№7 тақырып: Лептоспироз ауруын балау, дауалау және күресу шаралары.

Пән: Эпизоотология

№7 тақырып: Лептоспироз ауруын  балау, дауалау және күресу шаралары.

     Мақсаты:Лептоспироздың диагностикалық әдістерін және симптомдарын, эпизоотологиясын, этилогиясын оқу.

 

     Жоспар: 1 Лептоспироз анықтамасы.Ауру кезіндегі індеттік ерекшіліктері.

                     2.Клиникалықбелгілері,патологоанатомиялықөзгерістері,Иммунитет.

                     3.Алдын ала сақтау шаралары және күресу шаралары.

1.Лептоспироз – жабайы, үй жануарлардың және адамның жұқпалы табиғи – ошақты ауру, әлемнің әртүрлі ландшафты-географикалық аумақтарда кең тараған. Қоздырушысы – Leptospira туысының патогенді спирохеталар.

            Диагностика әдістері. Лептоспирозға балауды індеттанулық, клиникалық, патологоанатомиялық және зертханалық мәліметтер кешенінің негізінде қояды.

            Індеттанулық мәліметтерге сәйкес үй жануарлардың барлық түрлері (жиі шошқалар және ірі қара мал), кез келген жаста ауырады, бірақ төлдер бейімдірек келеді және ересектерге қарағанда ауру қиын өтеді. Ауру қоздырушының басталуы 2 топқа бөледі. Біріншіге табиғатта қоздырушының иелерін қызмет атқаратын кеміргіштер және жәндіктер; екіншіге үй жануарлар (шошқалар, ұсақ және ірі қара мал, жылқылар, иттер), сонымен бірге антропургиялық (ауыл шаруашылық) ошақтарды құрайтын торшалы ұстауда бағалы терілі аңдар жатқызады.

            Аурудың негізгі клиникалық белгілер: дене температураның жоғарлауы, әлсіздік, кілегей қабықшаның сарғаюы, тері некрозы, жүрек-тамыр жүйенің, қарын-ішек жолының бұзылуы, буаз жануарларда – іш тастау. Жануарларда ауру жіті, жітіден төмен, созылмалы болып өтеді.

            Патологоанатомиялық зерттеулерде  анемияны немесе сары ауруды, геморрагиялық диатезды, кілегей қабықшаның немесе терінің некрозы, паренхиматозды мүшелерде дистрофиялық және қабынған өзгерістерді табады. Бауыр үлкейген, қызылдан сары түсті, серпінді, босанған және сынғыш консистенциямен. Өт қабы созылған және қоңыр жасыл түсті қою өтпен толған. Бүйрек үлкейген, босанған. Қабықты және милық қабаттардың шекаралары тегістелген.

            Диагностиканың зертханалық әдістерге серологиялық, бактериологиялық және гистологиялық зерттеулер кіреді. Зертханаға қанды, несепті, мүшелер және ұлпаларды, сонымен бірге ұсақ малдың өлекселерді жібереді.

            Серологиялық әдіс микроагглютинация реакциямен (МАР) және иммуноадсорбция реакциямен (ИАР) жануар қанында арнайы антиденелердің табылуына негізделген. Серологиялық зерттеулердің нәтижесінде лептоспирозға балау қойылған болып саналады, егер МАР бір ретті зерттеуде 1:100 титрде вакцинирленген және 1:50 және одан жоғары 25% вакцинацияланбаған жануарлардың қан сарысуында арнайы антиденелерді тапса. Іш тасталған төлдің қан сарысуында антиденелер табылса, лептоспироз іш тастаудың себебі болып саналады. Антиденелердің жоғары титрінде (1:2500 және одан жоғары) іш тасталған жануарлардың топтарында және төмен титрінде (1:500) және теріс реакцияда клиникалық сау жануарлардың топтарында ауру болады

            Бактериологиялық әдіс бастапқы материалда темнопольды микроскопия жолымен және иммунофлюоресцентті әдіспен, арнайы орталарда таза өсіндінің бөлінуімен, оның идентификациямен және дифференциациямен, зертханалық жануарларға биосынамамен лептоспираларды табылуына негізделген.

            Егістерді 20...280С-та 3 ай ішінде өсіреді. Кейде лептоспираларды орталарда 3...5-ші тәулікте немесе 1...2 айдан кейін және өте сирек – 2...3 ай өсіруден кейін табады.

            Лептоспира изоляттың серонұсқаның түрін ИАР-да оқиды: бірінші серотоптың түрін қояды, ал сосын қиылысқан МАР көмегімен осы серотоптың құрамына кіретін барлық штамм-эталонмен әр зерттелген штаммның антигендік туыстықтың дәрежесін анықтайды. Лептоспира өсіндінің серотоптың немесе серонұсқаның түрін моноклональды антиденелердің көмегімен анықтауға болады.   

            Дауалау және сауықтыру шаралар. Өз уақытында лептоспирозды анықтау үшін жануар қан сарысуын зерттейді: асыл тұқымды шаруашылықта – барлық өндіріс-еркектерді жылына екі рет; шошқа, ірі қара және ұсақ мал, жылқыларды – асыл тұқымды және пайдалану мақсатымен (бордақылау топтан басқа) әкелу (әкету) алдында; лептоспирозға күмәнді барлық жағдайларда.

            Шаруашылыққа ауруды әкелмеу үшін:

            жануарлардың клиникалық жағдайды, іш тастау санын бақылау және зертханалық талдауға лептоспирозға күмәндағанда материалды жіберу;

             1:25 сарысудың сұйылтуда МАР-да лептоспирозға 30 күндік шектеу кезінде шаруашылыққа түскен барлық жануарларды зерттеу (асыл тұқымды мақсатпен шаруашылыққа егілген шошқаларды – серологиялық зерттеудің нәтижесіне тәуелді емес несеп микроскопиясы жолымен);

              лептоспироздың табиғи ошақ территорияда вакцинацияланбаған жануарларды  бақпау;

            жануар өсіру қораларда, ферма территорияда және азық сақтау жерлерде кеміргіштерді жүйелеу өлтіру.

            Лептоспирозға зерттелмеген клиникалық сау жануарлармен бордақы шаруашылықты құруға рұқсат етіледі, бірақ шектеу кезінде лептоспирозға қарсы олардың міндетті вакцинациямен.

            Лептоспирозға балау қойғанда шаруашылыққа шектеу енгізеді және сауықтыру шаралар жоспарда жануарлардың диагностикалық зерттеулер, малдәрігерлік-санитарлық және ұйымдасқан-шаруашылықтық шаралар өткізеді.

            Ауру және ауруға күмәнді жануарлардың клиникалық қараудан кейін оқшаулайды, сарысумен және оларды қолдану нұсқауларда көрсеткен антибиотиктермен емдейді.

            Ондай жануарлардың союы қасапханада өткізуге рұқсат етілген. Сойғаннан кейін қораны және құрал-жабдықтарды дезинфекциялайды. Егер лептоспироз қойылса және бұшықеттің дегенеративті өзгерістер немесе 2 тәулік ішінде жоғалмайтын олардың сары түске боялуы табылса, ұшаны және ішкі мүшелерді утилизацияға жібереді. Бұлшықетте дегенеративті өзгерістер болмаса, бірақ 2 тәулік ішінде жоғалған сары түске боялуы, сонымен бірге патологоанатомиялық өзгеріссіз ішкі мүшелерді пісіруден кейін өткізеді. Ішекті және патологиялық өзгерген мүшелер утилизацияға жібереді.

            Лептоспирозға серологиялық зерттеулердің оң нәтижемен  сойған жануардан алынған ұшалар және басқа өнімдер, бірақ клиникалық белгілерсіз немесе мүшелер мен бұлшықет ұлпада патологоанатомиялық өзгеріссіз шектеусіз өткізеді.

            Лептоспирозға бейімді клиникалық сау жануарлардың барлық түрлерін және жастық топтарды вакцинациялайды. Емдеген жануарларды ауырып жазылғаннан 5...7 күннен кейін вакцинациялайды.

            Барлық бордақы шаруашылықтың жануарларды бордақылайды және союға тапсырады.  Өндіріске сақтау керек аналық мал санын, өндіріс-еркектерді және төлдерді вакцинациядан кейін лептоспироцидтті препаратпен өңдейді және дезинфекция жасаған қораға қояды.

            Лептоспироздан таза емес шаруашылықта шектеуді келесі тәртібімен алады:

            бордақылау шаруашылықта – союға малдарды тапсырғаннан кейін және қорытынды малдәрігерлік-санитарлық шаралардан кейін;

            асыл тұқымды және қолданылатын шаруашылықта – зертханалық әдістердің көмегімен олардың лептоспироздан таза қойғаннан кейін;

            бұрын таза емес шаруашылықта шектеуді алғаннан 6 ай өткеннен кейін лептоспирозға жануарларды қайтадан зерттейді;

            барлық жануарлардың зерттеудің теріс нәтижелерді алғаннан кейін шаруашылық лептоспироздан таза болып саналады.

            Тек лептоспироздан таза шаруашылықтан асыл тұқымды және қолданылу мақсатпен жануарларды әкетуге рұқсат етіледі.

            Сатуға арналған жануарларды шектеуде ұстайды және қан сарысуын МАР-да зерттейді, несепте лептоспираның болуына шошқада зерттейді. Жеке жануарда қанда антидененің немесе несепте лептоспираның бөлінуімен барлық топты шаруашылықта қалдырады және лептоспироздан шаруашылықтың тазалығын шешу үшін диагностиканың қосымша әдістерді қолданады.

            Арнайы дауалауға қолданады: поливалентті вакцина ВГНКИ және жануар лептоспирозға қарсы концентрленген вакцина; лептоспирозға қарсы және шошқа парвовирус инфекцияға қарсы ассоциирленген вакцина;  лептоспирозға қарсы және ірі қара мал эмфизематозды карбункулға қарсы ассоциирленген вакцина; лептоспирозға қарсы және ірі қара мал кампилобактериозға қарсы ассоциирленген вакцина; иттің лептоспирозға қарсы вакцина; лептоспирозға қарсы инактивтелген сұйық вакцина; ет қоректілер обаға, инфекционды гепатитке, аденовирозға, парвовирусты энтеритке және ит лептоспирозға қарсы вакцина.

Барлық жағдайда вакцина түрі шаруашылықтың індеттік жағдайға байланысты. Лептоспироздан таза емес шаруашылықтың бейімді жануарларды; лептоспирозға тексерусіз малдарды құрайтын бордақы шаруашылықта; лептоспироздың табиғи ошақ аумағында жануар жайылымда; қансарысу МАР-ға әсер ететін жануарды шаруашылықта бөлгенде; мал шаруашылық жайылым аудандарда вакцинациялайды.

Бақылау сұрақтары.

  1. Лептоспироз ауруына сипаттама беріңіз?
  2. Лептоспироз ауруына қоздырғышын атаңыз?
  3. Лептоспироз ауруына негізгі клиникалық белгілерін атаңыз?
  4. Ауру қандай жолдар механизмі арқылы жұғады?
  5. Ауру қандай формада өтеді?
  6. Лептоспироз ауруын қандай аурулардан ажырату қажет?
  7. Лептоспироз ауруының  патогенезі қандай?

Әдебиет:

 1.Конопаткин А.А.Эпизоотология и инфекционные болезни животных.М.:Колос,1984.-стр 172-180.