11) Хаттама, жарнама, хабарландыру жазу үлгісі

Хаттама, жарнама, хабарландыру жазу үлгісі

Жарнама, реклама (франц. reclame, лат. reclamo — жар саламын) — тауарлардың, қызмет көрсетудің тұтынушылық қасиеті туралы ақпарат беру және оған деген сұранысты көбейту мақсатында таратылатын хабарлама; белгілі бір адамдар, ұйымдар, әдебиет пен өнер шығармалары туралы хабар таратып, оларды әйгілеу. Жарнама көпшілік ақпарат құралдары (теледидар, радио, газет, Интернет, проспектілер, плакаттар, т.б.) арқылы жүзеге асырылатын коммуникацияның ақылы түрі болып табылады. Кез келген Жарнама хабарламалық, болмаса назар аудартушылық сипатымен ерекшеленді. Жарнаманың түрлері көп: сату орнындағы Жарнама, институционалдық (жақсы пікір қалыптастыру мақсатындағы) Жарнама, хабарламалық Жарнама, сауда және көлік жүйесіндегі Жарнама, көше Жарнамасы (плакат, афиша), ауызша Жарнама, баспалық Жарнама т.б. Жарнаманың қарапайым түрлері б.з.б. пайда болды. Ежелгі Грекия мен Ежелгі Римде Жарнама хабарландыруларын ағаш тақтайларға жазып, халық көп жиналатын алаңдарда айғайлап жар салатын болған. Баспаға басылған Жарнамалар Англия мен Францияда 17 ғ-да пайда болды. Жарнама қазақ халқына да ежелден белгілі. Оның ауызша үлгілері фольклорлық әдебиетте “жарлық шашу”, “жар салу” ұғымдарымен берілген. Жарнама үлгілері “Қобыланды батыр”, “Мұңлық-Зарлық” және “Оғызнама” жырларында бар. 19 ғ-дың аяғында “Түркістан уалаяты”, “Дала уалаяты” газеттерінде саяси-экон. мәселелерге байланысты, оқу-ағарту, әдебиет және өнер-білім бойынша Жарнамалар берілген. 20 ғ-да Жарнаманың мақсаты мен мазмұны кеңейіп, икемділігі артты, Жарнама тілінің ішкі құрылымы сараланды. Нарықтық экономиканың қанат жаюына орай Қазақстанда жарнамалық қызмет түрлері сан алуан болып дамуда. Жарнама стратегиясымен айналысатын Жарнама компаниялары пайда болды. Жарнаманың бір түрі — афиша (affіcher — хабарландыру, іліп қою). Театр афишалары — спектакльдер және басқа да көңіл көтеретін шаралар туралы хабарландырулар. Афишалар театрдың алдына, көшелерге, алаңдарға және басқа да көпшілік жүретін орындарға ілінеді. 

Хабарландыру жазу

Хабарландыру жазу үшін тақырып пен оның мәтінің жазу жеткілікті. Тақырып үлкен әріптермен жазылу керек, көзге таңбадай көрініп тұру үшін, өзгелер бұны басқа жазулардан және өзге хабарландырулардан ажырата алу үшін.

Хабарландыру мәтіні болатын - оқиға, сатылып жатқан тауар, ұсынылып тұрған қызмет және тағы сол сияқты мәлімет беру үшін жазылу керек. Бұнда байланыс үшін телефон нөмірі, электронды пошта, адрес және тағы сол сияқтытылары керек. Мысалы жоғарыдағы хабарландыруымызда келетін орын мектептің акт залы деп белгіленген. Уақыты да белгіленген. Хабарландыру туралы ақпарат осындай.

Хабарландыру жазу үлгісі

Хабарландыру жазу үлгісі мынандай да бола алады:

 

Бар айырмашылық бұл тақырыпта.

Өз бетімен ит не мысық сату жайында мәлімет беретін хабарландыруды жазып көріңіз.

Және егер тауар не қызмет сатсаныз, осы сайтты да пайдалына аласыз, бұнда хабарландыру тақтасы бар. Тіркелу тегін, пайдалану да тегін.

ХАБАРЛАНДЫРУ
Шымкент қалалық ксңесінің мәжіліс залында 26 наурызда 2000 жыл «Діннің жастар өміріне, тәрбиесіне катысы бар ма?» деген тақырыпта лекция өтеді.
Лектор психология ғылымының кандидаты, доцент А.С.Қарабаев.
Басталу уақыты: 18 сағат 30 минут.
- Тірек сөздер:
өтеді, хабарландыру, сағат, басталады, қатысады, шақыру, жарияланады, конкурс, қабылдайды, жылы, бос, үшін т.б.
Тірек сөз тіркестері:
жұмысқа шақыру, мәжіліс өтеді, конкурс бойынша, қызметкер қабылдайды, мәжіліс залында тәрбие секциясы, студенттер назарына т.б.


Қымбатты оңтүстік қазақстандықтар!
Баршаңызды Конститция күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Тәуелсіздіктің туын Тігіп, кемел келешекке қарап көш түзеген Қазақстанды құқықты, зайырлы және демократиялы ел ретінде қалыптастырған Ата Заңымыздың қабылданғанына 12 жыл толды. Тарих үшін бұл мерзім қас-қағым сәт саналғанымен, буыны бекімеген жас мемлекетті нығайту жолында ғасырға бергісіз міндетті атқарғаны сөзсіз. Иә, жаңарып, жанданған Қазақстанның қарыштап дамуы үшін кейінгі жылдары Конституцияға азды-көпті өзгерістер енгізу қажеттілігі туындады. Және мұндай маңызды шешім бір күннің емес, талай жылдардың талқысына түсіп, жан-жақты сарапталды. Нәтижесінде биыл қоғамдағы демократиялық құндылықтарды одан әрі дамытатын, ұлтаралық достықтың дәнекеріне айналған елімізді өркениетті мемлекеттердің қатарына қосатын Конституциялық реформа жасалғаны белгілі. Мұндай өзгеріс барша қазақстандықтардың тарапынан барынша қолдау тапты десек қателеспейтін шығармыз. Енді еліміздегі экономикалық және саяси өзгерістер сол реформада көрсетілген кезеңдер бойынша жүргізілетін болады.
Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлау — соның алғашқы жемісі. Сондай-ақ, Парламенттің құрамына Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан депутаттардың өтуі – түрлі ұлт өкілдерінің басқару жүйесіне кеңінен қатысуына, тұрақты дамудың кепілі – бейбітшілік пен ынтамақтың одан әрі нығаюына оң әсер ететіні даусыз.
Қадірлі жерлестер, әлеуеті зор Ата Заңның аясында қалыптасқан береке-байлығымыздың әрқашанда бағасын білейік. Отбасыларыңыз бен Отанымызда әрдайым татулық пен тұрақтылықтың салтанат құруына тілектеспін.


ХҚТУ Президенті Оразалы Сәбденнің оқу ордамыздың ханымдарына жолдаған құттықтауы.
Жүрегіңді баурап, өміріңе әр берер жас Ару, сырыңды бөлісіп, қиындықта демеп, ер мінезді құрбы қыз, жалпы ер азаматтың көз қуанышы саналар. Осы аяулы жандар болмаса, жер бетінде өмір сүру мұншама қызықты, осыншалықты тартымды болмас еді.
Қымбатты әріптестер апа – әпкелер, құрбы қарындастар және студенттер!
Баршаңызды сұлулық мерекесі 8 – Наурыз Әйелдер мейрамымен құттықтаймын! Сіздерге әлемнің жақсылығын, отбасы бақытын, деннің саулығын, ұл – қыздарыңыздың мәртебесі әрқашан биік болмақ.
Мерекелеріңізбен, аяулы жандар!
Хабарландыру

“Шымкентцемент” АО Бос орынға мамандар алатынын хабарлайды.
Өндірістің қауіпсіздігі бойынша бас жоспарлардың үйлестірушілері қойылатын талаптар:
- арнаулы білім;
- өндірістің қауіпсіздігі бойынша бас жоспарды енгізу жөніндегі жұмыс тәжірибесі;
- Италия тілін білу,
Телефон: 8 (7252) 57-14-08
E-mail: L. grigoreva @ Shymkent + cement.kz.

“Южполиметалл” ПК АҚ бос лауазым орнына Конкурс жариялайды.
Бірінші санат бойынша – аккумулятор зауытының бас директоры лауазымына – 1 орын.

Жалақысы – 200 000 теңге.
Біліктілік талаптары: жоғары техникалық немесе инженерлік – экономикалық білім.
Басқарушы лауазымында және тиісті кәсіпорын саласында 5 жылдан кем емес жұмыс өтілі, ағылшын және итальян тілдерін білу. СОӨЖ. Іскерлік лексикадағы сөздер орын тәртібі, есімшенің шақ түрлерінің айыру жолдары.
3. Иә, жоқ қатыстырып сұхбат құру,
Интонацияға көңіл аударыңыз.
4. Бос жұмыс орнына қызметке қабылдау жөнінде өтініш жазыңыз.

Мекен – жайы: Шымкент қаласы, Абай даңғылы, 2.
Телефон: (3252) 56-29-83,
Факс: (3252) 56-99-51.
Шымкент қаласындағы “ПетроҚазақстан Ойл Продактс” ЖШС еңбек ресурстары, әкімшілік және оқыту департаменті мына бос орынның бар екендігін хабарлайды.

Лауазым: аудармашы.
Үміткерлер төмендегі талаптарға сай болуы керек:
- Жоғары кәсіптік білімі;
- Аудармашы лауазымында кемінде 3 жылдық жұмыс өтілі;
- Ағылшын, орыс тілдерініғ грамматикасы мен стилистикасын білуі;
- Ағылшын және орыс тілдерінде қызметтік қатынас хаттар әдістемесі мен терминологиясын білуі;
- Менеджмент, экономика, мұнайөңдеу салаларының және әдеби мәтіндеу негіздерін білуі;
- Кәсіби деңгейде МS Word және MS Excel компьютерлік бағдарламаларды білуі;
- Текст материалдарын ағылшын тілдерінде жылдам тере білуі.

Түйіндемеңізді мына факске жіберуіңізді сұранамыз:
факс: 8 – (3252) – 940 372, тел: (3252) – 940 388.

Бақылау тапсырмалары