"Бейбітшілік пен келісімнің 30 жылы” тақырыбында тәрбие сағаты
ҚР Тұңғыш Президенті күні және Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай “Бейбітшілік пен келісімнің 30 жылы” тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Тәрбие сағатының мақсаты- болашақ жас ұрпақтың өз еліне деген мақтанышы арқылы қазақстандық патриотизмге, белсенді өмірлік ұстанымына тәрбиелеу, студенттердің бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейтіп, ортақ отанымызда тұратын түрлі ұлттарға құрмет көрсетуге , қоғамда достық қарым-қатынас пен келісімді сақтауға баулу. Желтоқсан көтерілісінің сипатын насихаттай отырып, Желтоқсан құрбандарын мәңгі есте сақтау. Жас ұрпақ бойына еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыру. Өз елін,жерін қорғайтын ұрпақ тәрбиелеу.
әуелсіздік бастауы-ызғарлы Желтоқсан оқиғасы екенін жете түсіну. Қазақстан халқы Ассамблеясының, Елбасының ұстанымы – елдің ынтымағы, қоғамның бірлігі.Тыныштықты ту еткен халықтың бірлігі мызғымайды. Ол бірлікті бір ұяда қанаты қатайған балапандай болған, тонның ішкі астарындай бір-біріне етене жақын, ауыр кезеңдерді басынан бірге өткізген ата-бабаларымыздан үлгі алған ұрпақ қана сақтайды.
Қазақстан халықтарының достықты ту етіп, бірлікті жыр еткен мызғымас татулығы мәңгілік жасай
берсін!