ҚР Тұңғыш Президенті күні және ҚР Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай "Shyndyk'' дебат клубы «Елімнің бақытын тербеткен - Тәуелсіздік» атты пікірсайыс өтті.
Пікірсайыста студенттер 2 командаға бөлінді. Пікірсайыс еліміздің Тәуелсіздік алғаннан кейінгі дамуы мен жетістіктерін қарастырды. "Ұшқын" командасы " еліміздің Тәуелсіздіктен кейін даму қарқыны төмен" деген позицияны қолдаса, "Конгресс" командасы "еліміз Тәуелсіздігімізді алғаннан кейін біршама даму үстінде, еліміз көптеген жетістіктерге жетті" деген позицияны қолдады. Екі команда қарама-қарсы ойларымен ойларымен бөлісіп, факт-дәлелдемелер келтірді.
"Ұшқын" командасы өздерінің ұшқырлықтарымен, қарсыластарына жылдам әрі тез жауап қайтарып, өз позицияларын жақсы қорғағандарымен көзге түсті. "Конгресс" командасы еліміздің жетістіктерін айқындап, нақты дәлелдерін көрсетіп, тек дәлелмен қоғағандары үшін жетістікке жетіп, төрешілердің қорытындылауымен "Конгресс" командасы 1 орынды иеленді.
Төрешілер қорытындылай келе, өз ескертулері мен пікірсайыстың өтуіне өз бағаларын берді.