, бәрін тізіп жатпай-ақ, қысқаша жазуға болады. Мысалы, "1991-1999 жылдар аралығында Машина жасау заводында экономист, аға экономист, директордың орынбасары қызметтерін атқарды".

Соңғы жүмыс орнынан немесе жеке адамның атынан алынган кепілдеме болса, оның бар екендігі резюмеде бір сөзбен айтылу керек. Қажет деп тапқан жағдайда ол резюмемен бірге тапсырылады.

 

 Түйіндеме үлгілері

                                        Т Ү Й І Н Д Е М Е

Аты-жөні: Сұлтанова Назира Айханқызы

Туған жылы, күні, жері1914 ж. 4-сәуірде Талдықорган қаласында тудым.

Мекен-жайым: Алматы қаласы, N. Тілендиев көшесі, 21, 3.

Үй телефоны: 41-00-43

Мамандығымзаңгер, тарихшы.

Сала: Жоғары оқу орнының оқытушысы, мемлекеттік аппарат қызметкері.

Білімі мен қызмет жолы туралы мәлімет:

Қазақ мемлекеттік зац университетініц аспиранты 1997-2000 жж.

Ілияс Жансугіров атындагы  университеті  тарих факулътетініц  оқытушысы   /995-1997 жж.

Ілияс Жансүгіров атындагы Талдықорган университеті тарих және қуқық факультетініқ студенті — 1991-1995 жж.

Негізгі мәліметтер. Казақстан тарихы, қуқықтану мәселелерімен айналысып, зерттеу жумыстарын жүргіздім. "Әлихан Бөкейхаповтың саяси, қуқықтық көзқарастары" тақырыбында кандидаттық диссертация жаздым. Республика, қала, жоғары оқу орындары колемінде өткен конференцияларды баяндама жасадым. Жогары оқу орнында жұмыс істеген тәжірибем бар. Қоғамдық жумыстарға белсене араласамын.

Қосымша мәліметтер: Ана тілім — қазақ тілі. Ағылшын  және орыс тілін жақсы білемін. Компьютермен қолданушы ретінде жұмыс істей аламын. Туристік сапармен Туркия, Қытай, Корея мемлекеттерінде болдым. Жеңіл машина жургізе аламын (1998 жылдан). Көпшілікпен жумыс істегенді ұнатамын. Ұйымдастырушылық қабілетім бар. Тапсырған іске жауапкершілікпен қараймын.

Әуестіктері  Театрға, спорт жарыстарына барганды, кітап оқығанды ұнатамын.

Кепілдеме туралы мәлімет: Қазақ мемлекеттік заң университеті Мемлекеттік құқық кафедрасының меңгерушісі берген кепілдеме қосымша беріліп отыр.

4 наурыз 2000 жыл (қолы)      Сұлтанова Н.А.

 

Түйіндемеде  жұмсалатын терминдер және термин клишелері:

 

ұлт   _________________  ұлтым – неміс (украин)

азаматтық    ---------------- Қазақстан Республикасының

азаматы білім    _______________ жоғары білімді

орта білімді отбасы   --------------  отбасым бар

жұбай                               үйленгенмін

бала                                  үйленбегенмін

қыз                             тұрмыстамын

ұл                                     ажырасқанмын

қыз                                   тұрмысқа шақканмын

ата-ана                   тұрмысқа шықпағанмын

Спортпен айналысамын: ат спортын, футболды үнатамын, I разрядты волейболшымын.

Компьютерде, интернеттеЭЕМ машиналарында  жұмыс істей аламын

Қазақ, ағылшынорыс

тілдерін меңгергенмін, меңгермегенмін

орташа меңгергенмін, түсінемін, оқи аламын, сөздікпен аудара аламын, жаза аламын

жұмыс өтілі, еңбекақы, үстеме ақы, марапаттау, еңбек кітапшасы, дәрігерлік сараптау қорытындысы.

 

                                      3.    ЖЕКЕ ІС ПАРАҒЫ

Кадрлар    жөніндегі    жеке    іс    парағы -  жұмысқа    қабылдану, сайланбалы оргаңдарға сайлану кезінде, сондай-ақ ұйымдар, мекемелер мен ведомстволар талап еткен басқа жағдайларда толтырылатын арнаулы бланк түріндегі ресми құжат. Жеке іс парағында көрсетілетін мәліметтер еңбек кітапшасында, өмірбаянда берілетін мәліметтермен дәлме-дәл сәйкес жазылады, жеке адамның азаматтық хал-жағдайы, кәсібі мен мамандығы, қоғамдық қызметі мен еңбек жолы толық көрсетіледі.

 

НЕГІЗГІ  СӨЗДІК

 

Жеке іс парақ /ғы/                              - личный листок

Кадрлар жөніндегі жеке

іс парағы                                             - личный листок по

учету кадров

жүмысқа қабылдау                   - принять на работу

кадрлар жөніндегі жеке іс парағын толтыру                    заполнить личный

                                                                                                  листок по учету      кадров

тек / тегі/                                            - фамилия

аты                                                    - имя

әкесінің аты                               - отчество

туған жылы, айы, күні              - год, месяц,

число рождения

азаматтығы                                          - гражданство

ұлты                                                    - национальность

әлеуметтік тегі                                   - социальное происхождение

жынысы                                             - пол

білім                                                    - образование

мамандық                                            - специальность

жоғары /орта/ оқу орны            - высшее (среднее) учебное заведение

дәреже                                       - степень

атақ                                                     - звание

ғылыми еңбек                                     - научный труд

өнертабыс                                            - изобретение

лауазвім                                              - должность

жұмыс істеген жылдары            трудовой стаж

шетел                                                - иностранное государство

сайланбалы органдар                          - выборные органы

әскери қызметке қатысы           - отношение к воинской службе

әскери атагы                              - воинское звание

толтыру                                               -заполнить

көрсету                                               - указать

мәлімет      -  сведения

марапаттау  -  наградить

жариялау -  объявить

міндетті міндетті емес -  обязан - не обязан

 

Грамматикалық минимум

жалқы есім

сан есім /жыл, ай, күн аттары/ жер-су атаулары

жоғары оқу орнының, мекеменің, ұйымың, сайланбалы органдардың атаулары

Мемлекеттік наградалар мен құрметті атақтардың атаулары

ырықсыз етіс тұлғасы

тұйық рай

номенклатуралық атаулардың емлесі.

 

Кадрлар жөніндегі жеке іс парағы

1.  Тегі Аты

Әкесінің аты

2. Жынысы                                     

3. Туған жылы, айы, күні

4. Туған жері

5.  Ұлты ______

6.  Әлеуметтік тегі

7.  Білімі

ауыл, аудан, қала, облыс

 Азаматтығы

Диплом бойьшша мамандығы.

Жоғары оқу орнының аты, орналасқан жері.

8. Қандай тілдерді білесіз ,қандай дәрежеде

9.  Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы ______^______

10.  Ғылыми еңбектері және өнертабыстары_________

11.  Жүмыс істеген орны, лауазымы, жұмыс істеген жылдары

Жұмыс істеген орындарының мекен-жайы.

12.  Шетелдерде болуы __^_____^__^_^___

13.  Сайланбалы орындарға қатысуы

14.  Мемлекеттік наградалары _^___

15.  Әскери қызметке қатысы______әскери атағы

16.  Отбасы жағдайы (отбасы мүшелерінің аты-жөні, туған жылы көрсетіледі)_______^^___^__^__

17.  Мекен-жайы

Толтырылған уақыты                                   Қолы __^^___^^__

 

4        Визит карточкасы

Визит карточкасы – жеке тұлғаның қызмет орны, аты-жөні, байланыс мәліметтері қысқаша жазылған, ресми қатынас мәдениетіне лайықталған, белгілі бір пішінмен рәсімделген құжат.

* Визит карточкасы іскерлік қатынас үшін өте керек іс қағазы, құжат.

* Визит карточкаларының мазмұны бірдей болғанмен, безендірілуі әр түрлі болуы мүмкін.

* Аты-жөнін жазғанда фамилиясы үлкен әріппен теріледі.

-    Мысалы: БЕКБОЛАТОВ Асан Қайырбекүлы.

*   Қызметі.    Тек    ресми    атқаратын    кызметі    жазылады.    «Міндетін атқарушы, уақытша орындаушы» деген сөздер жазылмайды.

*    Ғылыми дәреже, әскери т.б. атақтар кажеттілігіне карай көрсетіледі.

*    Жүмыс телефоны. Алдымен хатшының телефонын көрсеткен дұрыс. Қажет деп санаған жағдайда өзіңіздің жеке телефоныңызды көрсетуге болады.   Егер  мобильді  жүйедегі  байланыс  болса,   жеке   кодымен көрсетіледі.

*   Визит   карточкасы   50x90   миллиметрлік   көлемдегі   қатты   қағазда жасалады.

*    Визит карточкаларының түр-түсі әр адамның қызмет бабына карай жасалады.

 

            5.        Қазақстан Республикасы     КЕДЕН МАҒЛҰМДАМАСЫ

Кеден мағлұмдамасы – мемлекеттің Әділет Министрлігімен тіркелген, оның қойған талаптарына сай жасалған, кеден арқылы өтетін жүк туралы ақпаратты (тауар туралы, жүк туралы, құндылықтар туралы, валюта т.б. туралы) мәлімет беретін құжат. Кедендік мағлұмдама жүк беруші адаммен толтырылады да жүктің мемлекеттің шекарасынан қабылданған ережеге сай өтуін бақылайтын құзіретті кеден органдарына беріледі. Кеденге тапсырылатын жүк туралы берілген мәліметтің толықтығына , дұрыстығына жауапты болып кеден мағлұмдамасын толтырушы саналады. Мағлұмдамада көрсетілмеген және кеденнен рұқсатсыз өткізілген жүк кәмпескеленеді.

Кеден мағлұмдамасының бірнеше түрлері болады. Олардың негізгілері: Валюталық мағлұмдама, Кедендік баға мағлұмдамасы, Жүк мағлұмдамасы, Кедендік транзит мағлұмдамасы, Халықаралық Кеден мағлұмдамасы т.б.

16 жаска толған әрбір түлғаға толтырылады. Қажетті жауап сай келетін рамкада  V таңбасымен белгіленеді. Уакытша кіру/шығудын, толық уақыты бойы сақталады. Жоғалтылган жағдайда жаңартылмайды

 

6.  Ө Т I Н I Ш

 Өтініш – азаматтардың заңмен бекітілген жеке құқықтары мен мүдделерінің жүзеге асырылуы мазмұндалатын, жазбаша түрде баяндалатын, өтіну, сұрау туралы ресми құжат.

Өтініш жазылатын негізгі жағдайлар төмендегідей:

-    жұмысқа қабылдау

-    жұмыстан босату

-    басқа жұмысқа ауыстыру

-    кезекті демалыс сұрау

-    кезектен тыс демалыс сұрау

-    материалдық көмек (пәтер бөлу), балабақшадан орын бөлу және т.б. туралы сұрау

-    жалақыны көтеру туралы өтініш айту жоне т.б.

 

Грамматикалық минимум

 

Барыс септік:                    -ға/-ге                   -қа/-ке

Шығыс септік:                 -дан/-ден              -тан/-тен

Есептік сан есім.

Жіктеу есімдіктері: мен, сіз.

Жіктік жалғау

Қысқарған создер (аббревиатуры)

Лексикалық минимум

Терминдер және терминдік сөз тіркестері Номенклатуралық атаулар Жалқы есімдер Ай аттары

 

НЕГІЗГІ  СӨЗДІК

 

заявление                                   -өтініш

прошу                              -сұраймын

проживающий                -тұратын

прилагается                      -тіркелген

 

 

8. Арыз.

Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары мемлекеттік ұйымдар мен лауазымды адамдардың аттарына хабарламалар (обращение) жібереді. Хабарламалар ауызша және жазбаша болуы мүмкін. Хабарламада аты-жөні көрсетілген лауазымды адам немесе мемлекеттік өкімет пен басқару органының басшысы хабарламаны дер кезінде карауға, ол жөнінде тиісті шешім қабылдауға және белгіленген мерзімде нақты жауабын беруге міндетті.

Хабарламаның үш түрі бар: арыз, өтініш және ұсыныс. Олар мазмүны жағынан әртүрлі болъш келеді: мысалы, өтініште азаматтардың заңмен бекітілген жеқе қүқықтары мен мүдделерінің жүзеге асырылуы мазмұндалатын хабарлама жасалады. Жеке адам өзіне берілген қүқықтарды пайдалану үшін өтініш жазады, сонымен қатар өзі жүмыс істейтін үжымдарда, мекемелерде, өзі түратын түрғын үйлерде, мемлекеттік органдар қызметінде байқалған кемшіліктерді атап жазады.

Арызда -  азаматтардың заң арқылы қорғалатын жеке қүқықтары мен мүдделерінің бүзылу фактісі туралы хабарлама жасалып, оны қалпына келтіру туралы талап-тілек айтылады, хабарламаижасаушының ойынша іс-қимылы дүрыс жүргізілмейтіндіктен өзінің қүқықтары мен мүдделерін бүзып отырған мемлекеттік органдардың, мекемелердің, үйымдардың, лауазымды адамдардың атына сын айтылады.

Ұсыныс - белгілі бір мемлекеттік органның, ұйымның, мекеменің жүмысын жақсартуға жетілдіруге назар аударатын, осыған байланысты қойылған міндеттердің шешудің жолдары үсынылатын хабарлама түрі.

Хабарламаның барлық түрі мемлекеттік органдардың, ұйымдардың кеңсесінде тіркеуден өтеді. Арнайы тіркеу карточкасы, аннотациялык парақ толтырылады.

1.1.   Арыз (өтініш, кейде шағым).

Арыз - ұйым басшысының, лауазымы жағынан жоғары тұрған адамның атына белгілі бір ақпаратты, отінішті, мәліметті жеткізу мақсатында жазылатын іс қағазының бір түрі. Арыз көлемі жағынан шағын болады 1-3 бет немесе 500-5000 белгі аралығында.

Арыз көбінесе жеке адам атынан жазылады. Іс жүзінде қойылған мәселе бірден бірнеше адамның немесе, үлкен үжымның мүддесш көздейтін үжымдық (коллективтік) арыз түрлері де кездеседі. Арыз белгілі бір себеппен ғана жазылады. Әдетте онда бір ғана моселе көтеріледі. Арыз онда айтылған мәселені шешуғе қүқы бар адам атына жазылады.

Арыздың бірнеше түрі бар. Олар: өтініш түрінде жазылатын арыз, шағым турінде жазылатын арыз, түсініктеме түрінде жазылатын арыз, констатация түрінде жазылатын арыз. Бұлардың әрқайсысы ондаған мотивте жазылады. Арыз жазу ережесі барынша қарапайым десе де болады. Арыздың алты реквизиті бар: кімге жолданғаны, кім жазганы, қүжат аты, мазмүны, қолы, датасы.

Арыз сиялы қаламмен, таза түзетулерсіз жазылуы керек. Жазу машинкасын немесе оргтехниканы қолдануға болады. А4 форматты кейде А5 форматты қағазға жазылады.

 

Арыздың құрылымы:

1)  құжат адресациясы (кімнің атына жазылғаны);

2)  қүұат аты;

3)  негізгі мәтін;

4)  қосымша болса оған сілтеме;

5)  жазылу мерзімі;

6)  қолы;

7)  арыз мазмүнымен келісушілер қолы,

Адресацияга лауазым иесінің, мекеме, ұйым басшысының ресми қызметінің толық аты, қажет жағдайда фамилиясы, аты-жөні кіреді. Адресация парақтың оң жағын ала жазылады. Егер арыз бірнеше лауазым иесіне бірден жазылып отырған болса олардың барлығының ресми қызметі (қажет жағдайда фамилиясы, аты-жөні) адресацияда қөрсетілуі қерек. Мысалы, Петропавл қаласы сут заводының директоры Т.С.Пірімбетовке Көшірмесі: Петропавл қаласы СЭСмеңгерушісі Р.С.Садуовқа

Тақырыбы парақ ортасына адресациядан төмен жазылады. Мысалы, ШАҒЫМ, АРЫЗ

ТҮСІНІКТЕМЕ

Негізгі мәтін кіріспе сөзден басталады. Мысалы, "Менін Сізге арыз беру себебім,". Ары қарай қүжаттың мәнін ашатын, арыз жазуға себеп болып  отырған  негізгі  мәселе  соз  болады.   Мәтін  соңында  қүнделіқті қызмет этикасын  сақтау  сөздерін  қолдана отырып  адресаттан  қандай шешім күтетіндігі жазылады. Мысалы,  "Айтылғандарды ескере отырып шара қолдануыңызды сүраймын", "Нүсқау беруіңізді сүраймын" т.б. Мәтін парақтың бар кеңдігіне, тақырыптан төмен жазылады.

Жазылу мерзімі. Арыздың жазылған күні, айы (жазбаша) және жылы көрсетіледі. Жазылу мерзімі негізгі мәтіннен төмен, парактың сол жақ бөлігінде орналасады. Мысалы,

24 наурыз 2000 жыл.

Қолы.  Арыз жазушының  атқаратын қызметінің толық ресми  аты жазылады, кол қойылады. Парақтың оң жағына фамилиясы, аты-жөні жазылады. Мысалы,

Қазақ техникалық университеті

саясаттану кафедрасының оқытушысы ________Бекенова А.К.

 

Егер арызға кол қоюшылар бірнешеу болса онда олар иерархиялық тортіппен я болмаса алфавит төртібімен жазылады. Қол қоюшылар өте көп болатын болса онда арызға қол қою парағы тіркелді.

Арыз мазмүнымен келісуші қолы қойылғанда келісім туралы қысқаша ақпарат та жазылады. Мысалы, "Келісемін", "Қарсы емеспін". Бұл жерде де датасы жазылып, атқаратын қызметі көрсетіледі.

Ескертулер:

1. Егер арыз бірнеше адамның атына қатар жазылса, олардың барлығының ресми қызметі, аты-жөні адресацияда көрсетілуі керек.

2. Егер арыз бірнеше адамның атынан жазылса, олар иерархиялық тәртіппен я болмаса алфавит ретімен жазылады.

3. Арыз қолмен де, компьютермен де қатесіз жазылуы тиіс.

 

9. Мінездеме.

Мінездеме, оның түрлері.

 Мінездеме - түрлі мекеме, үйым бірлестік, оқу орындарында белгілі бір адамды өмірбаяндық, біліктілік, кәсіптік, адамшылық тұрғыда жазбаша сипаттау мақсатында жиі жазылатын іс қағазының бір түрі.

Қызметтік мінездеме — мінездеменің айрықша кең тараған және әмбебап формасы. Қызметкерді объективті өрі нақты мінездеу қажет болған жағдайда жазылады. Қорытынды бөлімі еркін стилъде жазылады жоне құжат мазмұнын түйіндейді.

Мінездеме қызметкерді басқа бір ваканцияға я болмаса оқу орнына үсыну мақсатында да жазылады. Мүнда үсынылған адамның аталған ваканцияға қажет деген мінез-қасиеттері, кәсіптік шеберлігі айтылады.

Аттестациялық мінездеме белгілі бір адамның атқарыл отырған қызмет орнына лайық, лайьгқ еместігін тексеру мақсатында жүргізілетін аттестация қорытындысына орай жазылады. Мүндай мінездеме корытындысында "атқарып отырган қызметіне лайық", "қызмет бабында жогары қызметке усынуга лайық" немесе "атқарып отырган қызмет орнына лайық емес" деген сияқты түйінді сөздер жазылады.

Жеке (функциональды) мінездемелер адамның жеке басының мінезін, білімін, шеберлігін, икемділіген т.б. сипаттай лтырып жазылады. Қорытындьт бөлімінде мінездеме не мақсатпен жазылгандығы атап корсетіледі. Мысалы, "Еңбек келісімін ұзату ум/ш"т.б.

Мінездеме А4 форматты параққа жазылады. Көлемі 1 беттен аспауы керек. Мінездеме мотіні жазу машинкасында басылады я компьютерде теріліп, кейін принтерден шығарылады. Тақырыпты, омірбаяндык мәліметтерді, қортынды мен негізгі түйінді үлкендеу шрифтімен беруге болады.

Кейде мінездеме жогары жагында мекеменің аты, логатипі, фирмалық белгісі көрсетілген арнайы бланкілерде де жазылады. Әр данасы есепте түратын арнайы бланкілерге жазылган мінездемелер мінездеме беруші адамның және үйым жетекшісінің қолымен расталады.

Барлық мінездемелерге мекеме мөрі басылады.

Мінездеме ресми стильде, бейтарап тонмен жазылады. Мотін баяндауышы ашық райлы етістіктен жасалады (беріледі, орындады, көріне білді, көрсетті).

 

Мінездеменің мазмұндық-құрылымдық жүйесі:

1)  тақырыбы;

2)  мінездеме берілетін адам туралы қысқаша мәлімет;

3)  негізгі мәтін;

4)  қорытынды;

5)   мінездемені талап етуші үйымның аты;

6)   мінездеме берілген күн, ай, жыл;

7)  мінездеме берушінің аты-жөні, фамилиясы, қолы;

8)  қосымша (егер болса).

Мінездеменің тақырыбы парақтың жоғарғы жағын ала, орта тұсына қарай үлкен әріптермен жазылады.

Аттестациялық мінездеме

Мінездеме берілетін адам туралы қысқаша мәліметке мыналар кіреді:

фамилия, аты-жөні, туған жылы, білімі, мекемедегі жұмыс стажы (-жылдан бастап қызмет етеді), қазіргі атқаратын қызметі. Басқа да кейбір мәліметтер қосымшы берілуі мүмкін (мысалы, диплом бойынша мамандығы немесе білім түрі т.б.)-

Негізгі мәтінде атқарып жүрген қызметін, өз мамандығын қаншалықты меңгеретіндігі, кәсіптік білім деңгейі, біліктілігі, қызмет бабында жеткен жетістігі мен кемшілігі жазылады. Қысқаша әлеуметтік-психологиялық портреті беріледі. Әріптестерімен карым-қатынас жағдайы, отбасы жағдайы, ұжымдағы орны, абыройы, сын көтеру қабілеті жазылады. Кей жағдайда (оқуға немесе іссапарға жіберу) денсаулық жағдайы да айтылады.

Қажет деп табылған жағдайда негізгі мәтінге шетел сапарлары, зерттеу жұмыстары, өз бетімен жүргізген жұмыстары, жетекшілік, ұйымдастыру қабілеті де кіргізіледі.

Мәтін көбіне жай сөйлемдермен, қалыптасқан сөз орамдары мен сөз тіркестерін, стандарт терминдерді қолдана отырьгп, басы артық қысқартуларсыз жазылады.

Қорытынды негізгі мәтіннің түйінделген, жиынтықталған бөлігі болып табылады. Мүнда мінездеме беріліп отырған адамның перспективалық қызметіне байланысты бір-екі накты ұсыныс енгізіледі. Негізгі мәтіннен кейін (қорытынды) сөзін азат жолдан, бас әріптермен жазып, негізгі түйінді немесе үсынысты атап көрсетуге болады. Мысалы,

ҚОРЫТЫНДЫ: /. Атқарып журген қызметіне лайық. 2. Кәсіптік дайындық децгейін, басшылық қызметтегі тәжірибесін. ескере отырып Н.С.Нуртазаевты копкурстық Ііегізде статистика бөлімінің бастыгыны қызметіне ұусынуеа болады.

Мінездемені талап етуші ұйымның аты толық, ресми түрде аталуына сәйкес жазылады. Кейде мінездеме не мақсатпен берілгені атап айтылады. Бұл қорытындыдан кейін 1 интервал жіберіліп барып жазылады. Мысалы, "Абай атындагы Алматы мемлкеттік университетініқ қабылдау комиссиясына тапсыру үшін берілді".

Мінездеме жазылған дата ұйым атынан кейін 1 интервал жіберіліп барып парақтың сол жақ бөліміне жазылады. Ай аты жазбаша беріледі. Мысалы, 26 мамыр 1999 жыл.

Мінездеме беруші туралы мәліметке мінездеме берушінің ресми қызмет аты, қолы, фамилиясы, аты-жөні кіреді.

Қосымша ретінде қажет деп табылған жағдайда

1)  белгілі үлгідегі бірнеше фотосурет;

2)  білімі туралы құжат көшірмесі;

3)  бүрьшгы мінездемелер көшірмесі я одан алынған үзінді;

4)   анықтамалар жіберіледі.

Егер мінездемеде қосымша болатын болса ол жайында парақтың соңында жазылады. Ал қосымша бірнешеу болатын болса жолдама хат дайындалып, сонда көрсетіледі.

Мінездеменің жалпы қүрылымы осындай. Кей жағдайда мінездеме алушы адам парактың соңына "мінездемемен таныстым" деп жазып қол қояды. Фамилиясын, танысыскан күнін де жазады.

Мінездеме 2 дана етіп дайындалады. Біреуі талап етуші мекемеге жіберіледі, екіншісі мінездеме иесінің жеке ісіне я мінездемелер тіркелетін іске тігіледі. Мінездеме де жалпы тәртіп бойынша жіберіледі.

 

 Үлгімен танысыңыз.

Мінездеме

Болат Сыздықов Бакытүлы, 1967 жылы туған, үлты - қазак, білімі -жоғары. Қазақстан Республикасының азаматы. Болат Сыздықов Бақытұлы — 1967 жылғы ақпан айының 15-інде Қазақстан Республикасы бұрынғы Шымкент облысы, Түркістан қаласында туған. Орта мектепті бітіргеннен кейін 1984 жылы казіргі Ұлттық техникалык университетінің компьютерлік техника факультетіне оқуға түсіп, оны 1989 жылы үздік дипломмен бітірген. 1989-91 жылдар аралығында Ғылыми-жобалау институтының аға ғылыми қызметкері. Қазір          Қазақ үлттык техникалык университеті металлургия өнеркәсібі факультетінін аға мүғалімі. 1994-97 жылдар аралығында ҚазҰТУ-дін өндірістен қол үзбей оқитын аспирантурасьгнда оқып, 1998 жылы кандидаттық диссертация қорғады.

Б.Б.Сыздықов   -   өз  ісін  жетік   білетін,   тәжірибелі   маман.   Ол бірнеше  ғылыми  еңбектердің  авторы.   Б.Б.Сыздыковтың   "Металлургия өнеркәсібінің    терминдері"    деп    аталатын    еңбегі    Шоқан    Уәлиханов атындағы сыйлыққа ие болды.

Б.Б.Сыздыков қазақ, орыс, ағылшын тілін жетік біледі, ЭЕМ /ЭВМ/ машиналарында жүмыс істей алады. Б.Б.Сыздыков - студенттер мен әріптестерінің арасында беделді, үлгілі отбасы иесі.

Мінездеме Ғылыми-техникалық орталықтың бас маманы қызметіне үсыну үшін беріледі.

Мекеме басшысы Айы, күні, жылы  /аты-жөні, қолы/

 

                                                      Қазақ техникалық университетінің ассистент-профессоры Қуаныш Өмірбекүлы Әлихановқа

                                                                           

                                                             Мінездеме

Қ.Ө.Әлиханов 1963 жылы 5 қаңтарда Семей облысы, Аягөз ауданы, Баршатас ауылында дүниеге келген. ¥лты - қазақ, білімі -жоғары, ҚР-ның азаматы. Орта мектепті бітіргеннен кейін, 1980 жылы ҚазҰТУ компьютерлік техника факультетІне түсіп, оны 1985 жылы үздік дипломмен бітірген. 1985-88 жылдар аралығында - Ғылыми-жобалау институтының аға ғылыми қызметкері, ҚазҮТУ металлургия факультетінің аға оқытушысы. 1988-91 жылдар арапығында ҚазҰТУ-дың күндізгі бөлім аспирантурасында оқып, 1991 жылы кандидаттық диссертация корғады.

Қ.Ө.Әлиханов - өз ісін жетік білетін, тэжірибелі маман. Ол - бірнеше гылыми еңбектердің авторы. Қ.Ө.Әлихановтың "Металлургия өнеркэсібінің терминдері" атты еңбегі Шоқан Уәлиханов атындағы сыйлыққа ие болды.

Қ.Ө.Әлиханов қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік біледі, компьютермен жұмыс істеуде тәжірибесі мол. Ол - студенттер мен эріптестерінің арасында беделді, үлгілі отбасы иесі.

Мінездеме Ғылыми-техникалық орталықтың бас маманы қызметіне ұсыну үшін беріледі.

Тау-кен металлургия институтының директоры,

т.г.д., профессор                                                        А.И.Магзонов                қолы

Айы* күні, жылы

 Бақылау тапсырмалары