Басты бет

Кiрiспе

Акушерлік-гинекологиялық аурулар көп жағдайларда сапасы төмен азықтарды қолданып, ұрықтандыру технологиясын сақтамағаннан, жыныс

мүшелерінің қабынғанынан және жайылымды дұрыс пайдаланбауға тікелей байланысты. Осыған орай гормондық сипаттағы, дәрумендердің жетіспеушілігі, басқа да кері факторлардың әсерінен аналықтардың жыныс

мүшелерінде бедеулік пайда болады.

Сонымен қатар, қолдан ұрықтандыру малдардың жыныс органдары арқылы тарайтын жұқпалы аурулардан сақтандыратын әдістің бірден-бірі болып табылады. Қолдан ұрықтандыру әдісі ветеринария саласының ең үлкен жетістігі.

Табиғи шағылыстыру әдісімен салыстырғанда, қолдан ұрықтандырудың ең басты артықшылығы асыл тұқымды, жоғары сапалы өнім беретін әр қошқардан бірнеше есе көп төл алуға болады. Соның нәтижесінде асыл тұқымды қошқарға талап жоғарлайды.

Аталық жəне аналық малдардың жыныс мүшелерінің анатомиясы мен

физиологиясын зерделеу тақырыбының оқыту нəтижесінде: ауылшаруашылығы малдардың жыныс мүшелерінің құрылысы, анатомиясы мен физиологиясы туралы мəліметтер берілген.

Ауылшаруашылығы малдарының акушерлік ауруларын емдеу бөлімінің оқу нəтижесінде: буаз малдарды диагностикалау оларға емдік көмек көрсету, буаз малдардың туу белгілерін анықтау, жаңа туылған төлдерді күтіп бағу, төлдің бұрыс келуіндегі акушерлік көмек көрсету əдістері баяндалған.

Жаңа туған аналық малдардың жəне сүт бездерінің ауруларын зерттеу

тақырыбындағы оқу нəтижесінде: жаңа туылған төлдің өмір сүру қабілетін анықтау, төлдердің іш қату аурулары, сүт бездерін зерттеу жəне ауыл шаруашылық малдарын гинекологиялық ауруларын емдеу əдістері туралы мəлімет берілген.

Жануарларды жасанды ұрықтандыру жүргізу тақырыбының оқыту нəтижесінде: жасанды ұрықтандыруға қажетті құрал-жабдықтарды, ерітінділерді, күйттеуші малды дайындау, өндіруші аталық малдардан ұрық алу, ұрықтың сапасын анықтау, буаз малдарды күтіп бағу жəне буаздықты зерттеу əдістері баяндалған.