5) тапсырма

1-тапсырма а) Үш күн сабақтан босатуын сұрап, мектеп директорына өтініш жазыңдар.
б) Бір мекеме басшысына өзіңді жұмысқа алуын сұрап өтініш жазыңдар.
в) Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен қосымша сабақ беруін сұрап, сол пәнді жүргізетін мұғалімге өтініш жазу. Оның себептерін ашып жазыңдар.
Оқулық бойынша тапсырмалар:
1.
Мектепішілік ғылыми - практикалық конференциясына қатысуға өтініш жазу.
2.
Спорт секциясына, үйірмелерге қатысуға сұралатын өтініш жазу.
3.
Өтініш сөзімен түбірлес сөздерді жазыңдар.
Өтініш сөзінің синонимдік қатарын қатарын тауып жазыңдар.

2 – тапсырма Оқулықтағы домалақ арыз туралы пікірлерің қандай деген сауалға орай екі арызды оқыта отырып, оқушылардың пікірлерін білу.

1. Бас дәрігер А. Айдынованың үстінен жазылған арыз (« А. Айынованың сүрінуін көксеп жүргендер кімдер?» мақаласы негізге алынады. « Қазақ» газеті, 2010 жылы 10 қазан)

2. 1930 жылы Ақмола өңіріне қарасты( кезінде Социалистік деп аталған) аудан тұрғынының И. Сталин атына жазылған домалақ арызы. («Олақтар социализмді қалай орнатып жатқаны туралы айту» мақаласы негізге алынады. Арыз ҚР Президентінің Мұрағатынан алынған. 719 - қ. 1 - т. 125 іс, 132 – 134 - п. Көшірме. Орыс тілінде. Машинамен басылған. Материалды өңдеп, баспаға дайындаған Сейсенбаева Айнаш, ҚРПМ бас сарапшысы)

 

3 – тапсырма Жинақтау
Тірек сөздер (өмірбаян, саяси - қоғамдық өмірбаян, мәлімет, өтініш, арыз) арқылы қорыту
Салыстырмалы қолдану
Саяси - қоғамдық өмірбаяның жай өмірбаяннан айырмашылығы.
Арыз бен өтініштің ерекшелігі.

 

4-жаттығу. Сөз формаларының тиістісін таңдап алып, жақшаны ашыңыз

 

Басқарудың құралы ретінде құжаттар жоспарлауда, (қаржыландырудың, қаржыландыруда, қаржыландырумен, қаржыландырудан) несие беруде қолданылады. (Құжаттардың, құжаттарда, құжаттары, құжаттарым) мемлекеттік құрылым белгіленеді. Құжаттардың қажетті және жеткілікті мөлшерде болуы нақты (жұмыспен, жұмысқа, жұмыстан, жұмысын, жұмысының) көп уақыт бөлуге мүмкіндік береді. Ұйымды басқарудағы жазба құжаттардың үйлесімді (жүйелі, жүйесінің, жүйесі, жүйесін, жүйелерін) бірте-бірте қалыптасады. Сақталу (мерзімімен, мерзімінде, мерзіміне, мерзімін, мерзіммен) қарай құжаттар 10 (жылмен, жылда, жылдан, жылының, жылға) жоғары тұрақты мерзімге сақталатын және 10 (жылмен, жылда, жылдан, жылының, жылға) дейін уақытша сақталатын құжаттар болып бөлінеді.