Кіріспе
Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің ауылшаруашылық бағытындағы оқу ұйымдары студенттеріне Зоогигиена пәнінен электрондық оқу әдістемесі .
Электрондық оқу әдістемесі
: 08410100
"Ветеринария" мамандығы бойынша оқитын студенттерге
арналған.
Ветеринарлық гигиена немесе зоогигиена (гректің
zoon –мал, ал hyginos –емдік, денсаулық жеткізуші –деген сөзінен алынған)-
малдарға тиімді күтіп бағу, азықтандыру және өсіру тәсілдерін қолдана отырып,
оның денсаулығын арттыруға, өнімін молайтуға тиісті жағдай туғызуға бағытталған
ғылыми сала.Зоогигиена ғылымының маңызын академик Скрябиннің мына сөзінен
түсінуге болады. Ол –«Мен еңбек жолын мал гигиенасынан бастадым, өзімді
зоогигиенист деп есептеп, оны ешқашан да тастамаймын. Әр жақсы маман
–зоогигиенаны білу керек, ал зоогигиенаны білмеген дәрігерді мал маманы деп
санамаймын»- дейді.
Бұл
ғылымның теориялық негізі болып тірі организмдер мен олардың өмір сүретін
ортасының диалектикалық байланысы жөніндегі ілім саналады.
Бұл
ғылыми ілімді ашқан К.Рульенің оқушысы Сеченов былай деп түсінік
берген:
«Бірде
бір тірі организм өзі тұрған ортадан жеке өмір сүре алмайды, одан дара өмір сүру
деген оның жүрмеуі, тыныс алмауы, азықтанып қозғалыста болмауы дегенмен пара
–пар»
Сондықтан
организм деген сөзді сыртқы ортадан бөліп қарауға болмайды.Осы ортаның
организмге тигізетін әсерлерін оқыта келе, ветеринарлық гигиена әр малдың жасын
түрін тұқымдық ерекшеліктерін ескере келіп оларға қалыпты жағдайлардың
көрсеткіштерін белгілеп берді.
Ветеринарлық
гигиена негізгі екі бөлімнен : жалпы және жекелеме гигиенадан тұрады.Жалпы
гигиена сыртқы ортаның (ауа, су, топырақ, азық, күн сәулесі т.б.) денеге тигізер
әсерлерінің заңдылығын көрсетсе, жекелеме гигиенада оларды әр малдың түрі жасы
тұқым ерекшеліктеріне байланыстыра отырып ғылыми түсінік
береді.
Ветеринарлық
гигиенаның теориясының негізіне сүйене отырып арнайы тәжірибелі іс әрекеттерін
көрсетіп беретін бөлігін ветеринарлық санитария деп атайды.Сондықтан санитария
–гигиеналық талаптарға сәйкестендіріліп қалыптандырылған көрсеткіштерді тәжірибе
жүзінде қолдану жүйелерінің жиынтығы.
Санитарлық
тәжірибе –мал денсаулығын сақтауға бағытталған, гигиена ережелеріне сәйкес
ұсыныстардың дер кезінде іске асуын қадағалап отыруға тиіс, яғни ветеринариялық
бақылау жүргізеді. Ветеринариялық гигиенаның мақсаты әртүрі саладағы ғылым мен
тәжірибенің негізінде өте күрделі жұмыстардың шешімдерін көрсету болып табылады,
атап айтқанда :
-
Сыртқы ортаның көрсеткіштерін (факторларын) денеге гигиеналық ережелермен
сәйкестендіру;
-
Малдарға арналған объектілердің жобалануына, салынуына және пайдалануына
ветеринарлық –санитарлық бақылау жасау;
-
Малдарға физиологиялық көрсеткіштеріне сәйкес қалыпты жағдай
туғызу
-
Малдарды гигиеналық –санитарлық ережелермен азықтандыру
-
Малдардың ауруға төзімділігін арттыру және мал өнімінің сапасын
жақсарту
-
Сыртқы қоршаған ортаның тазалығын сақтау
Ветеринарлық
гигиена пәнінің өзіне тән қоршаған ортаның факторларының әсерлерін анықтап
бағалауға арналған әдістеме тәсілдері болады.Олар санитарлық -гигиеналық
бағалау, клиникалық –физиологиялық бақылау, тәжірибелік (эксперимент) және
есептеу (статистикалық).
Әр
зерттеуге алынған объектілердің (ауа, су, топырақ, азық, қора) түріне қарап бұл
тәсілдерді тұтастай, немесе жекелеме түрде қолдануға болады. Бұл тәсілдердің
ішіндегі ең тиімді, қолайлы және жиі қолданатын түрі бірінші санитарлық -
гигиеналық зерттеу әдісі болып саналады. Бұл әдісті жан –жақты пайдалану арқылы
мал қораларының орналасу аймағына, жер орайы, су көздері, жайылым, қора серуен
алаңдарының жағдайларына санитарлық –гигиеналық бағалау жүргізіледі де оларға
санитарлық –гигиеналық шаралар белгіленеді. Бұл санитарлық –гигиеналық зерттеу
тәсілі бірнеше қосымша әдістерге сүйеніп жасалады. Ең бірінші –бағаланатын
объектіге сипаттау –анықтама жасалады. Мысалы, зерттелетін объектіні неден
салынған (тастан, кірпіштен, ағаштан, құйма) қандай жерге орналасқан (дөңес,
ойпан, тастақ, құмайт, сазды), қандай қашықтықта (ел мекенінен, су көздерінен,
жайылымнан, жол торабы, электр жүйелерінен), қай бағытта (ық жағы, жел жағы,
биікте ойда) жел өті мен күн бағытына қатынасы т.б. сипатталаып көрсетіледі.
Екіншіден – физикалық әдістерді (физикалық зерттеу құралдарын термометр,
гигрометр, люксметр) пайдалану арқылы бағалау жасалады. Үшіншіден–кейбір
объектілерге зерттеу жүргізгенде (ауаның судың азықтың химиялық құрамына)
химиялық әдістерді қолдану арқылы санитарлық –гигиеналық бағалау
жасалады.
Сол
сияқты жан –жақты күрделі зерттеу жүргізу кезінде бактериологиялық (бактерия
түрлерін, мөлшерін анықтау ), токсикологиялық (уландыру заттарды),
радиологиялық, гельминтологиялық (құрт жұмыртқалары т.б.) қосымша әдістерді
пайдаланып толықтай бағалайды.