№3.Сумен қамтамасыз ету гигиенасы және суару технологиясы.

 

Пәні:Зоогигиена

Тобы:3ВС-4,3ВФ-9,3ВФ-11

Тақырыбы: Сумен қамтамасыз ету гигиенасы және суару технологиясы.

Жоспар

                             1.Cудың физикалық қасиеттерін анықтау

                              2. Су сынамасын алу ережелері

Судың санитарлық-гигиеналық мәні зор. Қоғамдық мал шаруашылығы жағдайында суды жүйелі түрде ауыз су ретінде және техникалық қажеттіліктерге жұмсайды. Судың сапасы біршама дәрежеде малдардың денсаулығы мен өнімділігіне, фермалардың, өндісітік кешеннің санитарлық жағдайына, шығарылатын өнімдердің сапасына және оларды өңдей кәсіпорындарының жағдайына әсерін тигізеді.

Қазір біздің елемізде ауыз су сапасының МЕМСТ 2874-82 сапа стандарты бар.

Судың сапасын су көзінің санитарлық-топографиялық тексеру, физикалық және химиялық-бактериологиялық талдау нәтижесінде анықтайды.

 

                              Cудың физикалық қасиеттерін анықтау

Жұмыстың мақсаты: су сынамасын алуға арналған әдістермен, құралдар және қондырғылармен танысу және судың физикалық қасиеттерін зерттеу.

Су сынамасын алу ережелері

Суды зерттеуде нақты нәтижелер алу үшін су сынамаларын алу, сақтау және тасымалдаудың орнатылған ережелерін ұстану қажет.

Су сынамасын зерттелетін судың бүкіл салмағына сәйкес келетіндей етіп алу қажет. Егер сынама алғанда қате кетсе, бұл теріс бағалауға алып келеді.

Су сынамасын алған құмыралар тазаланып жуылуы қажет. Шыны және полиэтилен құмыраларды концентрлі техникалық тұз қышқылымен жуады, ал зарарсыздандыру үшін синтетикалық жуғыш заттарды қолданады.

Содан кейін ыдысты дистилденген сумен жақсылап шайқайды. Сынама алар алдында ыдысты зерттеуге алынатын сумен бірнеше рет шайқайды, содан кейін оны тығынға дейін сәл ғана ауа кеңістігін қалдырып толтырады.

Ағынды сулы су қоймаларынан сынаманы малдың су ішетін жерінде, одан жоғары және төмен алады. Құдықтан суды су алардан бұрын таңертеңгілік және кешке су алынып болғаннан кейін бетінен 0,5 – 1,0 м тереңдікте, ал ашық су қоймаларынан– дәл сол тереңдікте, бірақ 1 – 2 метр қашықтықта алады.


Су сынамасын құбыр кранынан, құдық насосынан немесе артезиан скважинасынан алғанда, құбырларда тұрып қалған суды тартып немесе ағызып тастап, 10 – 15 минуттан кейін алады.

Талдау үшін сынаманы арнайы батометр көмегімен немесе 2-5 л көлемді құмыраға алады.

Су сынамасына қоса берілетін жолдама қағазда: сынама номері, алынған жылы, айы, күні және сағаты, су көзінің атауы және орналасқан жері, сынама алу жері, алу әдісі, қандай мақсатта, кімнің тапсырмасы бойынша алынғаны, сондай ақ судың физикалық қасиеті көрсетіледі.

Зертханаға жеткізілген су сынамасын жылдам зерттеу қажет; оларды тоңазытқышта немесе мұздықта: ластанбаған су сынамасын – 72 сағатқа, ластанған су көзінен суды алғаннан бастап, 48 сағатқа сақтауға рұқсат етіледі.

Егер су сынамасын зерттеуге жеткізгенде 5 сағаттан артық уақыт кетсе, онда жазда сынаманы қыздырудан, қыста қатудан сақтау керек.

      Судың физикалық қасиеттерін анықтау

Су көздерін ветеринариялық-санитариялық тексеру кезінде судың сапасын ең алдымен оның физикалық қасиеттері бойынша бағалайды, мұнда келесі көрсеткіштерге: температурасы, түсі, иісі, дәмі, мөлдірлігі, лайлығы мен тұнбасына назар аударады.

Су температурасы. Арнайы термометр немесе шаригі 5-6 қабат дәкемен оралған кәдімгі термометрмен өлшейді.

Температураны тікелей су көзі жанында су сынамасын алғанда өлшейді.

Термометрді 10-15 минутқа суға салады да, оның көрсеткіштерін судан ала салғанда, тұрақты температура орныққаннан кейін бірден белгілейді.

Жануарлар үшін ауыз судың температурасы 10-120 С, буаз және ауру малдар үшін – 150 С дейін және төлдер үшін жасына байланысты 15-300 С болуы керек.

Судың түсі. Сапалық тұрғыдан анықтауды ақ фонда биіктігі 10 – 12 см екі пробиркаға құйылған дистильденген және зерттелетін суды салыстырып жүргізеді.

Судың түсін кестені қолданып, градуспен өлшейді.

Түсінің сапалық анықтауын хромокобальт шкаласы бойынша жүргізеді.


                             1-кесте Судың түсін шамамен анықтау

Қарағандағы түсі

Градус бойынша түсі

Бүйірінен

Жоғарыдан

Жоқ

Жоқ

10 кем

Жоқ

Әрең байқалатын, әлсіз сарғыш

19

Жоқ

Өте әлсіз сарғыш

20

Жоқ

Әлсіз сарғыш

30

Әрең        байқалатын,          бозғылт сарғыш

Сарғыш

40

Әрең байқалатын, бозғылт сары

Ашық сарғыш

80

Өте әлсіз сарғыш

Сары

150

Бозғылт сарғыш

Қарқынды сарғыш

300

Сары

Қарқынды сары

500

 

Жақсы судың түсі 200 төмен болмауы керек, ал 400 рұқсат етіледі. Судың түсін келесі терминдермен белгілейді: түссіз, ашық сары, қарқынды сары және т.б.

Судың иісі. Суды алған жерде және зертханада 20-400С қыздырып, анықтайды. Бұл үшін колбаға 2/3 көлеміне 20о зерттелетін суды құяды, колбаны сағаттық шынымен немесе үйкелген тығынмен жауып, сілкіп, иісінің сипаты мен қарқындылығын анықтайды, содан кейін 400С қыздырып, сілкиді де, шыныны ысырып кесте бойынша иісінің сипаты мен қарқындылығын бес баллдық шкаламен анықтайды:

2-       кесте Ауыз судың иісінің қарқындылығын анықтау

Иістің қарқындылығы (балл)

Иістің сипаты

Сипаттама анықтау

0

Иісі жоқ

Сезілетін иісі жоқ

1

Өте әлсіз

Иісті       тұтынушылар         байқамайды, бірақ мамандар анықтай алады.

2

Әлсіз

Егер       назар       аударса,        тұтынушы

анықтай алады

3

Байқалатын

Иіс жеңіл сезіледі және су туралы теріс пікір қалыптастырады

4

Анық

Назар аудартатын иіс: ішуден бас

тартқызуы мүмкін

5

Өте күшті

Иістің күштілігі          сондай, су ішуге жарамсыз

           


Иістер табиғи – хош иісті, батпақ иісті, шірік иісті, топырақ иісті, зең иісті, балық, күкіртсутегі, шөп иісті, белгісіз, және жасанды

  хлор, фенол, бензин, камфора иісті болуы мүмкін.

Жақсы ауыз суы иіссіз болуы керек, ал рұқсат етілетін иіс 200 С температурада 2 баллдан жоғары болмауы керек.

Судың дәмі. Анықтауды сынама алған жерде тек судың санитарлық тұрғыдан қауіпсіздігіне сенімді болғанда ғана жүргізеді. Күманды жағдайларда оны алдын ала 5 - 10 минут қайнатып, 20-250 С дейін суыту қажет болады. Дәмін (татымын) анықтау үшін шамамен

15 мл суды ауызға алып, бірнеше секунд ұстап, жұтпай дәмін анықтайды. Шикі судың дәмін анықтағаннан кейін ауызды марганец қышқылды калийдің әлсіз ертіндісімен шаю қажет.

Судың дәмін: қышқыл, сілтілі, тұзды, ащы-тұзды, кермек, ауыз қуыратын, тәтті; татымын: темірлі, кермек, хлорлы, металл, балық дәмді деп белгілейді.

Дәмі мен татымының қарқындылығы баллмен: татымы жоқ – 0, өте әлсіз – 2, сезілетін – 3, анық– 4, өте күшті 5 баллмен бағаланады.

Судың мөлдірлігі. Анықтау үшін суды биіктігі бойынша сантиметрге бөлінген цилиндрге құяды, оның түбіне Снеллен шрифты бар баспа қағаз салады. Содан кейін біртіндеп суды резина түтігі бар төменгі тубустан шрифт анық көрінгенше ағызады. Бағана биіктігі бойынша оның мөлдірлігін сантиметрмен өлшейді.

Далалық жағдайда судың мөлдірлігін анықтау үшін диаметрі 1 – 1,5 см болатын сымтемір сақинаны қолданады. Тұтқасынан ұстап, сымтемірді 500 – 1000 мл көлемді цилиндрға құйылған зерттелетін суға оның контурлары көрінбей қалғанша батырады. Содан кейін, сантиметрлік сызғышпен сақина анық көрінетін жерге дейінгі тереңдігін өлшейді. Сақина бойынша зерттеуден алынған деректерді Снеллен шрифты бойынша көрсеткішке кестемен аударады: 

30 см жоғары мөлдірлігі бар су жақсы деп саналады; 10 нан 30 см – қолдануға рұқсат етіледі. Судың мөлдірлігін: мөлдір, әлісіз мөлдір, сәл лайлы және күшті лайлы деген терминдермен анықтайды.

Судың лайлығы. сынамада органикалық және минералды текті ерімеген және коллоидты заттардың болуымен шартталады. Судың лайлылығы мен мөлдірлігі арасында белгілі бір тәуелділік бар. Осыдан лайлылықты анықтауды судың белгілі мөлдірлігін айналдырып кесте бойынша жүргізеді:

 

3-       кесте Судың лайлылығын анықтау

Мөлдірлігі,

см

Лайлылығы

мг/л

Мөлдірлігі,

см

Лайлылығы

мг/л

Мөлдірлігі,

см

Лайлылығы

мг/л

4,0

235

14,0

65,0

24,0

38,0

5,0

185

15,0

61,0

26,0

35,1

6,0

155

16,0

56,0

28,0

32,6

 

7,0

130

17,0

53,4

30,0

30,5

8,0

114

18,0

48,0

32,0

28,6

9,0

102

19,0

46,0

34,0

26,9

10,0

92

20,0

44,5

36,0

25,4

11,0

83

21,0

43,3

38,0

24,2

12,0

76

22,0

41,4

40,0

23,0

13,0

70

23,0

39,6

42,0

21,8

 

Судағы тұнба. Зерттелетін суды шайқап, биіктігі 30 см кем емес өлшем цилиндріне құяды да, бір тәулік тыныштықта қалдырады.

Мөлшері бойынша тұнбаның болуы: тұнба жоқ, аздаған, байқалатын, үлкен тұнба; сапасы бойынша – үлпек, сазбалшықты, құмды, сазды және т.с.с түсін көрсете отырып (сұрғылт, қоңыр, қара және сол сияқты) сипатталады.


 Тест

 

Кестемен жұмыс.