1)1.Рацион құру ерекшеліктері мен малдарды нормалап азықтандыру
1.Рацион
құру ерекшеліктері мен малдарды нормалап азықтандыру
2.Етті
бағыттағы бұзауларды азықтандыру мөлшері және жүйесі
Рациондардың
түрі сүт өндірісінде қолданылатын аймақтарда мал шаруашылығы саласына, мал
азығын өндіретін шаруашылықтардың әр түрлі дамуына байланысты болады. Осы
жағдайларға қарай малды азықтандыру үшін топтастырады, топтық азықтандыру
енгізіледі. Азықтандыратын жеке тип құрған кезде рациондарын, олардың
құрамындағы азық мөлшері (нормасы) мен рационын малдың тірілей салмағына қарай
анықтайды. Көбінесе ірі қара мал азығын типтестіреді: пішенді, жемді,
сүрлем ді, сүрлемдіпішенді, сүрлемдітамыржемісті т.б. Жаз кезінде
– шөпті, шөптісүрлемді, шөптісүрлемді+жемді береді. Типтік
азықтандыруды көбінесе ауыл шаруашылығы жүйесіне, азық өндіру саласына және
шабындық пен жайылымның көлеміне байланыстырады. Азықтандыру үдерісін бағалаған
кезде малдың өнімділігін, құндылығын, өнімнің сапасын анықтайды. Азықтың
мөлшеріне қарай рацион құрылады. Рационның құрамындағы азықтар табиғи жағдай
бойынша сол аймақта өндірілген азықтар болуы керек, ол рацион типтескен деп
саналады. Типтескен рациондарды ғылымизерттеу мекемелері, шаруа
шылықтарға қолдану үшін ұсынылады, олар азықтарды зерттеп, жетіспеген заттармен
толықтыру туралы нұсқаулар береді. Мысалы, оңтүстікшығыс тау бөктеріндегі
аймақтағы сүт өндіру шаруашылықтарында сүрлемпішенділер жемді типтескен
рацион түрінде қолданады, оның құрамында пішеннің мөлшері өте аз. Барлық
қолданылатын рациондардың мақсаты мәні малды қоректі заттармен толықтырылған
мөлшер бойынша азықтандыру. Етті бағыттағы бұзауларды азықтандыру мөлшері және
жүйесі Етті бағыттағы бұзауларды 78 айлығына дейін енесімен бірге ұстап,
емізіп өсіреді. Сондықтан да туғаннан кейінгі алғашқы 34 айында сүт
бұзаулар үшін негізгі азықтың қоры болып табылады. Әдеттегідей, туғаннан кейін
алғашқы айында бұзаулар қоректік заттарды енесінің сүтінен алады. Әрі қарай
қарқынды өсу үшін қоректік заттарға және қуатқа қажеттілігі өседі және енесінің
сүтіне толық қанағаттанбайды. Физиологиялық жағынан жақсы жетілген жас төлді
өсіру үшін бұзауларды 1520 күндігінде шөп және жем жеуге үйрету керек.
Содан кейінгі азықтандыру мөлшері сиырлардың сүттілігімен байланысты. Етті
бағыттағы бұзауларды қосымша азықтандыру сапалы және құнарлыазықтық және
бұршақ өсімдіктер пішені, сүрлем, пішендеме, жем, ақуыздыдәруменді
қоспалар, құрамы протеинге бай азықтар беру арқылы жүзеге асырылады. Етті
бағыттағы бұзауларды қарқынды өсіргенде, рациондағы қуат құнарлығы жоғары болуы
керек. 4 айлығына дейін 1319 МДж алмасу қуаты, 5 айдан әрі қарай
11,012,0 МДж алмасу қуаты 1 кг құрғақ затты құрауы керек. Алғашқы кезде сүт
көлемінің жеткілікті мөлшерге жетуіне, ал соңында құрама жемдерге көңіл
бөлінеді. Етті бағыттағы бұзаулардың өсуі мен дамуы, туғандағы тірілей
салмағына, қосымша азықтануына және енесінің сүтіне тікелей байланысты. Етті
бағыттағы сиырдың 1200 кг сүттілігінде бұзаулардың салмағы 200220 кг
жетеді, ал сүттілігі 1400 кг болғанда 240250 кг болады. Бұзаулауға ыңғайлы
кезең көктем айлары. Осы мезгілде төлдеген сиырлардың сүттілігі (азық есебінен)
150200 кг жоғары, тиісінше бұл бұзаулардың салмағына оң әсер етеді. Төрт
айға дейін бұзаулардың қарыншасы ас қорытуға әлсіз, сондықтан қоректік заттардың
қорытылуы негізінен ұлтабар мен ішекте жүреді. Бұлар жасұнықты, крахмалды және
протеинді нашар пайдаланады, бірақ сүттегі көмірсуларды, майды және ақуызды
жақсы қорытады. Осы ықпалды ескере отырып, етті бағыттағы бұзауларды азықтандыру
мөлшері анықталған (75, 76-кестелер). Етті бағыттағы төрт айлық бұзаулар
қарқынды өскенде тәулігіне 800950 г дейін қосымша салмақ алу үшін әр 100 кг
салмаққа шаққанда 1,92,1 құрақ зат, 26,034,0 МДж алмасу қуат көлемінде
қажет етеді. Бұл жастағы бұзаулардың шикі протеинге мұқтаждығы – 2026%,
крахмалға 716%, қантқа 1327% және шикі майға
9,422% қажет. Етті бағыттағы 4 айдан асқан бұзауларға осындай қарқынды
өсумен 100 кг тірілей салмағына 2,12,3 кг құрғақ зат 2327 МДж алмасу
қуаты қажет. Шикі протеиндегі 1 кг құрғақ зат: 1518%, шикі жасұнық
17 18, крахмал 1215, шикі май 58%, қуат 11,4
МДж құрайды. Етті бағыттағы бұзаулар үшін азықтандыру сызбасы жас есебімен,
тірілей салмағымен, өсім жоспарымен, өнімділігі қоректік заттардың қорытылу
тиімділігімен, сиырлардың сүттілік және төлдеу кезеңінен (күзгіқысқы, ерте
көктемгі, жыл бойы) құралады. ықтандыру жүйесі 800850 г қосымша салмағының
өсіміне арналып есептелген. Етті бағыттағы бұзауларды енесімен бірге өсіргенде
азық қажеттілігі 12,2 МДж алмасу қуатысына 1 кг құрғақ затты құрайды. 100 кг
салмақтағы бұзауға 2,35 құрғақ зат, 2,84 МДж алмасу қуаты керек. Құрғақ заттағы
шикі протеиннің деңгейі 16,5%, қорытылатыны 13% құрайды. 1 МДж алмасу қуаты
10,8 г қорытылатын протеинді жұмсайды. Қарқынды өсірілген бұзаулар тәулігіне
900950 г қосымша салмақ қосады. Енесінен айырмаған кезеңде 1168 кг сүт, 203
кг азықтық бұршақтық пішен, 159 кг пішендеме, 596 кг жайылым шөбі, 206 кг
екпе көк шөп, 846 кг құрғақ зат, 103,2 мың МДж алмасу қуаты, 139,7 кг шикі және
110,6 кг қортылатын протеин пайдаланады. Пайдаланатын азықта алмасу қуаты 12,2
МДж/кг құрғақ затқа тең. Бұзаулар жаз бойы сиырлармен бірге жайып, ал соңғы
1,52,0 айында, енесінен айырғанға дейін оларды екпе көк шөппен, табиғи
шөппен және жеммен азықтандырады. Етті бағыттағы бұзауларды қарқынды өсіргенде
барлық кезеңде оларды жоғары сапалы пішенмен құрама жеммен,
ақуыздыдәруменді қоспалармен, екпе көк шөппен азықтандырады. Барлық өсіру
әдісінде бұзаулар таза сумен және минералды қосымш а азықтармен қамтамасыз етілуі
керек. Азықтандыру жүйесіне тиісінше (78-кесте), қарқынды өскен етті бағыттағы
бұзаулар тәулігіне 850900 г, ерте көктемде туылғандары, енесінен бөлгенге
дейін өз енелерімен бірге жүріп, 1212 г сүтті ішіп еміп, 690 кг табиғи
жайылымдағы көк шөпті жейді. Қосымша азық ретінде бұл кезеңде оларға (орташа 1
басқа) 178 кг жоғары сапалы азықтықбұршақты пішен, 482 кг жүгері сүрлемі,
90 кг екпе көк шөп және 214 кг құрама жем беріледі. Бұзауларды енесінен бөлмей
тұрғанда (1 басқа) 855 г құрғақ зат, 10,58 мың МДж алмасу қуаты, 142,2 кг шикі
және 111,3 кг қорытылатын протеин қажет. Етті бағыттағы бұзауларға қажет
азықтардың алмасу қуаты құнарлылығы енелерімен өсіру кезеңінде 12,3 МДж алмасу
қуатын құрайды. Бұзаулар 100 кг тірілей салмаққа 2,41 кг құрғақ зат, 29,8 МДж
алмасу қуаты, құрғақ заттағы шикі протеин деңгейі 16,5%. 1МДж алмасу қуаты 10,5
г қорытылатын протеиннен келеді. Қарқынды өскен бұзауларға тәулігіне
9501000 г қосымша салмақ қосып, енесімен бірге өсірген кезеңде 1450 кг
сүтке дейін қосымша азықтандыру кезінде орташа 1 бас бұзауға 261 кг
азықтықбұршақ пішені, жүгері сүрлемі, 182 кг екпе көк шөп, 276 кг құнарлы
азық немесе 966 кг құрғақ зат, 11,91 мың МДж алмасу қуаты, шикі және 129,7 кг
қорытылатын протеин береді. Әр түрлі ықпалға байланысты, қарқынды өсуіне және
дамуына тиісінше бұзауларға қоректік заттардың қажеттілігі анықталған. Кейбір
шаруашылықтарда етті бағыттағы бұзау алуды жыл бойы жүргізеді, сондықтан табында
әр түрлі жастағы бұзаулар бар. Мұндай бұзауларды қосымша азықтандыру үшін
олардың әрқайсысының жасын білу керек. Жүргізілген тәжірибенің көрсетуі бойынша,
жыл бойы бұзаулаған сиырлардан көктемде төлдегендері көп, ал жазда аз болады.
Сондықтанда ақпан, наурыз, сәуір айларындағы етті бағыттағы бұзаулар табынында
орташа есеппен 3 ай: қаңтар, мамыр, кезең – 4 ай; шілде, тамыз, желтоқсан – 5 ай; қыркүйек, қазан, қараша –
6,57 ай болады. Жыл бойы төлдегендегі бұзауларды азықтандыру жүйесі
құрамына табындағы орта жастағы бұзауларға жоспарланған өсіммен құралады. 8
айдан асқан жас төлді азықтандырғанда көңіл бөлетін жағдайлар, ол ірі қара
малының етті бағыттағы төлдерін азықтандыру ағзаның қалыпты физиологиялық
жағдайын қамтамасыз етуі керек, әрі жоспарланған өсімді азыққа аз шығын шығаруды
ұйымдастыру. Жас ағзада қуат, ақуыз, минералды заттардың, дәруменнің көп мөлшерде болғаны, бұлшық ет
ұлпасының, ағзадағы сүйектердің қалыптасуы үшін қажет. Бұл заттардың шығыны
бірлік есебімен ересектерге қарағанда төмен болады. Бұл ықпалды етті бағыттағы
ірі қара тиімділігін арттыру үшін пайдалану керек. Асыл тұқымды етті бағыттағы
бұқашықтарды азықтандыру мөлшері мен рациондары Асыл тұқымды етті бағыттағы
бұқашықтардың тәуліктік рациондары толыққұнды болу керек, яғни оларды өсірген
кезде олардың рационындағы азықтандыру мөлшері, қуат, қоректі және минералдық,
микробиологиялық әсерлі заттар, т.б.
жеткілікті болуы керек. Бұл көрсеткіштер жас өсіруге қалдырылған
бұқашықтарды жақсы күйге келтіріп, жыныстық физиологиялық жағдайын нығай
тып, 1416 айлық жасқа толғанда оларды керкті бағытта пайдалануға жіберілуі керек. Құрғақ және
басқада толықтыратын заттарға қажеттілігі олардың салмағына, жасына, өсіру
бағдарламасына байланысты. Етті бағыттағы бұқалардың әрбір 100 кг тірілей
салмағына шаққанда 2,572,70 кг құрғақ зат, 10 МДж кем емес алмасу қуаты
болса, онда тәулігіне 10001100 г қосымша салмақты қамтамасыз етуге болады.
1 МДж алмасу қуатының құрамында шикі және қорытылатын протеиннің мөлшері
13,214,2% және 9,29,9%, шикі жасұнық 21,0%, май 0,3%, крахмал 12%, қант 8,58,6%,
қантпротеин арақатынасы 0,80,86 болуы дұрыс. 1кг құрғақ затта
2526 мг каротин, 0,430,57 мың Х.Ө Д дәрумені және 4044 мг Е
дәрумені болуы қажет. Етті бағыттағы бұқашықтарды қарқынды өсірген кезде 1300 г
қосымша салмақ алу үшін, 100 кг
тірілей салмаққа 2,682,41 кг құрғақ зат, 26,824 МДж алмасу қуаты
керек. 1 МДжға, шикі протеин 15,0 14,1 г, қорытылатын протеин
10,59,9 г, шикі жасұнық 20,620,1 г, май 0,30,4 г, крахмал
13,318,2 г болуы керек. Тәуліктік рационының 1 кг құрғақ затында
26,028,0 мг, 481517 мың Х.Ө. Д дәрумені, 45,146,4 мг Е дәрумені
болуы керек. Азықтандыру жағдайын жетілдіретін зерттеу орталықтарында тәжірибе өткізу
үшін бұқалардың өз өнімділіктерін салыстырмалы бағалау нәтижесінде 2 құрама жем
рационы жасалған, оларға мынадай шифры беріліп (К68189,
К68289) және өндіріске енгізілді. Құрама жемнің құнарлылығы
бағаланып, бұқалардың жасына байланысты азықтандыру мөлшері, рационның
құрылымындағы азықтың жеткілікті деңгейі анықталды. Етті бағыттағы бұқашықтарға
10001100 г тәуліктік қосымша салмақты қамтамасыз ететін, рационның
құрамында да: астық тұқымдас пішен, шөп ұны, жүгері сүрлемі, құрама жем, азықтық
сірнесі және ас тұзы бар. Осы рационның 1 кг құрғақ затындағы ал масу
қуатының құнарлылығы 9,810,0 МДж, шикі және қорытылатын протеин
14,114,7 және 9,610,2% шамада болуы керек. Рационның құрамында пішен
және шөп ұны 33,129,6%, жүгері сүрлемі 33,128,7, құрама жем
33,841,7, азықтық сірне 4,03,7% орын алады. Асыл тұқымды бұқалардың
рационы жасына қарай, өнімділік деңгейіне байланысты пішеннің бір бөлімінің
орнына, сүрлем мен сірненің көлемін ұлғайтады. 11001200 г тәуліктік қосымша
салмақты қамтамасыз ететін, етті бағыттағы асыл тұқымды бұқаларды
жемдісүрлемдіпішенді рационмен азықтандыру түрінің жаңа мөлшері
есебінен өңделген үлгісі 81-кестеде келтірілген. Тәулігіне 11001200 кг
қосымша салмақ қосатын бұқашықтардың қарқынды өсуі үшін рационының алмасу
қуатының құнарлылығы 10,210,4 МДжға тең, құрғақ заттағы шикі және
қорытылатын про теин деңгейін
15,415,8 және 10,510,8% сай болуы керек. 1 МДж алмасу қуаты үшін
10,410,6% қорытылатын протеин жұмсалуы керек. Етті бағыттағы асыл тұқымды
бұқалардың генетикалық әлеуетін көрсету үшін рацион құрамындағы азықтар
құнарлылығы (жас кезінде 910нан 1516 ай) болуы тиіс. Пішен және
шөп ұны 28,626,4%, жүгері сүрлемі 26,723,2, сірне 3,33,6%
құрайды. Асыл тұқымды бұқалар үшін жемдіпішендемелі пішенді рацион
түрі анықталып және өңделген: 40,550,2% құрама жем К60189
жас кезеңіне қарай: 910; 1112;1314;1516 ай 82-кестеде
көрсетілген. 11001300г тәуліктік қосымша салмақ беретін бұқалардың қарқынды
өсу рационының құрамында: құрама жем 50,2%, азықты бұршақ пішені 13,8,
пішендеме 16,6, жүгері сүрлемі – 14,6, сірне 4,8% болды. Рациондардың
түрі сүт өндірісінде қолданылатын аймақтарда мал шаруашылығы саласына, мал
азығын өндіретін шаруашылықтардың әр түрлі дамуына байланысты болады. Осы
жағдайларға қарай малды азықтандыру үшін топтастырады, топтық азықтандыру
енгізіледі. Азықтандыратын жеке тип құрған кезде рациондарын, олардың
құрамындағы азық мөлшері (нормасы) мен рационын малдың тірілей салмағына қарай
анықтайды. Көбінесе ірі қара мал азығын типтестіреді: пішенді, жемді,
сүрлем ді, сүрлемдіпішенді, сүрлемдітамыржемісті т.б. Жаз кезінде
– шөпті, шөптісүрлемді, шөптісүрлемді+жемді береді. Типтік
азықтандыруды көбінесе ауыл шаруашылығы жүйесіне, азық өндіру саласына және
шабындық пен жайылымның көлеміне байланыстырады. Азықтандыру үдерісін бағалаған
кезде малдың өнімділігін, құндылығын, өнімнің сапасын анықтайды. Азықтың
мөлшеріне қарай рацион құрылады. Рационның құрамындағы азықтар табиғи жағдай
бойынша сол аймақта өндірілген азықтар болуы керек, ол рацион типтескен деп
саналады. Типтескен рациондарды ғылымизерттеу мекемелері, шаруа
шылықтарға қолдану үшін ұсынылады, олар азықтарды зерттеп, жетіспеген заттармен
толықтыру туралы нұсқаулар береді. Мысалы, оңтүстікшығыс тау бөктеріндегі
аймақтағы сүт өндіру шаруашылықтарында сүрлемпішенділер жемді типтескен
рацион түрінде қолданады, оның құрамында пішеннің мөлшері өте аз. Барлық
қолданылатын рациондардың мақсаты мәні малды қоректі заттармен толықтырылған
мөлшер бойынша азықтандыру.