Факультатив: «IT технология»
Бұл бағдарлама 1512000 «Зоотехния» мамандығы бойынша Ақпараттық технологиялар негіздері пәнінен факультативтік сабақтарды оқытуға арналған. Алгоритмдерді құру қағидалары және алгоритмдік құрастырылымдар, құрылымдық бағдарламалау, веб-сайттарды жасауға арналған бағдарламалық қамсыздандыру, есептеуіш техниканы жөндеу және техникалық қызмет көрсету арқылы оқушылардың техникалық білімдерін және логикалық ойлау қабілетін дамытуға, шығармашылықпен жұмыс жасауға бағыттау.
Негізгі мақсаты:
Қазіргі заман талабына сай бәсекеге қабілетті, қарқынмен дамып келе жатқан қоғамда кәсіби маман болып қалыптасуына бағыт беру, компьютерлік технологияның мүмкіндіктерін өздерінің кәсіби дайындық деңгейіне еркін пайдалана білуге үйрету; нәтижелі жұмыс жасауға баулу; студенттерге білім алудың қарапайым түрлерін қолдана отырып,мәтіндік редакторда еркін жұмыс жасауды, таныстырылым жасаауды меңгеру,бейнемонтаж жасауды, есептеуіш техниканы жөндеу және техникалық қызмет көрсету арқылы техникалық, логикалық, шығармашылық қабілеттерін арттыру.
Негізгі міндеттер:
Бағдарламаны үйрету арқылы оқушылардың танымдық, біліктілік қабілеттерін дамыту;
Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, кәсіби бағдар беру.
Оқушылардың компьютерлік сауаттылығын дамыта отырып, кәсіби маман болып қалыптасуына ықпал жасау;
Алдыға қойылған мақсат нәтижеге бағытталуы қажет.