УЧРЕЖДЕНИЕ "КОЛЛЕДЖ АГРОБИЗНЕСА И ЭКОНОМИКИ КАЗПОТРЕБСОЮЗА"
РУС КАЗ

15 наурыз – «Жайлау күні»

Кең-байтақ атамекенде еркін өмір сүрген көшпелі бабаларымыз қашанда табиғатпен тығыз байланыста болған. Реніштерін кешіріп, бір-біріне қонаққа, серуенге, қыдыруға шақырады. Сондай-ақ, елдімекен аумағын көркейту-көгалдандыру үшін жалпыхалықтық сенбіліктер өткізіледі. Ал қоршаған орта үшін тазалық қашанда бірінші орында тұрады. «Бір тал кессең, он тал ек», «Атаңнан мал қалғанша тал қалсын» деген қанатты сөздерге қарап көшет отырғызудың, айналамызды көгалдандырудың қаншалықты маңызды екенін аңғаруға болады.

Бұл күнде колледжіміздің студенттері қоршаған ортаны тазалау, тал егу, мекемелерді қардан, қоқыстан тазарту жұмыстарын жүргізді.

 15 марта 2022